Компьютердің логикалық негіздері. 3. 1. Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cабақ № ____

Сыныбы____ күні________ тексерген Сакен Самат Сакенұлы /_________

Cабақ тақырыбы: 3 бөлім. Компьютердің логикалық негіздері.

3.1. Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері.

Программалық-дидактикалық қамтылуы: оқулық.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды логика ұғымымен, компьютердің өңдеуі қасында жүретін логика түрлерімен таныстыру. Пікір түсінігімен және пікірдегі байланыстар қалай қолданылатынын түсіндіру.

Сабақ түрі: түсіндірмелі\пікірталас.

Оқушылар білуі тиіс: Негізгі ұғымдар. Логика, пікір, логика түрлері, математикалық, формальді логика. Логика алгебрасы.

Оқушылар үйренуі тиіс:пікірді анықтауды, оның ақиқаттығын бағалаауды, пікірге мысал келтіру(жай және күрделі). Ақиқат және жалған пікір құруды.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасы

А) Кестені толтыру. Екілік арифметика.

Екілік сандарды қосу

Екілік сандарды азайту

Екілік сандарды көбейту

Екілік сандарды бөлу

0+0=0

0-0=0

0x0=0

0+1=1

0-1=1

0x1=0

1+0=1

1-0=1

1x0=0

1+1=10

1-1=0

1x1=1

Б) өзіңді тексер. «Кім жылдам?». Кітаппен жұмыс/13-14 бет/. Әдістемелік нұсқаулықтан тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ. 3.1. Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері(28-31 бет).

Математикалық логика

Формальді логикаӘдістемелік қосымша материал(34-35 беттер)-түсіндіру.

Логика-бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.







Ықтималдық логика

Диалектикалық логика



Логиканың негізін салған ежелгі грек ойшылы Аристотель(б.з.д. 384-322 жж.)қалыптасты.

Математикалық логиканың негізін салушы неміс математигі және философы Вильгельм Лейбниц(XVII ғ.).

Ағылшын математигі Джордж Буль(XIХ ғ.)-алғаш рет математикалық логиканың саласы болып табылатын логика алгебрасын енгізді.

Рене Декарт(1596-1650жж.)-Қайта өрлеу кезеңінде «Логика математикада қабылданған принциптерге басшылық жүргізуі тиіс» деген принциптің негізінде, жаңа философия мен математика

Есеп арқылы түсіндіру. Өзеннің жағасында тұрған қайығы бар шаруаның қасқыры, ешкісі, қырыққабаты бар. Шаруа өзеннің екінші жағалауына қасқырды, ешкіні және қырыққабатты өткізуі керек. Бұл есепте арифметика емес, пайымдау үстемдік етеді.

A! Пікір дегеніміз- жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау.

жалпыжа

жеке

жай

құрамды

ақиқат

жалған

Пайымдау, әдетте тікелей бақыланатын фактілерді(болмыстарды) көрсете алады: «Күн жарқырап тұр».



жеке пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы «3+3˂7», «Бүгін күн шуақты болды»;

жалпы пікір объектілер немесе құбылыбыстар тобының қасиеттер тобын сипаттайды, мысалы, «Егер жаңбыр жауған болса, онда көше су болып жатыр».

құрамды логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлер.

IV. Бекіту.

3.1. - тапсырма, 3.2.-тапсырма(дидактикалық материалдар 18-19 бет).

VI. Бағалау.

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Ой қорыту

Тапсырмалар

Жалпы ұпай

Кестені толтыру

Кім жылдам?

3.1.

3.2.































VІI. Үйге тапсырма. 3.1. тақырып. Қосымша тапсырмалар(ӘН-36 бет). Тест жұмыстары.

© 2010-2022