Урок по информатике на тему

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспарлау

Пәні: информатика

сабақ: № 9

Мұғалімі: Тахаева Нұргүл Сағадатқызы

Оқушылардың жасы: 10-11

( 5 сынып)

Сабақтың атауы

Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.

Сілтеме

Информатика 5 сынып (Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов), әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, Информатика негіздері журналы, интернет материалдары

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ОЖ - ні басқарудың негізгі тәсілдерін түсіндіру

Сабақтың міндеттері

- объектілермен жұмыс жасай білуге үйрету

- есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету

- теориялық білімін практикамен ұштастыру

Оқыту нәтижесі

- объектілермен жұмыс жасай білуді үйренеді

- есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануды үйренеді

- теориялық білімін практикамен ұштасады

Негізгі идеялар

  • Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, білім деңгейлерін көтеру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Өзіне сын көзбен қарай білуге, ұжыммен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:

топтық жұмыс, Попс формуласы, деңгейлік тапсырма, тест сұрақтары, "Ыстық орындық" әдісі, "шаршылар" әдісі

Көрнекіліктер

  • слайд, компьютер, постер, үлестірмелі парақша, стикер

Тапсырмалар


1-тапсырма: "Серпілген сауал" - өтілген тақырыптың түсіну және есте қалу деңгейін арттыру

2-тапсырма: Жаңа тақырып - «ПОПС» формуласын пайдалану арқылы жаңа тақырыпты талдайды

3-тапсырма: " Компьютерде тәжірибелік жұмыс "деңгейлік тапсырма

Сергіту "Сөзжұмбақ"

Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді?

4-тапсырма: «Ыстық орындық» әдісі.

- алған білімдерін жүйелеу

5-тапсырма: . «Ағымдағы тест сұрақтары» әдісі. /онлайн-тест/

6-тапсырма - Рефлексия

"Шаршылар"әдісі арқылы кері байланыс орнатылады

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

3 минут








5 минут



















10 минут













10 минут



































3 минут









5 минут





5 минут


2 минут






2 минут

І. Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын құру үшін - "Бірлік" жаттығуы орындалады.

- топ оқушылары бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсаты: топ оқушылардің барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Жаттығу топ оқушыларының біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады. Жаттығу кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.

ІІ. Серпілген сауал

- өтілген тақырыптың түсіну және есте қалу деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы топ оқушыларына үлестірмелі қағазбен бақылау сұрақтары таратылады.

  • Жұмыс үстелі деген не?

  • Әдетте Жұмыс үстелінде қандай элементтер орналасады?

  • Есептер тақтасы қайда орналасқан?

  • Есептер тақтасының қызметі не?

  • Бастау батырмасы не үшін не керек?

  • Бас мәзір қайда орналасқан?

  • Бас мәзірде қандай бұйрықтар орналасқан?

  • Тілдер тақтасы не үшін керек?

  • Тіздер тақтасындағы тілдерді өзгертуге (қосуға және алып тастауға) болаады?

Тапсырмаларға жауап беру барысында мынандай сұрақтар қойылады

- ... жауабы туралы не ойлайсын?

- ... жауабын кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?

- ..., естігеніңнің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?

ІІІ. Жаңа тақырып

Әр топ жаңа тақырыпты оқып, тақырып туралы өз ойларыңызды жүйелі жеткізіп, пікір айтып, білетіндерімен ұштастырады. «ПОПС» формуласын пайдалану арқылы талдайды. Әр топ бір-бірін тыңдап отырып, жауаптарын қайталамауы тиіс.

«ПОПС» формуласы

  1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

  2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

  3. Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

  4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

IV. Компьютердегі деңгейлік тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

1. Компьютер нысанының терезесін ашыңдар.

2. Терезенің мөлшерін айналдыру айналдыру жолақтары көрінетіндей етіп өзгертіңдер. Айналдыру жолақтарымен жұмыс істеп машықтаныңдар. Терезенің оңтайлы (өз қалауларыңмен) мөлшерін таңдаңдар.

3. Терезенің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар.

4. Әртүрлі белгішелерді таңдаңдар.

5. Терезедегі белгілердің орнын жылжыту арқылы өзгертіңдер.

6. Анықтама терезесін шақырыңдар.

7. Есептер тақтасын пайдаланып, ашық терезелердің бірінен екіншісіне ауысыңдар.

8. Пернетақтаны пайдаланып, терезелерді жабыңдар.

В деңгейі

1. Компьютер терезесін ашыңдар.

2. Paint графикалық ред. прогр. іске қосыңдар.

3. Дөңгелектің суретін салыңдар.

4. Екі терезенің екеуі де толық көрінетіндей етіп орналастырыңдар.

5. Екі терезені де жиырыңдар.

6. Терезелердің 1-нен 2-не пернетақтаның көмегімен ауысыңдар.

7. Компьютер т-де белгішелердің түрлерін әртүрлі тәсілмен өзгертіңдер

8. Графикалық редакторды жабыңдар.

9. Жұмыстарыңды сақтаңдар.

С деңгейі

1. Компьютер терезесін ашыңдар. Терезені кейін оның негізгі элементтерінің атын жаза алатындай етіп орналастырыңдар.

2. Print Screen пернесімен компьютер экранының фотосын жасаңдар

3. Графикалық редакторды ашыңдар.

4. Кірістіру бұйрығын таңдаңдар.Граф. ред-да экранның бейнесін алыңдар

5. Алынған суреттегі негізгі нысандардың аттарын жазып шығыңдар.

6. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіп, оны Құжаттар бумасында өз тектеріңді көрсетіп сақтаңдар.

Сергіту

"Сөзжұмбақ" Тақтаға мынандай сөздер жазылады: "Бірлік, бекінген, күш, төртгүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған"

Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді?

Жауабы:Келтірілген сөздердің барлығында сан есімдер жасырылған: "Бірлік, бекінген, күш, төртгүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған"

V. «Ыстық орындық» әдісі.

Мақсаты: алған білімдерін жүйелеу.

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береуін ұсынамын

VІ. «Ағымдағы тест сұрақтары» әдісі. /онлайн-тест/

Бағалау. Кейінгі оқу:

- §10. Терезелер

- Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

- Нысандарды басқаратын командаларды қоспернелермен орындауға жаттығу

VІІ. Рефлексия

Шаршылар - 

Сабақ аяқталғаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады.

Егер сабақ түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінген болса - сарымен, тақырыпты толық 100 пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.



© 2010-2022