5 сынып Жұмыс Оқу Бағдарламасы

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы


Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.

  3. Оқыту міндеттері:

  1. ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

  2. есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  3. ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

  4. программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

  5. ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  6. жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

  7. алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  8. қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

  9. оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

  1. Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 6 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  3. 7 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  4. 8 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  5. 9 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

  1. Информатика курсын оқыту үдерісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асады.

  2. Математика пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану;

  2. калькулятор арқылы есептеулер жүргізу;

  3. графикалық редактор және электрондық кесте арқылы функциялардың графиктерін салу.

  1. Алгебра пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операцияларын пайдалану;

  2. электрондық кесте арқылы есептеулер орындағанда математикалық білімдерін пайдалану;

  3. стандартты функциялармен амалдар орындағанда әртүрлі есептеулер ережелерін пайдалану;

  4. кестелік процессорда графиктерді салғанда координаталық жүйені пайдалану;

  5. есептер шығарғанда қолданылатын амалдарды іске асыру мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика

  6. элементтерін пайдалану;

  7. математикалық объектілерді зерттегенде ақпараттық көзқарасты пайдалану;

  8. программалау тілінде суреттерді салу үшін координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өндеу.

  1. Геометрия пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. векторлық графика объектілерін құруда геометриялық фигуралармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану;

  2. әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді программалауда планиметрия формулаларын қолдану;

  3. геометриялық объектілерді модельдеу, геометриялық композицияларды құру.

  1. Физика пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. компьютердің архитектурасын, ақпаратты кодтау, санау жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан

  2. білімге тірек жасау;

  3. дыбыстың, бейненің және графиктің физикалық мәніне бағдар жасау;

  4. физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалану;

  5. алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру;

  6. дербес компьютердің құрылымының жұмыс істеуінің физикалық принципі.

  1. Қазақ, орыс және шетел тілдерімен пәнаралық байланыс:

  1. информатика терминдерімен сөздік қорды байыту;

  2. мәтіндік материалдарды рәсімдегенде орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;

  3. мәтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз әдебиетімен байланысты мәтіндерді пайдалану;

  4. жоба қорғау барысында, жарыс сөздер және ауызша жауаптарда сөйлеу мәдениетін дамыту;

  5. операциялық жүйелерді және программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  6. программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған әдебиеттерге еркін қол жетімдік;

  7. телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру.

  1. Биология пәнімен пәнаралық байланыс:

биологиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Химия пәнімен пәнаралық байланыс:

химиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Тарих пәнімен пәнаралық байланыс:

дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері.

  1. Бейнелеу өнері пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. жалпы ақпараттық мәдениет элементі ретінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

  2. мәтіндік және графикалық редакторларын оқу барысында қазақ және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Сызу пәнімен пәнаралық байланыс:

мәтіндік және графикалық редакторларын оқығанда ұлттық және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Технология пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. есептеулерде және шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану;

  2. ақпараттық іс-әрекет технологиясын меңгеру.

Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

Кіріспе (1 сағат):

техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):

информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері;

ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

  1. Компьютер (9 сағат):

компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері;

пернетақта;

программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі, операциялық жүйе ұғымы, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері;

файлдар, бумалар және белгішелер, бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту,

объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою, ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (17 сағат):

қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару;

қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру;

калькулятор, блокнот;

дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.

  1. Жобалық іс-әрекет (4 сағат).

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  1. 5-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

  1. қауіпсіздік техникасының ережесін;

  2. информатика пәні нені оқытатының;

  3. ақпарат түсінігін;

  4. ақпарат түрлерін;

  5. ақпаратты өңдеу тәсілдерін;

  6. ақпараттың өлшеу бірлігін;

  7. компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;

  8. компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеттері мен түрлерін;

  9. операциялық жүйе ұғымын;

  10. операциялық жүйеде жұмыс істеу тәсілдерін;

  11. операциялық жүйені басқару тәсілдері мен негізгі объектілерін;

  12. ақпараттарды тасымалдаушылар міндетін;

  13. графиктік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;

  14. мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;

  15. мәтінде теру ережесін;

  16. мәтінді редакциялау және пішімдеу тәсілдерін;

  17. калькуляторда жұмыс істеу тәсілдерін;

  18. сандық, дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша бағдарламаларда жұмыс істеу тәсілдерін;

  19. мәтіндік құжатты рәсімдеу тәсілдерін.

