Қапшықтармен және файлдармен тиімді жұмыс істеу. Объектілердің орнын ауыстыру және көшірмелеу

Раздел Информатика
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

. Қапшықтармен және файлдармен тиімді жұмыс істеу. Объектілердің орнын ауыстыру және көшірмелеу

1. Файл - бұл ....

a) операциялық жүйе жүктелетін дискідегі жүйелік аймақ.

b) дискідегі немесе басқа ақпарат тасуыштағы атау берілген аймақ.

c) пайдаланушы пайдаланбайтын дискінің немесе басқа машиналық тасуыштың бөлігі.

d) ақпараттың кез келген типі сақталатын дискінің немесе басқа машиналық тасуыштың бөлігі.

2. Қапшық - бұл ….

a) пайдаланушының графикалық интерфейстеріндегі бағдарламалар мен файлдарға арналған контейнер.

b) каталогтар ағашы.

c) аласталған файлдар мен қапшықтарды орналастыруға арналған контейнер.

d) файлдар диспетчері.

3. Жарлық - бұл …

a) файлдардың иерархиялық құрылымын бейнелейтін бағдарлама.

b) компьютерде немесе желіде қатынауға болатын кез келген элементке сілтеме.

c) «Сілтеуіш» терезесіндегі файлдардың ұсынылу формасын басқаратын меню командасы.

d) бірден бірнеше файлды немесе қапшықты көшірмелеуге мүмкіндік беретін бағдарлама.

4. Windows ОЖ-сінде файлдың қандай атауы рұқсат етілген?

  1. Файл атауында символдар саны шектеусіз файлдың кез келген атауы

  2. Тек латын әріптерімен ғана берілген файлдың кез келген атауы

  3. Файл атауында 255 символдан аспайтын файлдың кез келген атауы

  4. Файл атауында 255 символдан асатын файлдың кез келген атауы

5. Файлдар атауының ұзындығы қандай бола алады?

а) Бос орынды қамти отырып, 1 ден 255 символға дейін

b) 2ден 187 символға дейін

d) 3тен кем емес символ

д) Символдардың саны шектелмеген.

6. Файлдардың атауында мынадай символдарды: $ # & @ ! % ( ) { } пайдалануға бола ма?

a) Тек қана мыналарды: & @ ! %

b) Иә

c) Тек қана мыналарды: ! % ( ) { }

d) тек қана мыналарды: $ # &

7. Файлдардың атауында мынадай символдарды: \ / : * ? " < > ! в пайдалануға бола ма?

а) Иә

b) Тек қана мыналарды: \ / :

c) Жоқ

d) Мынадан басқасының бәрін: ?

8. Бір каталогте атаулары бірдей файлдардың болуына рұқсат па?

а) Ішкі каталогтері жоқ қапшықта рұқсат.

b) Жоқ;

c) Иә, егерде оларды әзірлеу уақыты сәйкес келсе;

d) Иә, егерде кеңеюі сәйкес келса.

9. Каталог - бұл ...

а) бұл қоржынға орналастырылған файл.

б) бұл операциялық жүйе жүктелетін дискідегі жүйелік аймақ.

г) бұл MS-DOS операциялық жүйесін іске қосатын бағдарлама.

д) бұл файлдардың атауы, файлдардың мөлшері туралы мәлімет және т.б. сақталатын дискідегі арнаулы орын.

10. Қазіргі мезетте пайдаланушы жұмыс істейтін каталог ... деп аталады.

a) түпкі

b) ағымдағы

c) негізгі

d) аласталған







11. Компьютерде файлдардың, қапшықтар мен дискілердің иерархиялық құрылымын ... бейнелейді.

а) Сілтеуіш (Проводник)

b) Каталог

c) Тапсырмалар тақтасы (Панел задач)

d) Жұмыс үстелі (Рабочий стол)

12. Сілтеуіш ... үшін қызмет етеді.

a) тек қана дискілермен жұмыс істеу үшін және файлдарды жою

b) тек қана файлдар мен қапшықтардың атауын өзгерту

c) тек қана файлдар мен қапшықтарды іздестіру

d) файлдар мен қапшықтарды көшірмелеу, орнын ауыстыру, атауын өзгерту және іздестіру

13. Дұрыс ұйғарымды таңдаңдар.

  1. Кез келген қапшықтың немесе файлдың атауын өзгерту мүмкін болады.

  2. Жұмыс үстелінде (Рабочем столе) тұрған қапшықтың атауын өзгерту мүмкін болады.

  3. Жүйелік қапшықтардың («Documents and Settings», «Windows» немесе «System32») атауын өзгертуге болмайды.

  4. Жұмыс үстелінде (Рабочем столе) тұрған қапшықтың атауын өзгертуге болмайды.

14. Жаңа қапшықты әзірлеудің дұрыс тізбегі атап көрсетіңдер:

  1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін ашу - Файл - Әзірлеу (Файл - Создать) командасын таңдау керек.

  2. Бас менюді (Главное меню) ашу - Бағдарламалар - Әзірлеу (Программы - Создать) командасын таңдау керек.

  3. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін ашу - Файл - Әзірлеу (Файл - Создать) командасын таңдау керек

15. Файлдың көшірмесін басқа атаумен немесе басқа орында сақтау үшін қандай командаларды таңдау керек?

a) Ағымдағы бағдарламаның Түзету менюі (Меню Правка) - Көшірмелеу командаларын

b) Ағымдағы бағдарламаның Файл менюі (Меню Файл) - Сақтау командаларын

c) Ағымдағы бағдарламаның Қызмет менюі (Меню Сервис) - Автоалмастыру командаларын

d) Ағымдағы бағдарламаның Файл менюі (Меню Файл) - Қалай сақтау керек... командаларын

16. Керек емес файлды немесе қапшықты қандай командамен алып тастауға болады?

a) Кірістіру командасымен

b) Көшірмелеу командасымен

c) Аластау командасымен

d) Қалпына келтіру командасымен

17. Аласталған объектілер уақытша тап болатын қапшық қалай аталады ?

