Разработка по информатике на тему: WINDOWS ОЖ-ның стандартты бағдарламасы. Блокнот. Картотека

Тақырыбы: WINDOWS ОЖ-ның стандартты бағдарламасы. Блокнот. Картотека.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жұмыс WINDOWS стандартты бағдарламасы. Блокнот. Картотека. Күнтізбе.Калькулятор. Сағат және басқа бағдарламалар туралы қысқаша мағлұматтар жайлы көрсетіп түсіндіру.Тәрбиелік: Оқушыларды кабинетте компьютерде отырғанда, қосымша құрылғыларды аялауға, ток көзінен сақтануға, ұқыптылыққа, дер кезде берілген тапсырманы орындауға үйрету.Дамытушылық: Оқушыларды осы сабаққа қызықтыра отырып, осы ...
Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: WINDOWS ОЖ-ның стандартты бағдарламасы. Блокнот. Картотека.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларға жұмыс WINDOWS стандартты бағдарламасы. Блокнот. Картотека. Күнтізбе.Калькулятор. Сағат және басқа бағдарламалар туралы қысқаша мағлұматтар жайлы көрсетіп түсіндіру.

  • Тәрбиелік: Оқушыларды кабинетте компьютерде отырғанда, қосымша құрылғыларды аялауға, ток көзінен сақтануға, ұқыптылыққа, дер кезде берілген тапсырманы орындауға үйрету.

  • Дамытушылық: Оқушыларды осы сабаққа қызықтыра отырып, осы негіздерді ұқтыру, білімдерін әріқарай дамыту.

Материалды-техникалық базасы: Дербес компьютер, оқулықтар.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

  • Журнал бойынша білім алушылар тізімін тексеру (жоқтарын белгілеу).

  • Білім алушылардың сырт көрінісіне назар аудару, еңбек қауіпсіздігі талаптары мен эстетикасына киімінің сәйкестігі.

  • Техника қауіпсіздігін ескерту.

ІІ. Кіріспе нұсқау

  • Сабақ тақырыбын баяндау.

  • Сабақтың оқу мақсатын баяндау.

А)Бұрын өткен оқу материалын еске алу:

  • Алдынғы өткен сабақ бойынша оқу материалын қайталау

  • Білімалушыларға еңбек тәсілдерін көрсетуді ұсыну:

1. Ұйымдастыру бөлімі -5 минут

2. Негізгі нұсқау-25 минут

3. Оқушылардың өзіндік жұмысы- 200 минут

4. Қорытынды нұсқау-40 минут

Б)Жаңа сабақты түсіндіру:

  • Мамандықты меңгеру үшін осы жұмыстың маңыздылығын айтып түсіндіру: Осы жұмысты орындау барысында біз WINDOWS ОЖ-ның стандартты бағдарламасын меңгеріп оның маңыздылығын білетін боламыз. Қандай бұйымдарда (бөлшектерде) жұмыс тәсілдері орындалып, дағдылар машықталатындығын түсіндіру: Стандартты бағдарламада біз қарапайым бөлшектермен таныс боламыз. Жұмыс барысында сағат, блокнот, калькулятормен жұмыс істеуге машықтанамыз.

  • Дайын өнімдерді (бұйымдарды) көрсету, үлгілер, эталондар: Стандартты бағдарламалардың әрбір бұймын компьютер арқылы көрсету.

  • Дайын өнімнің өндіріске қандай қажеттілігі бар екенін айтып түсіндіру: Стандартты бағдарламалардың әр қайсысына жасаған өзгерістеріміз кез-келген саладағы өндіріске керекті ақпаратты өңдеу тәсілі болып табылады.

  • Сызбаларды талдау техникалық талартарына назарын аудару ( сызбаларды және техникалық талаптар мен шарттарды қатаң орындауға білімалушылардың назарын аудару, маңыздылығын түсіндіру): Стандартты бағдарламадағы берілген тапсырмалардың шарттарын қатаң орындауға үйретіп, оның келешекте өз ісінің ұқыпты маманы боларынүйрету.

  • Сызбаларды және техникалық талаптар мен шарттарды, дайындау технологияларын, арнайы пәннен алған білімдерін есепке ала отырып бекіту сұрақтарын қою. (сұрақтарды жаз): 1. Блокнот қандай қызмет атқарады?

2. Картотеканың қызметтері қандай?

3. Сағат не үшін керек?

4. Күнтізбе мен калькулятордың қызметі не?

  • Жұмыстың орындалу тәртібін нұсқаулық- технологиялық (инструкционно-технологической) карта бойынша айту: Стандартты бағдарламаға кіру үшін Бастау- Бағдарламалар- Қалыпталған тізбегінен өзіңізге керекті программа ашасыз.

  • Амалдар (тетіктерді жасау) орындау кезінде қолданылатын құрал- саймандар, қосмша құралдар, жабдықтар туралы айту: Жұмысқа кірісу үшін бізге ең бірінші нұсқаулық сызба, ДК, оқулық, Windows OS керек болады.

  • Жұмыс тәсілдерін көрсету (жәймен, жұмыс ырғағында, әр бөлігіне жекеше толық тоқталып көрсету). Жұмыс барысында өзін-өзі бақылау туралы айтып түсіндіру және өзін-өзі бақылау тәсілдерін көрсету: Өздеріңізді бақылау барысында жан- жағыңыздағы жұмыс жасаушыларға кедергі берместен абайлап жұмысты атқарыңыздар.

  • Амалдар арасын бақылау туралы айту: 1-11 аралығындағы амалдарды орындау барысында тексеріп тұрамын.

