• Преподавателю
  • Информатика
  • Сабақ жоспары Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер ( 8 сынып)

Сабақ жоспары Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер ( 8 сынып)

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер ( 8 сынып)Тексерілді: ОІМ Биниязова А.Ж.

№ 9 сабақ Сыныбы: 8 И Күні: Пән мұғалімі: Нұрақынова А .Н.

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер

Сабақтың мақсаты: Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі, дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеу принципі, микропроцессор (МП) ішкі жад, сыртқы жад, жүйелік шина, сыртқы құрылғылар, қосымша құрылғылар, өңдеу принциптері туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімділік - Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі, дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеу принципі, микропроцессор (МП) ішкі жад, сыртқы жад, жүйелік шина, сыртқы құрылғылар, қосымша құрылғылар, өңдеу принциптері туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік -Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық-Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

(Пратикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Есептеуіш машиналарының түрлерін атап шығыңдар.

  2. Есептеуіш машиналардың жалпы сипаттамаларын атаңдар.

  3. ДК -дің қандай модельдері әлемде жетекші орын алады?

  4. ДК-нің кең таралуына себепші болған сипаттамаларын атаңдар?

  5. ДК-дің негізгі құрауыштарын атап шығыңдар.

  6. Аналық (жүйелік) таңшаның құрауыштарын атаңдар.

  7. Монитор неге арналған?

  8. Мақсатына қарай ДК-лер қандай топтарға бөлінеді?

  9. Тұрмыстық мақсаттағы ДК-ні сипаттаңдар.

  10. Жалпы мақсаттағы ДК-ні кімдер, қайда пайдаланады?

  11. Кәсіптік мақсаттағы ДК-ні сипаттаңдар.

  12. Конструктивтік (құрылымдық) орындалуы бойынша ДК-лердің айырмашылығы неде?

  13. LAPTOP, NOTEBOOK, HANDHELD ДК-лерінің негізгі сипаттамаларын ата?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі

МАТЕМАТИКАЛЫҚ СОПРОЦЕССОР

МИКРОПРОЦЕССОР

Арифметикалық-логикалық құрылғы

Жад регистрі

Басқару құрылғысы

ІШКІ ЖАД

ТЖҚ

ЖЖҚ

СЫРТҚЫ ЖАД

ҚЖМД

ИМДЖ

ҚЖМД

контроллері


ИМДЖ

контроллері


ЖҮЙЕЛІК ШИНА

Бейнемонитор контроллері

Параллель интерфейс

Қоректендіру көзі

Жүйелік

контроллер

Бейнемонитор

Принтер

Таймер


Тактілік импульсті генераторы

Пернетақта интерфейсі

Пернетақта

Тізбекті интерфейс

модем

Телефон желісі

Манипуляторлар интерфейсі

Жарыққалам

Маус

Джойстик (тұтқа)










Микропроцессор (МП)

Процессордың сипаттамасы

Тактілік жиілік

Разрядтылық

Микропроцессор - дербес компьютердің орталық блогы, машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және арифметикалық - логикалық операциялар орындауға арналған.

Арифметикалық-логикалық құрылғы- сандық және символдық ақпараттарға арифметикалық-логикалық операциялар орындауды жүзеге асырады.

Басқару құрылғысы барлық компьютердің жұмысын реттейді, яғни белгілі басқару сигналдарын құрастырады және дер кезінде беріп тұрады, ұяшытары адресін ұйымдастырады және осы адрестерді ЭЕМ-нің блоктарына беріп тұрады.















Такт - Процессордың белгілі бір операцияны орындауына кететін уақыт бірлігі.

Тактілік жиілік - Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік жиілігі неғұрлым жоғары болса, ақпарат өңдеу соғұрлым тез өтеді.

Жад регистрлері - Ақпарат өңдеу барысында процессорға түскен деректерді сақтаға арналған жадтың ішкі ұяшықтары.

Прцессордың разрядтылығы - Бір тактіге процессор өңдей алатын байттар мөлшері. Разрядтылық неғұрлым үлкен болса, компьютер бір такт ішінде соғұрлым көп ақпарат өңдей алады.

Дербес пайдаланылатын компьютердің өнімділігі - ішкі жадтың көлеміне, процессордың тактілік жиілігіне, процессордың разрядтылығына, кеңарна өңдеу соғұрлым тез өтеді.

Ішкі жад

Ішкі(жедел) жад-негізгі

Тұрақты жадтау құрылғысы-тұрақты және анықтамалық ақпаратты сақтауға, ақпаратты оқуға (алуға) арналған. Онда ақпаратты өзгертуге болмайды.

Жедел жадтау құрылғысы-ақпаратты уақытша жазуға, жадтауға және оқуға арналған. Компьютерді ажыратқанда жедел жадтау құрылғысының ішіндегісі өшіріледі.













