Лекция на тему HTML тілі жайында түсінік

Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1.1 Интернет желісін қайталау.

1.2 HTML тілі жайында түсінік.

1.1 Республикамыз әр түрлі өркениетті елдер сияқты қоғам мен ғылымның өте жоғарғы қарқынмен даму сатысында, барлық ірі-ірі өнеркәсіп орындарын, оқу орындарын, ірі индустрияны барлық мекемелердің жұмысын автоматтандыруды мақсат етуде.Ол тек электронды есептеуіш машинаның көмегімен болады, яғни компьютердің көмегімен, ақпараттану ғылымының дамуымен байланысты. Елімізде информатика саласы-ақпаратты өңдеумен шұғылданады. Айналамыздағы көріп білетін құбылыстың бәрі ақпарат (информация). Ақпарат тек бір компьютерде өңделсе, онда кейбір жағдайда толық ақпарат алу үшін бір компьютер жеткіліксіз. Компьютерлік желі арқылы тұтынушылар ақпарат алмасады. Өздерің білетін компьютерлік желінің екі түрі бар. Олар жергілікті (локальды) және ауқымды (глобальды). Жергілікті желі арқылы ақпаратты компьютераралық байланыс өте аз ара қашықтықта , ал ауқымды компьютерлік желі арқылы ақпаратты компьютераралық байланыс өте үлкен арақашықтықта алмасады. Осындай компьютераралық байланысты өте үлкен ара қашықтықта орнататын ауқымды (глобальді) желі Интернет деп аталады. Интернет - әлемде соңғы кезде, көп қолданылып жүрген ауқымды желі. Интернет арқылы әр тұтынушы өз құжаттарын өңдеп және басқада компьютермен байланыс жасау процессін Интернет технология деп атайды. Егер «Интернет» сөзі үлкен әріппен жазылса, онда ол- ауқымды желі, ал кіші әріппен жазылса, онда ол- интернет технология деп түсіну қажет. Интернет технологияда сервер, клиент немесе жұмысшы станция, провайдер, браузер сияқты ұғымдар қолданылады. Мыңдаған ақпараттарды сақтайтын дискісі бар желілік компьютерді сервер деп атайды. Сервер мен желі арқылы байланыстағы басқа барлық компьютерлерді жұмысшы станциялар немесе клиенттер дейді.Әрбір клиент сервермен байланысып өздеріне керекті ақпаратты ала алады және желілік принтерге, баспаға шығара алады. Серверлердің ішінде арнайы серверлер, ақылы және ақысыз серверлер болады. Көп қолданылатын серверлер:WWW,FTP, Электрондық почта және жаңалықтар.

WWW -world wide web-бұл бүкіләлемдік ақпараттық жүйе,ол ақпараттарды бір-бірімен серверлер технологиясы арқылы байланыстырады. Әрбір құжат өзіне мәтіннен бөлек ,дыбысты, графикті,бейнені ұстайды. Ақпараттың мұндай түрі мультимедиялық деп аталады. Интернеттегі құжат - web парақтан тұрады, әрбір web парақта әртүрлі тақырыпта ақпараттар болады. Монитордан, web- парақтан негізгі мәтінді ,асты сызылған мәтін бөлігін және басқа түске боялған мәтінді көруге болады. Асты сызылған немесе басқа түспен берілген нысандарды гипермәтіндер деп атайды немесе гипермәтін сілтемесі (гипер-ссылка) деп атайды. Гипермәтінді құжаттарды кез-келген керекті жеріне аударуға болады. Керекті гипермәтінді Интернет браузерінен алуға болады. Браузер дегеніміз-Интернет web - парағын қарауға арналған программа.

Браузер түрлері:Internet Explorer, Netscape Communicator, Opera және т.б. Браузер мен web -сервердің байланысы HTTP хаттамасының көмегімен болады.

FTP- File Transfer Protocol файлдарды таситын хаттама. Кез-келген форматтағы файлды желі арқылы жеткізеді.

IE немесе Netscape Communicator браузерлерін интернетте қолданғанда әсіресе міндетті түрде FTP серверін пайдалану қажет болады. Әрбір хат өз адресіне дұрыс бару үшін,электрондық почта деп аталатын сервер Интернетте жұмыс істейді.

Интернет технологияда электрондық адрес (E-mail) жиі қолданылады.Егер жұмысшы станцияда бірнеше клиент жұмыс істесе , онда әр клиенттің өзінің Е-mail болады, яғни электрондық адресі болады. Егер адрестегі жалғауы - mail.ru болса,онда ол тегін ақсыз сервер болғаны. Интернетте электрондық почтамен жұмыс істеу үшін ,әдейі почталық программа немесе почталық клиент жұмыс істейді, арнайы пошталық программа - Outlook Express, The BAT,Eudora Pegasus.

Интернет сервері-телеконференция немесе жаңалықтар .Интернеттегі электрондық почта секілді жаңалықтар белгілі бір адамға емес ,телеконференцияға , белгілі бір адамдар тобына келіп түседі. Ол жаңалықтарды білу үшін осы телеконференцияға клиент қатысуы керек. Телеконференцияның жұмысы арнайы жаңалықтар сервері -NNTP-Net News Transport Protocol (Транспороный протокол сетевых новостей) желі жаңалықтарын таситын хаттамалар арқылы іске қосуға болады.Мұндай хаттамалар арқылы орындалатын программа мысалы- Internet News программасы. Бұл программа көмегімен телеконференция өткізуге болады.

1.2.HTML тілі жөнінде түсінік.

Web -парақта ақпараттар ,тұтынушы қарауға болатындай парақ түрінде сақталады. Бұл парақтар HTML тілінде құрылған мәтін түрінде беріледі. HTML -Hypertext Markup Language, Гипермәтінді құратын тіл. Гипермәтінді кез-келген Web-құжаттың кез-келген жеріне қолдануға болады.Гипер - ссылка -аудару деген мағынаны білдіреді. Гипермәтінді HTML тілі арқылы құру үшін Блокнот программасына кіреміз. Блокнотта мәтін құрып сақтаймыз, құрылған файлдың тегін html деп белгілейміз. Интернет- броузері арқылы тегі html болатын кез-келген файлды ашып көруімізге болады.

HTML тілінің жалпы структурасы тегтерден тұрады.әрбір HTML тілінде қолданылған тег бұрышты жақшадан тұрады.(< >) . Алғашқы тег < html > және соңғы тег < / html > болады.Бастапқы тег пен бұрыштық жақша болса ,соңғы тегте ол таяқша (слэшпен) жазылдаы.Айырмашылығы сол таяқшамен жазылатындығында.

Мысалы.<HTML>

< HEAD>

<TITLE > Первая страница 1!

Здравствуй, друг!

© 2010-2022