  • Таспырмаларды орындау және жұмыс орынын тиімді ұйымдастыру кезіндегі жұмыстың озық тәсілдері туралы айту: Жұмыстарды салыстырмалы түрде қарап, жақсы орындаған білімалушылардың жұмысын айтып отыру.

  • Негізгі сұрақтарға (нақтылап көрсету) ерекше көңіл аудара отырып, еңбек қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру: WordPad редакторын іске қосыңыз.Екі-үш жолдан тұратын мәтінді теріңіз.Техника қауіпсіздігін қатаң сақтаңыздар.

  • Жұмыс кезіндегі жарамсыздық (брак) алдын алу, жарамсыздық түрлері мен көп кездесетін қателіктерді атап өту (олардың түрлерін нақты көрсету): Жасалатын жұмыс кезіндегі ақаулар олар тура сызықтар қисық болып шыққан жағдайда оны туралап дұрысын көрстеу, брактарын жою амалдарын үйрету.

  • Өтілген оқу материалдарындағы белгілі сұрақтар бойынша білім алушылардың материалды меңгергендігін тексеру (сұрақтарды ) көрсету: Стандартты бағдарламалар тізбегінен бірнеше сұрақтар қоямын. Сол кезде білім алушылардың сол сабақты меңгергенітуралы мәлімет белгілі болады.

  • Білім алушыларға топ алдында меңгерген жұмыс тәсілдерін көрсету ұсыну, оның жұмыс тәсілін дұрыс түсініп, игергендігіне көз жеткізу: Берілген тапсыомаларды орындаған білім алушылардың жұмысының нәтижесін өздеріне көрсетуді тапсырамыз. Жұмысты толық меңгергендігін көз жеткізуін қамтамасыз етеміз.

  • Уақыт нормаларын баяндау (комплексті тақырыптарды орындауда): Уақыт мөлшерін 45 пен 180 минут аралығына екенін тексеретінімді атйп отырамын.

  • Білім алушыларға бағалау тәрітібін баяндау.

  • Кіріспе нұсқауды қорытындылау: Берілген тапсырмаларды толық тексеріп, бағларын баяндау, және стандартты бағдарламалардың жұмыс жасау кезіндегі маңызымен қорытындылау.

ІІІ. Ағымдағы нұсқау

  • Жаттығулар: №1

1.Калкуляторды іске қосып, арифметикалық (қарапайым) калькуляторға көшіңіз.

2.Оның негізгі пернелерінің қызметі туралы алу үшін олардың үсітнен тінтуірдің оң жақ пернесін, және «Что это такое?» жазуын тізбекті түрде шертіп «қарап» шық.

3.Калькулятор көмегімен Х жалақысының негізінде төменде келтірілген тәртіп бойынша еңбекақының көлемін қарапайым түрде есептеп шығар:

X=X+0.15*X (15%- «қазақстандық» коэффициент қосу);

X=X+0.12*X (алынған соманың 12% табыс салығын шегеру).

X=X+0.5*X (алынған соманың 50% көлемінде сыйақыны қосу).

4.Банкіге 50% жылдық өсіммен салынған 1000 тенгенің 2,5,10 жылдан кейінгі мөлшерін есепте.

2

1.Калькуляторды іске қос және ғылыми (инженерлік калькуляторға көш.

2.Оның негізгі қызметі туралы анықтаманы алу үшін олардың үстінен тінтуірдің оң жақ пернесін, және «Что это такое?»жазуын тізбекті түрде шартіп «қарап» шығыңыз.

3. 16 ондық санын тізбекті түрде екілік, ондық және алтылық санау жүйелеріне ауыстырып шығыңыз.

4.Мына сандардарды бір-біріне 16-лық санау жүйесінде қосып шығыңыз.:102+102=нәтижесін санау жүйесінде салыстырыңыз.


  • Білім алушылардың жұмыс орындарын мақсатты айналымдар:

Бірінші айналым: жұмыс орынының мазмұнын тексеру: Комьютер, нұсқау карта оқулықтар бар екенін тексеріп шебер көзін жеткіземіз.

Екінші айналым: еңбек тәсілдерінің дұрыс орындалуын бақылау: №1,2 берілген тапсырмаларды тексеріп дұрыс орындалуын қадағалап отырамыз.

Үшінші айналым: өзін бақылаудың дұрыс орындалуын тексеру: Шебер айтақн тапсырмаларды яғни №1,2жаттығуды дұрыс орындауын өзі қадағалау.

Төртінші айналым:

  • Жұмыс барысында техникалық жағдайларды сақтау дұрыстығын тексеру: №1,2 тапсырмаларды орындау барысында техника қауіпсіздігін қатаң сақтау керек.

  • Жұмысты қабылдау және бағалау: Біткен жұмысты уақытына қарап қабылдап, тез біріген білім алушыларға жақсы деген бағалар қоямыз, бітпеген оқушыларға жәрдем беру арқылы жұмысын тездетеміз.

  • Үлгерімі озық оқушыларға қосымша жұмыстар беру (жұмыс түрін көрсету): Берілген уақыттан бұрын біткен білімгерлердің жұмысын көрсетіп, қосымша №5 тапсырма береміз.

  • Бесінші айналым: аралық бақылаудың дұрыстығын тексеру (операция аралық): 1-11 аралығындағы амалдарды орындау барысында тексерген кездегі нәтижесін көрсету.

IV. Қорытынды нұсқау.

  • Бір күндік қорытынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау.

  • Әрбір білім алушының орындаған жұмыс сапасын бағалау.

  • Білім алушылардың орындаған жұмыс сапасын бағалау.

  • Білім алушылардың жұмыс барысында едәуір жіберген қателіктерін талдау.

VI. Жұмыс орнын жинау.

VІІ. Келесі сабаққа материалды- техникалық базаны дайындау.


© 2010-2022