Паскаль программалау тілінде өрнектерді жазу

Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Берілген уақыт

Пәні: Информатика

Мерзімі: 10.01.2016 жыл

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:

1.Паскаль программалау тілінде өрнектерді жазу

Сабақтың реті:

14-сабақ

Жалпы сабақтың мақсаты:

Математикалық өрнек жайлы мәлімет алады. Паскаль программалау тілінде арифметикалық өрнектерді жазуды үйренеді.

Күтілетін оқу нәтижелері:


Оқушылар математикалық өрнек жайлы мағлұмат алады.

- өрнектерді Паскаль программалау тілінде жаза алады;

- қате жазылған өрнектерді түзете алады;


Түйінді идеялар:

Математикалық өрнектерді пайдалана отырып, Паскаль программалау тілінде программа құруды меңгеруі

Сабақты ұйымдастыру түрі:

Тренинг-тәжірибе

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сәлемдесу, айналмалы бекет, ойлан, бірік, бөліс әдісі, ыстық орындық, анкета

Жұмыс түрлері:

Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:

Интерактивті тақта, ғаламтор, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер

І. Қызығушылығын ояту кезеңі:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

2 мин

1-әрекет. Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Сергіту жаттығуын жасату.

Сергіту жаттығуы

3 мин

2-әрекет. «Геометриялық фигуралар» арқылы топқа бөлу.

Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады

5 мин

3-әрекет. «Айналмалы бекет» әдісімен үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар әр топқа берілген сұраққа жауап беріп топтарды айналып шығады, соңында өз тобындағы жазылған жауаптарды түйіндеп, топтан бір адам жауап береді

1 мин

4-әрекет. Жауаптар «Бағдаршам» арқылы бағаланады

Топтар бір - бірінің жауабын түрлі-түсті қағаздарды пайдалану арқылы бағалайды


ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі

3 мин

5-әрекет. Топтық жұмыс: Интербелсенді тақтадан жаңа сабаққа байланысты, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі бойынша слайд көрсетеді


Слайдтағы материалдарды талқылау арқылы, жаңа сабақтың мағынасын ажыратады

3 мин

6- әрекет. Жеке жұмыс. «Түртіп ал» әдісі бойынша дәптерге мәлімет жаздыру

Интербелсенді тақтада көрсетілген мәліметтерді оқушылар дәптерлеріне жазады.

10 мин

7-әрекет. Топтық жұмыс: «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы топтық жұмыста берілген есептердің қатесін түзету


Оқушылар топта конверттегі берілген есептің қатесін түзейді және талқылайды



ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

10 мин

8-әрекет. Жеке жұмыс: «Ой қозғау» әдісі бойынша өз беттерімен өрнек құрады

Оқушылар өз жұмыстарын топта жариялайды, талқылайды

2 мин

9-әрекет. Бағалау

Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын орындарын ауыстыру арқылы бағалайды


1 мин

10-әрекет. Үй тапсырмасы


Үйге осы тақырыптарда кеңінен ізденіп келу.

5 мин

11-әрекет . «Ыстық орындық» әдісі бойынша белсенді оқушыны марапаттау

Оқушылар ең белсенді оқушыны анықтап, «Ыстық орындыққа» отырғызады, оған бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды, сыйлық беріледі

2 мин

12-әрекет. Жеке жұмыс:

«Анкета» әдісі бойынша кері байланыс жасату


Оқушылар күтілетін нәтижеге ойларын анық жеткізеді, бірін-бірі бағалай алады.

Оқушылар анкета толтыру арқылы кері байланыс жасайды.
















© 2010-2022