Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып

Күні

Пәні

Информатика

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Сабақтың мақсатты : Оқушыларды Windows операциялық жүйесімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
- Windows - та жұмысты бастау және аяқтау тәсілдерін үйрету;
- Windows - тің объектілері мен басқару элементтерін таныстыру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар операциялық жүйемен жұмыс жасауға үйренеді. Оның компьютерде атқаратын қызметімен танысады.
Тапсырмалар
1. Ыстық орындық
2. Джигсо әдісі
3. Жұптық әңгіме
4. Сұрақтар шеңбері
Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, оқушыларды тексеру.
Тақтаға әр түрлі түсте 3 жұлдызша беріледі. Оқушылар жұлдызшаны таңдайды.

Бағалау критерийлерімен таныстыру
Топ басшысына топ мүшелерін бағалау үшін бағалау парағы беріледі.
ІI. Үй тапсырмасын сұрау
«Ыстық орындық» әдісі
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында ортаға бір оқушы шығады. Қалған оқушылар ортаға шыққан оқушыға өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды.
ІІI. Жаңа сабақ
Мұғалім жаңа сабақ бойынша қысқаша түсінік береді.
1 - тапсырма
Джигсо әдісі
Әр топқа әр түрлі тақырыпта тапсырма беріледі.
1 топ Жұмыс үстелімен таныстыру
2 топ Есептер тақтасы
3 топ Терезелер
Оқушылар өздеріне берілген тақырып бойынша постер дайындап, басқа топ оқушыларына түсіндіреді.
2 - тапсырма
Жұптық әңгіме (компьютердегі тәжірибелік жұмыс)

А - деңгей
В - деңгей

С- деңгей

3 - тапсырма

Сұрақтар шеңбері
Оқушылар ортаға шеңбер құрып, жиналады. Бір - біріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақ қояды.
Мұғалім оқушылардың қойған сұрақтары мен берген жауаптарын тексеріп, бақылап отырады.
Кері байланыс
Оқушыларға мұғалімге кері байланыс жасау мақсатында парақшалар таратылады.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын білдіреді.
Бағалау
Топ басшысы әр топ мүшесінің бағасын бағалау парақшасы арқылы таныстырады.
Сол арқылы мұғалім жиынтық бағасын қояды.
Үйге тапсырма §9, §10» тақырыпты оқу 73,80 беттердегі түйінді көшіріп жазу. 83 бет тест жұмысы

© 2010-2022