Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Мәтіндік блоктар құру

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 7 «А»

Күні: 10.03.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Мәтін.Мәтіндік блоктар құру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: CorelDraw векторлық редакторында объектілермен жұмыс ерекшелеу,көшірмесін алу,дубликат жасау,теріс қарату,топтау,бұрмалау.

Дамытушылық: Редакторда объектілерге эффектілер жасап үйрету.

Тәрбиелік: Объектілермен жасалатын жұмыс түрлерін меңгерту,өз бетінше бейнелер салып,эстетикалық талғамын қалыптастыру әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық,дәптер,интерактивті тақта,т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Өткен тақырыпты қайталау

3.Жаңа сабақты баяндау

4.Бағалау

5.Үйге тапсырма беру

Өткен тақырыпты қайталау

1.Контурдың анықтамасын беріңдер

2.Контур мәзірін зерттеп,әрбір бұйрығының қызметін сипаттаңдар

3.Қарындаш құралымен салынған контурдың қандай ерекшеліктері бар?

4.Қаламұш құралының көмегімен қисық салған кезде түйіндердің тетігі қандай рөл атқарады?

5.Қисықты қалай редакциялауға болады?

Жаңа сабақты баяндау

Мәтін құралы жақтауды және қарапайым мәтінді жасай алады.Мәтін параметрлерінің баптауларын Мәтін-Мәтін және Қаріп бұйрығын шақырылатын Мәтін және Қаріп терезесінде орындауға болады.

Сонымен қатар өзгерістерді Мәтін құралының параметрлер панелін қолдану арқылы да енгізуге болады.

Сабақтың тақырыбы: Мәтін.Мәтіндік блоктар құру

Мәтіндік блоктарды түрлендіру

Мәтінді контурдың бойында орналастыруға болады.

Сабақтың тақырыбы: Мәтін.Мәтіндік блоктар құру

Мәтін-Блоққа кірістіру бұйрығы мәтіндік блокты кез келген ерекшеленген фигураларға орналастыруға мүмкіндік береді әрі мұнда мәтін ені бойынша теңестіріледі.Егер бірнеше фигура немесе контурлар ерекшеленген болса,онда мәтін ерекшеленген контурларда ерекшелеу ретінде керісінше орналасады.Ол бұйрықты Іс-әрекеттер тарихынан алып тастауға болады.Блоктан мәтінді шығарып алып,оны бір жолақта орналастыруға Мәтін-Блокпен шығару бұйрығы мүмкіндік береді.

Сабақтың тақырыбы: Мәтін.Мәтіндік блоктар құру

Жоғырады аталған әрекеттерден басқа мәтіндерде мына әрекеттерді жасауға болады:

1.Артық бос орындарды жоюға болады: Мәтін-Қол кернингтін жою;

2.Орфографияны тексеру: Мәтін-Орфографияны тексеру;

3.Теңестірушіні өзгерту;

4.Жоғары және төменгі индексті орнату;

5.Жоларалық және символдың интервалдарды өзгерту;

6.Мәтіндерде символдардың орналасуы биіктігі мен иілуін өзгерту.

Түйін:

-Inkscape-те мәтінмен жұмыс істеу үшін Мәтін құралы қолданылады.

-Мәтінді пішімдеу параметрі Мәтін құралының параметрлер панелі көмегімен немесе Мәтін және қаріп (Мәтін-Мәтін және қаріп) сұхбат тезезесінде өгереді.

-Контур бойынша мәтінді орналастыру үшін мәтінмен контурды бір уақытта ерекшелеп,Мәтін-Контур бойынша орналастыру (Разместить по контур) бұйрығын орындау қажет.

-Мәтінді контурмен фигуралардың ішіне Мәтін-Блоққа кірістіру (Заверстать в блок) бұйрығын орналастыруға болады.

-Мәтінді блоктан (контурдан) шығару үшін Мәтін-Мәтінді түрлендіру және Мәтін-Блоктан шығару бұйрықтары арқылы қодданылады.

-Мәтінді контурға түрлендіру үшін Контур-Нысанды контурлау (Оконтурить объект) бұйрығын орындау қажет.

Бекіту.

Үйге тапсырма: Өзіңді тексер



© 2010-2022