Сабақтан тыс шара «Ақпараттық калейдаскоп»

Информатика сабағында графика элементтері мен ұлттық педагогика элементтерін пайдалана отырып оқушының ой-өрісін дамыту мақсатында Paint графикалық редакторы тарауын өткенде 7 сынып оқушылармен бірлесіп «Ақпараттық калейдаскоп» атты сабақтан тыс шара өткіздім.  Осы мақсатта өткізген бір сабақтан тыс шарамды ұсынайын. Сабақ мақсыты: Оқушылардың графикалық редактор Paint тарауы бойынша алған білімін қорыту, өтілген тақырыптар мен халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып, түрлі танымдық мә...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтан тыс шара«Ақпараттық калейдаскоп»

Информатика сабағында графика элементтері мен ұлттық педагогика элементтерін пайдалана отырып оқушының ой-өрісін дамыту мақсатында Paint графикалық редакторы тарауын өткенде 7 сынып оқушылармен бірлесіп «Ақпараттық калейдаскоп» атты сабақтан тыс шара өткіздім. Осы мақсатта өткізген бір сабақтан тыс шарамды ұсынайын.

Сабақтың жүру барысы

Сынып оқушыларын екі топқа бөліп, бірін «Шашыратқыш», екіншісін «Құйғыш» деп атап, әр топқа 5 сұрақтан тұратын бағдарлама дайындалады. Бағдарламада графикалық редактор Paint тарауы бойынша өтілген тақырыптарға сұрақтар дайындалды.

Сабақ мақсыты: Оқушылардың графикалық редактор Paint тарауы бойынша алған білімін қорыту, өтілген тақырыптар мен халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып, түрлі танымдық мәні зор ойындар ұйымдастыру.

Керекті құралдар: қазақтың қоржыны, нөмірленген асықтар және қамшы.

Ойынның шарты: әр топ қоржындағы нөмірленген асықтарды алып, ретімен алдын ала дайындалған түрлі сұрақтарға жауап береді. Қоржынның бір басына «Шашыратқыш», екінші басына «Құйғыш» тобының асықтары салынады.

Ойынның жүру тәртібі.


  1. «Визит карточкасы»

Әр топ өзінің дайындаған эмблемасын және өздерін таныстырады.

2.Өткенді тексеру.

Ойын әр команда капитаны қоржынның өз командасына арналған қалтасынан асық алуымен басталады.Команда мүшелерінің жауап беретіні ортадағы қамшыны алып, жоғары көтеріп,команда жауабын айтады.

«Шашыратқыш» тобы «Құйғыш» тобы

Сабақтан тыс шара«Ақпараттық калейдаскоп»Сабақтан тыс шара«Ақпараттық калейдаскоп»


  1. «Кім тапқыр?» конкурсы.

Төмендегі жұмбақтардың шешімін табыңыздар. Дұрыс жауап берген оқушы автофигура арқылы жылдам арада суретін салып береді.

1.Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады (Бұлт)

2.Аумаған қар,

Жакмаған қар.

Таңертен бар,

Сәскеде жоқ. (Қырау)

3 Жиегіне шатырдың,

Судан шеге қатырдым. (Сүңгі)

4.Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті. (Күннің күркіреуі)

  1. «Бейімділердің» конкурсы.

Үйге тапсырма берілді. «Қазақтың құнды өсиеттері» тақырыбына іздену. Қоржыннан неше сан шығады сол саннға қазақтың құнды өсиеттерін атап және бейнелеп беру.Мысалы: бес жаратылыс (күн, ай,жұлдыз,күндіз,түн) немесе бес қару(садақ, мылтық,найза, қылыш, айбалта)

Сабақтан тыс шара«Ақпараттық калейдаскоп»
Сабақтан тыс шара«Ақпараттық калейдаскоп»Сабақтан тыс шара«Ақпараттық калейдаскоп»

4 «Сиқырлы қылқалам» конкурсы

Киіз үйді құрудың бірінші сатысы киіз үйдің қаңқасының суретін салдырып, енді оларға өз беттерінше шығармашылық - ізденіс тапсырмасы ретінде киіз үйді жабдықтау кезеңдерінің суретін бейнелеуді тапсырдым. Бұл кезеңдерде оқушылар іздену арқасында қазақтың ұлттық мұрасы - киіз үй туралы қосымша әдебиеттерден ақпарат жинайды.

І кезең ІІ кезең

Сабақтан тыс шара«Ақпараттық калейдаскоп»Сабақтан тыс шара«Ақпараттық калейдаскоп»



ІІІ кезең ІV кезеңСабақтан тыс шара«Ақпараттық калейдаскоп»

Сабақтан тыс шара«Ақпараттық калейдаскоп»

Осы «Сиқырлы қылқалам» конкурсында оқушылар қазақтың киіз үйлерінің жабдық атаулары, киіз үйді қалай құру екендігі және киіз үйді жабдықтай кезеңдері туралы ұлттық - танымдық пікірлері қалыптасып, өз беттерінше компьютерде суреттерін кескіндеп шығады.
5.«Оюы көптің өрнегі көп,өрнегі көптің ермегі көп»

Оқушылар оюлардың өрнегін салып, түсінік береді.

Сабақтан тыс шара«Ақпараттық калейдаскоп»

Арнайы құрылған қазылар алқасының білім сайысына түскен әр топтың ойын барысындағы бағдарлама бойынша берілген тапсырмалардан алған ұпайларын қорытып(жауап бес балдық ұпайымен бағаланады), жеңімпаз анықталады.

Қол жеткізген нәтижем:



© 2010-2022