Сабақ жоспары Алгоритм типтері: сызықты алгоритмдер (6сынып)

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері: сызықты алгоритмдер. Білімділік: Оқушыларды сызықты алгоритмімен таныстыру. Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық,жұмыс дәптері Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру                                           2.Жаңа тақырыпты түсіндіру                        ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика

Сынып: 6 «А»

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері: сызықты алгоритмдер.

Білімділік: Оқушыларды сызықты алгоритмімен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Жаңа тақырыпты түсіндіру

3.Тапсырмаларды орындау

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма

Жаңа түсініктер:

Анықтама. Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға - сызықтық, тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

  1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм өрнектелуіне қарай тізбектелген командалардан,ал блок схемалары бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.

Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.

  1. Тамақтану алгоритмін блок схема түрінде кесіндеңдер.

  2. Үй жұмысын дайындау алгоритмін блок схема түрінде кесіндеңдер.

  3. y=x2+5 есебін есептеу алгоритмін блок схема түрінде құру.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: Тақырыпты оқу.

Бағалау


© 2010-2022