  1. Портфель деп

  2. Менің құжаттарым (Мои документы) деп

  3. Қоржын (Корзина) деп

  4. Блокнот деп

18. Жұмыс үстелінен Жарлықты аластау келесі әрекетті тудырады.

a) Сенің компьютеріңнің қатқыл дискісінен таңбаша жойылады.

b) Қатқыл дискіден Жарлық жойылады да оған сәйкес бағдарламалар, қапшықтар немесе файлдар жойылады.

c) Қатқыл дискіден сәйкес бағдарламалардың, қапшықтардың немесе файлдардың жарлығы, сондай-ақ басқа бағдарламалардың бәрі жойылады.

d) Жұмыс үстелінен тек жарлық қана алынып тасталынады.

19. Сенің компьютеріңнен файлды қандай тәсілдермен жоюға болады?

a) Сол файлды Қоржын (Корзина) таңбашасына тасу; пернесін немесе + пернелер қисынын басу; файлдың атауын маустың оңжақ батырмасымен шерте отырып, Жою (Удалить) пунктін таңдау арқылы

b) Тек файлдың атауын шерте отырып жалғастыра пернесін немесе + пернелер қисынын басу арқылы

c) Тек файлдың атауын маустың оңжақ батырмасымен шерте отырып Жою (Удалить) пунктін таңдау арқылы

d) Сол файлды Қоржын (Корзина) таңбашасына тек қана тасу арқылы

20. Желілік немесе иілгіш дискіден аласталған элементтер Қоржынға түсе ме?

a) Иә

b) Тек атауын өзгерткеннен кейін ғана .

c) Жоқ.

d) Тек бірден қоржынға тасығаннан кейін ғана түседі.

21. Файлдар мен қапшықтар қоржында қанша уақыт тұра алады?

a) 1 күн

b) Апта

c) Пайдаланушы оларды өзі жойғанша

d) Жарты жыл тұра алады.

22. Қоржыннан қайта қалпына келтірілген файл қайда орналасатын болады?

а) Жұмыс үстелінде (Рабочий стол)

б) Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығында

в) Түпкі каталогте

г) Бастапқы тұрған орнында орналасатын болады.

23. Файлдарды Қоржынға аластаған кезде не болады?

  1. Файлдар дискіден өшіріледі, ал қоржында олардың тек қана тізімі сақталады.

  2. Файлдар дискіден жойылмайды, олар Қоржын қапшығында сақталады, бірақ олар бұрын тұрған қапшықта енді жоқ болады.

  3. Файлдар дискіден жойылмайды, олар бұрын тұрған сол қапшықта сақталады.

  4. Файлдар дискіден қайтымсыз жойылады.

24. Әр жерде орналасқан бірнеше файлды қалай ерекшелеуге болады?

а) Бірінші файл бойынша және Shift пернесі басылып тұрған кезде соңғы файл бойынша шертіп

b) Shift пернесі басылып тұрған кезде әрбір файл бойынша шерту керек;

c) Бірінші файл бойынша және Ctrl пернесі басылып тұрған кезде соңғы файл бойынша шертіп

d) Ctrl пернесі басылып тұрған кезде әрбір файл бойынша шертіп ерекшелеуге болады.

25. Windows операциялық жүйесінде файлдың белгіленуі қандай бөліктерден тұрады ?

  1. Екі бөліктен: атаудан және кеңеюден

  2. Екі бөліктен: атаудан және домен атауынан

  3. Бір бөліктен: атаудан

  4. Үш бөліктен: атаудан, кеңеюден және домен атауынан тұрады.

26. Файлдың кеңеюі (.txt, .doc, .ipg және б.) нені көрсетеді?

  1. Құжат орындалған қосымшалардың типін

  2. Файлдың тұрған орнын

  3. Файлдың ақпараттық көлемін

  4. Файлдың құрылымын көрсетеді

27. Төменде келтірілген жазбалардың қайсысы файлдың атауы бола алады?

  1. :abcd.doc

  2. lacd.doc

  3. ?abcd.doc

28. Егерде файлды жоятын болсақ, онда оның ішіндегі бары жойыла ма?

  1. Жоқ, бірақ бірінші жазылған файл

  2. Жоқ.

  3. Иә

  4. Жоқ, бірақ бірінші каталог жойылады.

29. Сендердің компьютерлеріңде орналасқан файлдармен және қапшықтармен жұмыс істеудің басталуы ... көмегімен іске асады.

  1. Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) жолының

  2. Желілік қоршам (Сетевое окружение) терезесінің

  3. Сілтеуіш (Проводник) бағдарламасының

  4. Іздестіру «Поиск» бағдарламасының

30. Қапшықтағы барды қарап шығу үшін мына әрекетті орындау қажет:

a) Сілтеуіш (Проводник) бағдарламасында оны бір рет шерту керек.

b) Желілік қоршам (Сетевое окружение) бағдарламасында оны екі рет шерту керек.

c) Тапсырмалар тақтасында (на Панели задач) оны екі рет шерту керек

d) Оны маустың оңжақ батырмасымен шерту керек, ал содан кейін ұсынылған менюде Ашу (Открыть) командасын таңдау керек. *


© 2010-2022