Компьютер және оның негізгі құрылғылары

Білімділік:     Оқушылардың  компьютердің негізгі құрылғылары  жөнінде білімін қалыптастыру Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы    оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.   Тәрбиелік:  Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі:дәстүрлі Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы Қолданылатын құрал-жабдықтар мен  көрнекіліктер : компьютер,  электрондық оқулық, таратпа,                                              ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 6 «А»

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Жакипова Д.С.

Сабақтың тақырыбы: Компьютер және оның негізгі құрылғылары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімін қалыптастыру

Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.

Тәрбиелік: Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы

Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер : компьютер, электрондық оқулық, таратпа,

интерактивті тақта, Power Point- та жасалған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: математика

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) ұжымдық әрекет;

б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;

в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Ой қозғау сұрақтары : а) Информатика деген не ? ә) Компьютер деген не?;

Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде шолу :

  1. ХV ғ. Пайда болған санау құралы? (Есепшот (абак))

  2. ХVІІ ғ.басында Дж. Непердің есептеу таяқшалары? (логарифм )

  3. Алғашқы арифмометрді құрастырушы? (1673ж. Г.В.Лейбниц)

  4. ЭЕМ-нің даму кезеңдері (буындары) нешеге бөлінеді? (5 буынға бөлінеді)

  5. V буындағы элементтік база? (Лазерлік сәуле, жасанды интелект)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Компьютер - есептеуіш. Дербес компьютер - бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы - процессор орналасқан. Ол - «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.

Компьютер және оның негізгі құрылғылары

Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер пиксельдер деп аталады.

Пернетақта - компьютерге әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы.

Тышқан - ақпаратты енгізу құрылғысының бірі. Қос батырмалы. Сол жақ батырма - негізгі,

оң жақ батырма- қосымша батырмалар деп аталады.

Колонка - дыбыс шығару құрылғысы.

Сканер - қағаздағы кескіннің немесе мәтіннің көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы. Текстік және бейнелік ақпараттарды компьютерге енгізетін құрылғы.

Принтер -ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы.Түрлері: матрицалық,түрлі-түсті, лазерлік.

Енгізу құрылғылары : пернетақта , тышқан , сканер

Шығару құрылғылары : монитор, принтер, колонка

Компьютер және оның негізгі құрылғыларыКомпьютер және оның негізгі құрылғылары

ІV. Тапсырмалар. 1. Таратпалар :

Таратпаларды толтыру және жауап беру

Компьютер және оның негізгі құрылғыларыКомпьютер және оның негізгі құрылғыларыКомпьютер және оның негізгі құрылғылары

V. Үй тапсырмасын беру:

А) Компьютердің негізгі құрылғылары бойынша анықтамаларды жаттап келу;

VІ. Қортындылау, бағалау:Оқушыларды өзін - өзі бағалау парағы бойынша бағалау, қортындылау






Компьютер және оның негізгі құрылғыларыКомпьютер және оның негізгі құрылғылары

Компьютер және оның негізгі құрылғыларыКомпьютер және оның негізгі құрылғылары

© 2010-2022