Дейін циклдық операторы

Сабақтың тақырыбы:  REPEAT (дейін) циклдік операторы Сабақтың  мақсаты:                                           Білімділігі:  Оқушыларды  Паскаль тілінің кейінгі шартты цикл операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;    Дамытушылығы:   Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі:    аралас сабақ Сабақтың барысы:                                        1. Ұйымдастыру                                     2. Өткен материалды қайталау                                     3. Жаңа сабақты түсіндіру                                                4. Компьютермен жұмыс                                     5. Сабақты бекіту                                     6. Үйге тапсырма   Өткен материалды қайталау сұрақтары Шартты оператордың қандай түрлері бар? If операторының жалпы жазылу түрі қандай? Таңдау операторы не үшін пайдаланылады? Параметрлі цикл операторы? Әзірше цикл операторы?
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: REPEAT (дейін) циклдік операторы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің кейінгі шартты цикл операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;

Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Компьютермен жұмыс

5. Сабақты бекіту

6. Үйге тапсырма


Өткен материалды қайталау сұрақтары

  • Шартты оператордың қандай түрлері бар?

  • If операторының жалпы жазылу түрі қандай?

  • Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?

  • Параметрлі цикл операторы?

  • Әзірше цикл операторы?

Жаңа материалды түсіндіру

REPEAT . . . UNTIL цикл операторының құрылымы:

REPEAT <цик_ден> UNTIL <шарт>

Мұндағы REPEAT, UNTIL - қызметшi сөздер (қайталай беру, шарт орындалмағанша);

<цик_ден> - бір немесе бірнеше операторлардың тізімі;

<шарт> - логикалық типтiң өрнектелуi.

<цик_ден> операторы бiр рет болса да орындалады, одан кейiн <шарт> тексеріледі, егер: оның мағынасы False болса,<цик_ден> операторы қайталанып орындалады, басқа жағдайда REPEAT. . .UNTIL операторы өз жұмысын тоқтатады.

Мысалы - Р=1*2*3 … * N N ! факториалды табу программасын жаз.

Program fakt;

Var I , n , p: integer;

Begin

WriteLn ( ' n= ');

ReadLn (n) ;

I: = 1;

P:= 1;

Repeat

P:= p*i;

I:= i+1;

Until i>n;

Writeln (p:4);

End.


. у =3x+1 x €[1 ; 2 ], h =0,5 өрнегін WHILE, REPEAT операторларын пайдаланып программа құр.

Program y-tabu;

Var x , y : real ;

Begin

X:=-1;

Repeat

Y: = 3*x+1;

WriteLn (' y = ' , y);

X:=X+0,5;

Until x>2;

readln;

End.

№3 x €[1 ; 3 ] аралығында 0,2 қадаммен өзгергендегі y= Дейін циклдық операторы функциясының мәнін тап.

Program esep;

Var x, y: real;

Begin

X:=1;

repeat

y:= sqrt (x+1)-1/x ;

Writeln ( x:3, y:5);

x:=x+0.2;

until x>3;

readln;

end.

REPEAT. . .UNTIL - begin. . . end операторлық жақша секiлдi, сондықтан UNTILдiң алдына нүктелi үтiр қою мiндет емес

IV. Оқушыларды бағалау.

V. Сабақты қорытындылау.

- For операторының жазылу көрінісі?

- While операторының жазылу көрінісі?

- Repeat операторының жазылу көрінісі?

VI. Үйге тапсырма.

- тарауды қайталау.


© 2010-2022