• Преподавателю
  • Информатика
  • Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Мәтінді енгізу, редакциялау. Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері

Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Мәтінді енгізу, редакциялау. Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Мәтінді енгізу, редакциялау. Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың Microsoft Word мәтіндік процессорында мәтінді терудің жалпы ережесі, редакциялау мен мәтінді пішімдеу туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған бі... Перне Міндеті                       Сергіту сәті: 1-5 сандарын оң және сол иықпен жазу арқылы жаттығу жасау. Жинақтау: Ассоциация стратегиясы               VI Сабақты қорытындылау. (синтез) «Кім білгір» ойыны арқылы бекіту 1. Маркерленген тізім және нөмірленген тізімдегеніміз не? Не үшін қолданылады? 2. Мәтінді енгізудің негізгі ережесін білесің? 3. Мәтінді редакциялау дегеніміз не? 4. Сөздердің асты неге қызыл, жасыл иректелген сызықпен сызылады? 5.Пішімдеу деген не? 6.Мәтін үзіндісін қалай қиып алуға, көшіруге болады?   VІІ. Оқушыларды бағалау. Жеке оқушыларға және сыныптың жұмысына баға беру VІІІ. Үйге тапсырма беруНөмірленген және м...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Мәтінді енгізу, редакциялау. Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Microsoft Word мәтіндік процессорында мәтінді терудің жалпы ережесі, редакциялау мен мәтінді пішімдеу туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Ms Word редакторында мәтінді сауатты теру. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, дербес компьютер, оқулық, Microsoft Word мәтіндік процессоры

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Сабақты бекіту

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу; сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айту; жаттығы жасату.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. §4.4-4.7 дегі сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын сұрау.Оқушыларды топқа бөліп, берілген тақырыпты постер арқылы қорғау.

1-топ: Қаріп

2-топ: Абзац

3-топ: Шегініс

4-топ: Интервал

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.(түсіну)

Нөмірленген тізім - бұл нөмерленген абзацтар қатары.

Маркерленген тізім - әрбір пункті бірдей маркерлермен белгіленген абзацтар.

Маркерленген тізімді құру үшін: Негізгі (Главная) - абзац тобындағы - маркерлер (қажетті үлгіні таңдау)

Нөмерленген тізімді құру үшін: Негізгі (Главная) - абзац тобындағы - нөмірлеу

(нөмірлеу түрін таңдау)-үлгі

Енгізу, редакциялау режимі - мәтіндік процессор жұмысының негізгі режимі.

Редакциялау - бұл дайын мәтінге өзгертулер енгізу

Мәтінді енгізу үшіг мәтіндік процессордың терезесін баптау керек. Ол үшін:

Түр (Вид) қосымша бетті Көрсету (показ)-Сызғыш (Линейка)-масштаб орнату-түр, құжаттарды белгілеу (разметка документа) орнату.

Мәтінді терудің жалпы түрі:

  1. Caps Lock - бас әріптерге ауысуы

  2. Shift - бас әріптерге уақытша ауысуы

  3. Enter - бір жолдағы сөзді екі бөлу

  4. BackSpace - меңзер алдындағы әріпті өшіру

  5. Delete - меңзерден кейінгі әріпті өшіру

Мәтінді енгізуде орфографиялық немесе грамматикалық қателіетер қызыл, жасыл, көк түспен көрсетіледі.

Құжаттағы мәтінді тез табу және ауыстыру үшін : негізгі (главная)-редакциялау-табу және ауыстыру командасы орындалады.

Пішімдеу - бұл мәтіннің сыртқы түрін анықтайтын қасиетін өзгерту түрі.

Бөліп алған мәтінмен жұмыс жасаудың түрлі тәсілдері:

1.Бөліп алған үзіндіні алмасу буферіне көшіру

2. Бөліп алған мәтін үзіндісін қиып алып буферге кірістіру

3.Бөліп алған мәтін үзіндісін басқа орынға апару: бір ретті және көп ретті пішімдеу

ІV. Білімі мен дағдыны қалыптастыру (қолдану).

Мұғалімнің басшылығымен оқулықтан практикалық жұмысты орындау.

  1. Достарыңның атын маркерленген тізім арқылы енгіз.

  2. Мектепке қажетті құрал-жабдықтардың нөмерленген тізімін енгіз.

  3. Оқулықтағы 71,76 беттегі практикалық жұмысты орындау.

V. Жаңа білімді қорытындылау және іс-әрекетте тәсілдерін қолдану кезеңі (талдау)

Кестені толтыр.

Перне

Міндеті


Сергіту сәті: 1-5 сандарын оң және сол иықпен жазу арқылы жаттығу жасау.

Жинақтау: Ассоциация стратегиясы

Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Мәтінді енгізу, редакциялау. Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.

VI Сабақты қорытындылау. (синтез) «Кім білгір» ойыны арқылы бекіту
1. Маркерленген тізім және нөмірленген тізімдегеніміз не? Не үшін қолданылады?

2. Мәтінді енгізудің негізгі ережесін білесің?

3. Мәтінді редакциялау дегеніміз не?

4. Сөздердің асты неге қызыл, жасыл иректелген сызықпен сызылады?

5.Пішімдеу деген не?

6.Мәтін үзіндісін қалай қиып алуға, көшіруге болады?

VІІ. Оқушыларды бағалау. Жеке оқушыларға және сыныптың жұмысына баға беру

VІІІ. Үйге тапсырма беру Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Мәтінді енгізу, редакциялау. Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.

Қосымша тапсырма:

  1. Мәтінді пішімдеу деген менің ойымша...

  2. Мәтінді туралау үшін мен.... пайдаланамын.

  3. Абзацтың шекарасын орнату үшін..... қолдану ыңғайлы.

  4. Тізімді орнату үшін..... пайдалану ыңғайлы.

  5. Менің жетістіктерім....

Рефлекция: Сабақтағы өз әрекетіңді бағала


© 2010-2022