  1. 5-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

  1. қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;

  2. ақпараттың түрін анықтауды;

  3. ақпараттық объектілері мен процесстердің сандық параметрлерін бағалау, олар: ақпаратты сақтау үшін қажетті жады көлемін;

  4. компьютердің стандартты графиктік интерфейсін қолдануды;

  5. файлдармен, бумалармен, белгішелермен операциялар орындауды;

  6. қарапайым графиктік редактор құралдарымен графиктік объектілерді салуды;

  7. мәтіндік редактор құралдарымен мәтінді теруді, редакциялауды, пішімдеуді;

  8. аралас құжаттарды құруды;

  9. калькулятор арқылы есептеу нәтижелерін табуды;

  10. дыбыстық ақпаратты жазуды.




ИНФОРМАТИКА

5-сынып


Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Пәнаралық байланыс

Көрнекілік

Үйге тапсырма

1

2

3

4

5

6

7

8

Кіріспе - 1 сағат

1

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.

1


Қауіпсіздік техникасының ережесін, көз жаттығуларын білуі керек;

физика

тақырып бойынша слайд, компьютер, интерактивтік тақта, қауіпсіздік журналы

§1

ереже жаттау

Ақпаратжәнеақпараттықүдерістер - 3 сағат

2

Информатика. Ақпарат.

1


Қоғамда тірі табиғатта, техникада және адам іс - әрекетінде ақпараттарды өңдеу, сақтау, беру процесіне мысалдар келтіру



Тарих

Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері


§2


3

Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.

1


§3


4

Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі

1


-бит пен байт деген не екенін

-ASСII кодтарымен таныстыру


§4


Компьютер - 9 сағат







Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (10сағат)

5

Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері




1



Ақпарат тасымалдауға


жауапты ақпараттық


процестің параметрлерін

анықтауды, көлемін


анықтауды, компьютер


құрылғыларының жұмыс


принциптерін,


операциялық жүйе ұғымын


білу


Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері




Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері


§5,7


6

Пернетақта.

1



§6 43-49 бет


7


Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі



1



§8


8

Операциялық жүйе

ұғымы



1



компьютерлер, топтамалар,

§9

9


Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.


1



Компьютерлер, Интерактивті тақта

§10


10

Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту


1


Бумаларды, файлдарды құру және аттарын өзгерту.Объектілерді

Жылжыту және көшірудіоларды алмасу буферіне орналастыра білу

Анықтама жүйесінен ақпарат алу тәсілдерін




компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар

§11


11


Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.

Практикалық жұмыс №1



1



компьютер, интерактвті тақта, қима қағаздар, суреттер

§12


12

Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

1




§13


13

Практикалық жұмыс №2

1






Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - 17 сағат







§12


14

Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.

1


Графикалық редакторды аша білу, сурет салуды және оны сақтай білуді үйрету

Бейнелеу

презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері

§14

15



Графикалық редактордың сурет салу құралдары.



1




§15


16

Жарты жылдық бақылау жұмысы №1

1






17

Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.

1


Суреттерді редакторлеуді, фигуралардың түсін, сызық қалыңдығын өзгертуді білу дағдыларын қалыптастыру


Бейнелеу

Компьютерлер, Интерактивті тақта

§16


18

Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару.

1


Бейнелеу


§17,18


19

Практикалық жұмыс №3

1






20

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

1


Мәтіндік файлдарды

құруды, редакциялауды,

сақтауды, ашуды.


Файлдарға объектілерді


енгізуді , алмасу буферін


қолдануды

Қазақ тілі

Кестелер, презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері

§19


21

Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.

1


Қазақ тілі


§20


22

Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу.

1


Қазақ тілі

Компьютерлер, Интерактивті тақта

§21


23

Мәтінді пішімдеу және редакциялау. Қаріп. Абзац.

1


Қазақ тілі

§22

24

Мәтін үзінділерімен жұмыс.

1


Қазақ тілі

презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері

§23


25

Практикалық жұмыс №4

1





§24


26

Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу.

1


Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу әдістері


Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті

§25


27


Аралас құжаттарды құру. Практикалық жұмыс №5

1





§26


28

Калькулятор. Блокнот

1


Калькулятормен жұмыс дағдыларын қалыптастыру

Математика

презентациялар, компьютер, жұмыс дәптері математика 5 сынып оқулық

§27,28


29

Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбысты жазу

1


Әуен жазу, көшіру дағдыларын жетілдіру

Музыка

Компьютерлер, Интерактивті тақта

§29


30

Дыбыс жазу

Практикалық жұмыс №6

1



Музыка


§30


Жобалық іс-әрекет 4 сагат

31

Жобалық іс-әрекет;

1


Жоба әзірлеу


Компьютерлер, Интерактивті тақта

§31-34


32

Шығармашылық жұмыс

1


Жобаны қорғау


Компьютерлер, Интерактивті тақта



1-қосымша


33

Практикалық жұмыс №7

1






34

Қорытынды бақылау жұмысы №8

1





2-қосымша


© 2010-2022