Графикалық ақпаратты өңдеу тақырыптағы сабақ

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика Мұғалім - Аканова М.Х.

5 «А», «Ә», «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Графикалық ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау,

трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды графикалық ақпаратты өңдеумен таныстыру;

оқушыларға бейнелерді масштабтауды, трансформациялауды, баспаға

дайындауды және баспадан шығаруды үйрету;

оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ынтымақтылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі аралас сабақ

Сабақты оқыту әдісі: практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті

Сабақтың көрнекілігі: ДК, интербелсенді тақта, слайд

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Қайталау.

  1. Фрагменттің және тұтас суреттің ерекшеленулерін қандай тәсілмен алып тастауға болады?

  2. Ctrl немесе Shift пернелерін басып көшірулердің бір-бірінен айырмашылығы неде?

  3. Суреттің фрагментін кішірейту әрекеттерінің ретін сипаттаңыз.

  4. Оқулықтағы тест сұрақтарына жауап беру.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Суреттің мөлшерін, еңкейтуін, бұрылуын шағылуын өзгкрту үшін Кескін тобының бұйрықтары қолданылады (ДК-ден көрініс):

  • Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын қолдану арқылы;Графикалық ақпаратты өңдеу тақырыптағы сабақ

  • негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб сайманы арқылы;Графикалық ақпаратты өңдеу тақырыптағы сабақ

  • Жай-күй жолындағы масштаб жүгірткіш көмегімен .Графикалық ақпаратты өңдеу тақырыптағы сабақ

Графикалық ақпаратты өңдеу тақырыптағы сабақ

«Трансформация» сөзі латын тілінен түрлені, алмасу деп аударылады.

Суретті өзгертпей тұрып оның көшірмесін сақтап қойған дұрыс. Егер өзгерту сәтсіз орындалса - батырма-сымен әрекеттің орындалуынан бас тартуға болады (ДК-ден көрініс) немесе Ctrl+Ү.Графикалық ақпаратты өңдеу тақырыптағы сабақ

Масштаб өзгергенмен суреттің, суреттегі мәтіннің мөлшері өзгермейді.

Суреттеріңізді баспадан шығару үшін Paint батырмасының Басып шығару (Печать) әмірін орындау керек немесе Ctrl+P пернелер үйлесімін қолдануға болады.

IY. Бекіту (тәжірибелік жұмыс).

  1. ДК-де оқулықтың 144-146 беттеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындау.

  2. Орындаған жұмыстарын мұғалімге көрсету.

Y. Үй тапсырмасы: §17-18 оқу, тестты дәптерге орындау.

YI. Қорытынды:

  • оқушылардың практикалық жұмыстарын тексеру, оларға баға қою;

  • сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою;

  • оқушылардың бағаларын айту.


© 2010-2022