• Преподавателю
  • Информатика
  • Тақырыбы: ХХІ ҒАСЫРДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «MOODLE» ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН МЕҢГЕРУ - АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ КӨРСЕТКІШІ

Тақырыбы: ХХІ ҒАСЫРДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «MOODLE» ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН МЕҢГЕРУ - АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ КӨРСЕТКІШІ

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ХХІ ҒАСЫРДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ:«MOODLE» ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН МЕҢГЕРУ - АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ КӨРСЕТКІШІ


Р.С.Шуакбаева, к.н.п.

Н.Терекқызы, магистрант

Каспийский государственный университет технологии и инжиниринга им.Ш.Есенова


Білім алу процесіндегі ең нәтижелі жеке жұмыстар мен әр-алуан дидактикалық материалдар жиынтығын электрондық оқу курстары арқылы жүзеге асады.

Модульдік обьектілі - бағдарлы оқыту жүйесі - MOODLE электронды оқыту курсының пайда болуына жағдай жасайды [1].

Жаңа заман талабына сай оқыту жүйесі - оқу - әдістемелік құрал ретінде жеңіл қолданылады, оқу процесінде тиімді электрондық оқыту курстарындағы әр түрлі әдістемелер студенттердің ой - өрісінкеңейтеді әрі жан - жақты тану қабілетін ашады (есептерді зерттеу, ситуациалық жағдайларда және т.б.) эвристикалық тұрғыдағы тапсырмаларды орындауда, бағдарламаны таңдауда, әр студент ақпараттық операциялық жүйені қолдана алады.

Электронды оқыту курсының мазмұны деп білім негізі ретінде қарастырылатын дидактикалық материалдар ғана енгізілмейді. Мұндағы электронды оқыту курсының мазмұны көптеген әрекеттер мен мүмкіншіліктері арқылы ерекшеленеді, сондай - ақ біліп - тану еңбектері бірнеше нұсқаулықтары мен таныса келе жеке дамуына ықпал етеді.

Электронды оқыту курсы - ашық дидактикалық жүйені таныстыра келе, мультимедиалық тұрғыда жасалған әр пәннің авторлық концепциясын зертеуі арқылы тұтынушыға тиімді болады.

Біз электронды оқыту курсын - навигациялы - ақпараттық, мазмұнды, диогностикалық басқарушы ішкі жүйелері бар жүйе ретінде қарастырамыз.

Навигациалық - ақпаратты ішкі жүйесі мазмұнды жүйеге бағынышты жүйе болып табылады, бірақта электронды оқыту курсы құрылуына алғашқы бағдарламалардың бірі ретінде жағдай жасайды. Ақпараттық жүйесіне пән аралық және оқулық байланысы, оқулық бағдарламасы, технологиялық карта курсы, графиктер, жаңалықтар, хабарламалар, гайдтар және т.б. жатады (1-сурет).

Тақырыбы: ХХІ ҒАСЫРДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ«MOODLE» ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН МЕҢГЕРУ - АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ КӨРСЕТКІШІ

1-сурет. Навигациалық - ақпаратты ішкі жүйесі арқылы жаналықтар тізімі


Мазмұнды ішкі жүйесі - бұл электронды оқыту курсының негізгі бөлімі, яғни тіке және қарама - қарсы байланысты атқарады. Ол үш түрлі элементтерден тұрады: ресурстар, теориялық ақпараттар туралы хабарлама және студенттердің жеке жұмысын бағалау мүмкіншілігі мен біріп жұмыс жасау негізі және т.б.

Ішкі жүйенің негізгі мәліметтер базасы ретінде, әртүрлі мазмұнды ресурстар: оқулықтар, есептер жинағы, оқулықтар христоматиясы, гласарийлер, анықтамалар, мәліметтер базасы, семинар жоспарлары, кітапхана тізімі, Internet материалдары, әдістемелік нұсқаулар, демонстрациялық және модельдік бағдарламалар және т.б. жатады. Ресурстарды сайтқа енгізе алатын кез келген файлда дайындауға болады немесе ішкі web бетшесіне тікелей гипермәтін жүргізіледі.

