Сайыс сабақ жоспарыы (Информатика әлемі)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Информатика әлемі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың информатикадан алған білімдерін жетілдіру, толықтыру;

Дамытушылық:Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, пәнге деген қызығушылығын ояту;

Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжымдасып жұмыс жасай білуге баулу.

Сабақтың барысы:

1.Таныстыру

2. Әр сұраққа - бір жауап

3. Ақпаратты сәйкестіру

4. Ғажайып алаң

5. Сиқырлы қалам

6. Топ жетекшілер сайысы

Құрметті оқушылар, ұстаздар, 7сыныптар арасында өткізгелі отырған «Информатика әлемі» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Елбасының 2030 жолдауы - егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер деп білемін. Қазақстан болашағы - білімді ұрпағында. Ендеше, сендер болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырсыңдар. Сол еңбектеріңді, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдеріңді ұшқыр ойларыңмен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға саласыңдар.

Қазіргі заман компьютерлік сауаттылықты талап етеді. Сондықтанда іргетасымызды осы бастан берік қалағанымыз дұрыс болар. Ендеше «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзді есімізге берік ұстанып, сайысымызды бастайық.

Сайысқа екі топ қатысады.

Бірінші топтың аты «интернет», екінші топ «компьютер» деп аталады.

Сайысқа дайын болсаңдар сайыс кезеңдерін бастаймыз:

1.Таныстыру

Алдағы біз баратын бағыт анық,

Озат жан екеніңді тағы таныт,

Информатика әлеміне аяқ басып,

Компьютер тілінде біз жарысалық. Топтар өздерін таныстырады.

2. Әр сұраққа - бір жауап

Информатика пәнінің бұл сұрағы,

Білгір шәкірт алға озып шығады.

Дұрыс жауап нақты тауып айтсаңыз,

Жанғаны онда тобыңыздың шырағы - деп, төмендегі сұрақтарға шапшаң, дұрыс жауап беру сұралады.

Сұрақтар:

Өшіру пернелері (Bасkspace, Delete)

Қосымша пернетақтаны қосатын перне ? (Num Lock).

Ең бірінші перне ? (Esc).

Еңгізу командасын аяқтайтын перне? (Enter).

Бас әріппен жазуды бастайтын перне ? (Shift)

  1. Компьютердің миы (процессор)

  2. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)

  3. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  4. Зиянкесті программа (вирус)

  5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (монитор)

  6. Көп пернелі құрылғы (пернетақта)

  7. Сырдқы жад (диск)

  8. Компьютер бұл мамансыз жұмыс істемейді (программист)

  9. Сандер мен әріптерді енгізу құрылғысы (пернетақта)

  10. Ақпараттың сандық көшірмесін шығаратын құрылғы? (сканер)

  11. Сурет салуға арналған программа? (Paint)

  12. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

  13. Принтердің неше түрі бар? (3)

  14. Мәтінді жою пернелері (Delete, Backspace)

3. «Ақпаратты сәйкестіру»

Білімдіден шығады алғыр, шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы,

Қалмасын бұл жарыста сенің есең.

Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарсада)

  1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні-жау алмайды)

  1. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

(Күлсең кәріге күл)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

4. Ғажайып алаң

Мәңгілікке есте қалар,

Қызықты бұл жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын дегендей,төмендегі ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз.

ЭЕМ - нің даму тарихы

10. Арифмометр қай жылы құрастырылды? (1694 ж)

20. ЕТ - нің қарқынды дамуы қай ғасырда басталды? (ХІХ ғасыр)

30. Алғашқы есептеу құралы (саусақ)

Терезелер

10. Басқару батырмалары не үшін керек? (жималау, жаймалау, жабу)

20. Айналдыру жолағы не үшін керек? (терезенің төменгі, жоғарғы шегіне өту үшін)

30. Қапшыққа өту батырмасын көрсет (переход батырмасы)

Объектілермен жұмыс

10. Жаңа қапшық құру командасы (Жанама меню Создать Папку)

20. Қапшықтардың компьютерде белгілі бір тәртіппен орналасуы (Иерархия)

30. "+" таңба нені білдіреді? (қапшықтың бос еместігін)

5. Сиқырлы қалам Жұмбақтардың шешуін тауып, суретін салу

1. Көзіменен көрсетеді,

Сөйлемей - ақ айтар бәрін,

Алдына оның келсе теңі ( монитор)

2. Білмейсің өлі, тірісін,

Қолыңа алсаң әпсәтте,

Бітер жылдам бар ісің. ( тышқан)

6. Топ жетекшілер сайысы. Екілік санау жүйесіндегі сандар берілген, оны он алтылық санау жүйесіне ауыстырыңыз. Шыққан санды кодтау арқылы берілген сөзді табыңыз.

10001000

10001101

10010100


10001110


10010000


10001100


10000000


10010010


10001000


10001010


10000000


88

94

90

80

92

88

80

и

н

ф

о

р

м

а

т

и

к

а

Қорытынды: Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі. Жеңген топты марапаттау.

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№9 орта мектеп

Информатика пәні мұғалімі Сабиева Маржан

© 2010-2022