Сыртқы жад


Қатқыл магниттік дискілер (винчестерлер)

Иілгіш магниттік дискілер (флоппи-дискілер немесе дискеттер)

Лазерлік дискілер (CD-ROM)

Магниттік таспалар (стримерлер)

міндеті

Сақтау, жазу, оқу өшіру

Сақтау, жазу, оқу өшіру

Сақтау, жазу, оқу

Сақтау, жазу, оқу

көлемі

20-180 Гбайт

1,44 Мбайт

700 Мбайт

Таспа ұзындығымен шектелген

ақпаратты өзгерту мүмкіндігі


Иә


Иә


Иә


жоқ


Жүйелік шина

Ақпараттық кеңарна (шина)

Шинаның разрядтылығы ондағы сымдардың санына тәуелді. Деректерді оқығанда процессор адрес шинасы бойынша ішкі жадқа ұяшық адресін береді, және деректер шинасы бойынша ұяшықтағыны алады. Дерек жазғанда процессор адрес шинасы бойынша ішкі жадқа адресін береді, ал деректер шинасы бойынша осы ұяшыққа жазылатын ақпарат жібереді.

адресПроцессор

Ішкі жад

Деректер










Сыртқы құрылғылар

Сыртқы құрылғы ДК-дің жалпы бағасының 50-80 пайызын құрайды. ДК-ның сыртқы құрылғылары машинаның қоршаған ортамен, пайдаланушылармен, басқару объектілерімен және басқа ЭЕМ-дермен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Міндеті бойынша сыртқы құрылғылардың мынадай түрлері бар:

байланыс және телекоммуникация құралдары.


сыртқы жадтайтын құрылғылар немесе ДК-нің сыртқы жады;

диалогтық құралдары

ақпарат енгізу құрылғылары

ақпарат шығару құрылғылары




Пайдаланушының диалогтік құрылалдарының құрамына бейнеманитор - ДК-ге енгізілген және одан шығарылатын ақпаратты бейнелеу құрылғысы және сөздік ақпарат енгізу-шығару құрылғылары кіреді.

Ақпарат енгізу құрылғыларына пернетақта, графиктік планшеттер, сканерлер, манипуляторлар, сенсорлық экрандар жатады.

Ақпарат шығару құрылғыларына принтерлер, графиксалғыштар (плоттерлер) жатады.

Байланыс және телекоммуникация құрылғыларына желілік контроллерлер атап айтқанда модем жатады.

Мтематикалық сопроцессор

Жадқа тікелей шығу контроллері

Енгізу-шығару сопроцессоры

Екілік сандармен операция орындауды жылдамдатуға арналған

Микропроцессорды магниттік дискілердегі жинағыштарды тікелей басқарудан босатады

Енгізу-шығару процедураларының орындалуын жылдамдатады.

Қосымша құрылғылар












Компьютердің жұмыс істеу принципін жалпы түрде алғашқы рет 1946 жылы американдық ғалым Джоно Фон Нейман жазған. Программалық басқару принципі мыналардан түрады:

  • енгізу құрылғыларының көмегімен компьютердің ішкі жадына программа жазылады;

  • процессор программаның бастапқы нұсқаулары бар ішкі жадтың ұяшықтарындағыны шығарып оқиды;

  • ол нұсқауларды орындайды, олар:

  • деректермен операциялар (арифметикалық, логикалық);

  • жадтан деректерді оқу (амалдарды орындау үшін);

  • деректерді жадқа жазу үшін (операцияларды орындау)

  • жадқа енгізу құрылғысы арқылы дерек енгізу;

  • шығару құрылғыларына жадтан дерек шығару;

Осылайша процессор нұсқаулар мен программаларды автоматты түрде орындайды - бұл программалық басқару принципі.








Өңдеу принциптері













Жаңа сабаққа орындалатын тапсрмалар: практикум (5.1-5.5 тапсырмалар)

IV. Сабақты бекіту. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Процессор қандай қызмет атқарады?

2. Микропроцессордың құрылымына қандай құрылғылар кіреді?

3. Арифметикалық-логикалық құрылғы қандай қызмет атқарады?

4. Басқару құрылғысы не істейді?

5. Тактілік жиілік деген не?

6. Процессордың разрядтылығы деген не?

7. Ішкі жадта ақпарат қалай сақталады?

8. Жад ұяшығы дегеніміз не? Оның өлшемі қандай?

9. Ақпараттық кеңарна деген не?

10. Жүйелік шинаның негізгі қызметтерін атаңдар.

11. Ақпаратты ішкі жадқа шығарып оқу және жазу қалай жүреді?

12. Сыртқы құрылғылардың қандай түрлерін білесіңдер?

13. Ақпарат енгізу құрылғыларына не жатады?

14. Ақпарат шығару құрылғыларына не жатады?

15. Компьютердің қосымша құрылғыларын атаңдар.

16. Математикалық сопроцессор не үшін қажет?

17. Программа нұсқаулары қалай орындалады?

18. Процессор программа нұсқауларын орындау барысында қандай операциялар орындалады?

19. Компьютерді басқару программалық басқару принципі неден тұрады?

V. Үйге тапсырма беру. Практикум: 5.6-5.8 тапсырмалар. Оқулық: 41-59 беттегі тақырыптарды (мазмұндау). VІ. Оқушыларды бағалау.


© 2010-2022