Бұл ресурстардан басқа теориялық мазмұнды материалдарды, қарама-қарсы байланысы бар мазмұнды ішкі жүйені жатқыза аламыз. Мысалы, студент белгілі бір форматта жазылған тапсырманы жұмыс үстеліндегі түзету редакторына жөнелтетін болса. Дәріс элементі студенттерге қолайлы теориялық тапсырмалар береді. Дәріс элементі мазмұнды функциямен қатар өзін-өзі бақылау функциясында жүргізеді.

Үшінші типі комуникациялық элемент - мұғалім мен студенттің бір - бірімен сұхбаттасуына мүмкіндік жасайды.MOODLE технологиясы - бірігіп есептер шығаруға, білім алмасу тәсілін қолдануға болады. Жүйе мұғалім мен студент арасындағы немесе студенттердің өзара бір бірімен кез келген форматтағы файлдарды алмасуға мүмкіндік жасайды. Жіберу сервисі - курс қатысушыларына немесе жеке топтарға ақпарат жібереді. Форум оқу жүйесіндегі мәселелерді толқылауға мүмкіндік береді, сондай - ақ талқылау топтар арасында да орындала береді. Форум хабарламасына кез келген форматтағы ақпараттары енгізуге болады. Сондай - ақ суденттермен мұғалімдерге қатар жүргізілетін бағалау хабарламасы бар. Чат уақыт талабына сай оқу жүйесінің мәселелерін талқылайды. «Хабарлама алмасу», «Пікір» сервистері мұғалімдер мен студенттердің жеке байланысына арналған. MOODLE функциясымен біріге отырып, кітапханалар, семинарлар арқылы гласариий жасауға болады.

Диагностикалық ішкі жүйесіне аралық және қорытынды бақылау үшін тестілеу жүйесі енгізілген. Электронды оқыту курсы бірнеше тестілеу жұмыстарының жүйесін енгізе алады.

Өзін өзі тексеруге қарама - қарсы байланысты бақылау элементі арналған, кез келген уақытта тоериялық және практикалық материалдарды пайдалану мүмкіндігі бар.

Басқару жүйесі - оқу жүйесіндегі педагогикалық мониторинг нәтижесін алуға, электронды оқыту курсы шеңберінде балдық - рейтингі жүйесін, сондай - ақ еңбек нәтижелерін сақтайтын мәліметтер базасы мен немесе сәйкес келген мәліметтер базасына ашық түрде кіруге болады. MOODLE оқу жүйесі басқара отырып, академиялық топтарға, күн жадысында сақталған оқиғаларға ашық түрде көре алады.

Қорыта келе, мұғалім MOODLE жүйесін кең түрде басқару курсы бойынша пайдалана алады. Оқу процесінде толық қашықтықтан оқыту курсын жеке тақырып бойынша немесе бөлек элементтер мен ресурстарын пайдалана алады. Сонымен қатар айта кететін болсақ, MOODLE жүйесі арқылы қашықтықтан оқыту үшін мұғалінен заман талабына сай ақпараттық технологиялық көп білімді талап етпейді, сондай - ақ, стандарты құралдар арқылы (редакторлар, веб бетшелері және т.б.) жылдам әрі жай ғана толық жиынды электронды оқыту материалдарын уақыт талабына сай өзгертуге және басқаруға болады.

Жоғарыда көрсетілген MOODLE бағдарламасының мүмкіншілігін пайдалану барысында Теңіз технологиялар институтының «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасында көптеген жұмыстар атқарылуда (2-сурет).

Тақырыбы: ХХІ ҒАСЫРДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ«MOODLE» ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН МЕҢГЕРУ - АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ КӨРСЕТКІШІ

2-сурет. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының жұмыс нәтижесі

Бұл бағдарлама интернет жүйесінен тегін алу мүмкіндігіне ие, сондықтан кез келген оқу орындары өз қажетіне пайдалана алады.

Мысалы, Ақтау қаласындағы жалпы білім беретін №16 орта мектепте 4,9 сынып оқушыларын мемлекет аралық бақылауға, ал 11 сынып оқушыларын ұлттық біріңғай тестілеуге MOODLE бағдарламасының Тест және Форум элементтерін пайдаланып, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері тиімді құрал екендігіне көздері жетіп, мектепті ақпараттандыру саласына үлес қосқандай болды.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Сайт htpp://moodle.org/


© 2010-2022