11 сынып Сабақтың тақырыбы: HTML құжатының құрылымы

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11 сынып

Сабақтың тақырыбы: HTML құжатының құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға HTML құжаты, HTML құжатымен жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушыларға HTML құжаты, HTML құжатымен жұмыс істеу мүмкіндіктер

туралы толық түсіндіре отырып, өз беттерінше жұмыс істей алуларына

дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, тапсырмалар, HTML құжаты.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  3. Сабақты бекіту (компьютерге отырғызу).

  4. Сабақты қорытындылау.

  5. Бағалау.

  6. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа тақырып:

Негізгі ұғымдар:

HyperText Markup Language (HTML) - WEB ортасында гипертекстік құжаттарды жасауға арналған стандартты тіл. HTML-құжат кез келген пішімделмейтін текстік редакторда көруге және редакциялауға болатын қарапайым текстік файл болып табылады.

HTML-құжаттарды WEB-броузерлердің түрлі типтері арқылы көруге болады. HTML қолдану шрифтерді, сызықтарды және түрлі графикалық элементтерді қолданып кез келген оны көру жүйесінде көрсету үшін құжаттарды пішімдеуге мүмкіндік береді. Көптеген құжаттар тақырып, параграф және тізімдер сияқты стандартты элементтерден тұрады.

HTML-дің тегтерін қолдана отырып сіз браузерге өз құжатыңызды экранда қалай көргіңіз келетіні жайлы ақпарат бересіз.

HTML тегтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді:

  • Құжаттың денесі тұтастай WEB-броузер арқылы қалай көрсетілетінін анықтайтын тегтер;

  • Тақырып пен құжат авторы сияқты құжаттың жалпы қасиеттерін тегтер.

HTML-құжаттар қалай жасалынады?

HTML-құжаттарды кез келген текстік редактор немесе арнайы HTML-редакторлар мен конвертерлер арқылы жасауға болады. Біз Блокнот текстік редакторында жасап үйренеміз.

HTML-тегтер

Барлық HTML тегтері "<" символынан басталып, ">" символына аяқталады. Бастау (стартовый) тегі және аяқтау (завершающий) тегі болады.

Мысал ретінде бастау тегі мен аяқтау тегінің арасына орналасқан , құжат тақырыбын сипаттайтын тақырып тегін келтірейік:

Құжат тақырыбы

Аяқтау тегі бастау тегіне ұқсас, айырмашылығы тек бұрышты жақша ішіндегі мәтін алдында слэштің ( / ) болуында. Бұл мысалда тегі WEB-броузерге тақырып пішімінің (формат) қолданғанын, ал тегі мәтін тақырыбының аяқталғанын білдіреді.

Кейбір тегтер, мысалы,

(абзацты анықтайтын тег) аяқтау тегтерін қажет етпейді, бірақ оларды қолдану құжаттың бастапқы мәтінінің оқылуын жеңілдетіп, құрылымын жақсартады.

HTML тілінің құрылымы

Қүжат тақырыбы

Құжат тұлғасы

Көп жағдайларда HTML құжаттардың тақырыптары болады. Олар <Нn>Нn> тэгтер арқылы жасалады. Осы тэгтер ортасына текстімізді орналастырсақ, сізге белгілі көлемді такырып шығады.

<Н1> тақырып Н1>
<Н2> тақырып Н2>
<Н31> тақырып /НЗ>
<Н4> тақырып Н4>

<Н5> тақырып Н5>
<Н6> тақырьш Н6>

Ал енді жаңа абзацқа шығару үшін <Р>, ал жаңа жолға шығу үшін
тәгі жазылады. Бүл тәгтерді жабу керек емес. Әрине, егер сіз <Р> тәгінде ALIGN абзацты түзеу элементін қолданбасаңыздар:

<РALIGNE=LEFT> сол жақ шетке түзеуР>
<РALIGNE=CENTER> Ортаға келтіру Р>
оң жақ шетке түзеуР>

Кейбір тэгтердің белгілі бір параметрлермен қолданыла алады немесе қолдану тиіс, олар ашылған тэг элементтерінде жазылады (бір тэгте бірнеше параметр беруге болады). Мысалы, ашылып жатқан тэгінің бірнеше атрибуттары болуы мүмкін.

Мысал 1
Мысал 2
Мысал 3
Мысал 4 Мысал 5 Мысал 6

Сонымен түс туралы басынан айтып кетейік. тэгінің ішіне BGCOLOR параметрін жазып және оған түс атын немесе оның 6 орынды кодын беру керек.

Берілген екі мысал бетті қызыл түспен бояйды.

түстің аты колданылған
,,> түс 6 орынды кодпен берілген.

IV. Сабақты бекіту. практикалық жұмыс.

Оқушыларға тапсырма беріп, компьютерге отырғызу.

V. Сабақты қорытындылау.

Cонымен біз бүгін HTML құжаты, HTML құжатымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстық. Ол құжатты пайдаланып сендер өздерің берілген тапсырманы өз беттеріңше орындай алатындай болдыңдар.

VI. Үйге тапсырма Тэгтерді қайталау



© 2010-2022