Ашық сабақ информатика пәнінен тақырыбы: Компьютер. Компьютер құрылғылары

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ашық сабақ информатика пәнінен тақырыбы: Компьютер. Компьютер құрылғыларыАшық сабақ информатика пәнінен тақырыбы: Компьютер. Компьютер құрылғыларыАшық сабақ информатика пәнінен тақырыбы: Компьютер. Компьютер құрылғыларыАшық сабақ информатика пәнінен тақырыбы: Компьютер. Компьютер құрылғыларыАшық сабақ информатика пәнінен тақырыбы: Компьютер. Компьютер құрылғыларыАшық сабақ информатика пәнінен тақырыбы: Компьютер. Компьютер құрылғыларыАшық сабақ информатика пәнінен тақырыбы: Компьютер. Компьютер құрылғыларыАшық сабақ информатика пәнінен тақырыбы: Компьютер. Компьютер құрылғыларыАшық сабақ информатика пәнінен тақырыбы: Компьютер. Компьютер құрылғылары

Пәні:

Мұғалім:

Информатика


сыныбы

5

Сабақтың тақырыбы:

Компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері;


Мақсаты

оқушыларды "компьютер" түсінігімен таныстыра отырып, компьютердің құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру және құрамдас бөліктерін анықтау.

Күтілетін нәтиже :

1. "Компьютердің анықтамасын және компьютердің түрлерін біледі.

2. Компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін процессорды біледі

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық

Дереккөздер

Оқулық, әдістемелік құрал, ғаламтор

Әдіс-тәсілдер:

жұптық, топтық әдістер, сыни ойлау

Уақыты

Ресурстар

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс - әрекеті

5 минут








Кеспе қағаздар

Топқа бөлу:

Компьютер құрылғыларын т.б парақшаларға жазып бөлемін.

Шаттық шеңбері.


Оқушылар топқа бөлінеді. Монитор, ақпарат, компьютер болып топтасады.

Бір-біріне шеңберде тұрып жақсы тілектер айтады.






7 минут

Үй тапсырмасы:

Кластер қорғау

Ақпарат




Жауап: "Ақпарат" сөзі - латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика, физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. "Ақпарат " деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.

3 мин


«Сымсыз телефон» ойыны. «Интербелсенді тақта» сөзін айтамын.

-Ақпарат қандай процеске айналып тұр?

Оқушылар дөңгеленіп тұрады, бір - біріне естіген ақпаратты айтады.

10 мин

АКТ, ДК, компьютер кешені, слайд электрондық оқулық

Жаңа сабақ

Тақырыпты жариялау. Жаңа сабақты түсіндіру. Электрондық оқулықты қосып компьютердің әр құрылғысына тоқталып міндеттерін айту.

компьютер

Дербес компьютер

мейнфрейм

Суперкомпьютер

ьютер

Сервер


Дәптерге жазып отыру






2 мин

Бейнеролик

Сергіту сәті


Бейнероликтегі биді қайталайды

3 мин

интербелсенді тақта, слайд

Сұрақ-жауап:

- Адам мен компьютерде қандай ұқсастықтар бар деп ойлайсыңдар? (сыни ойлау)

- Адам не арқылы немесе қалай еңбектенеді?

- Олай болса, компьютердің қолы деп шартты түрде нені түсінеміз?

- Адам барлық ақпаратта қайда сақтайды?

- Адамның бет-бейнесін қалай көруге болады?

Құлақ-

Тіл-


Жауап:

Күтілетін жауап

қол арқылы

тышқан

мида-процессорда

ажарынан - монитордан

колонкалар

пернетақта

10 мин

Ертегі елінде


Авторлық орындық: Компьютер құрылғыларын қатыстырып ертегі құру

Түсіну: «Баяғыда бір компьютердің баласының туылған күні болыпты. Қонаққа көптеген компьютерлер, құрылғылар келеді. Олардың жақсылап той тойлап жатқанын көрген терезе қатты қызыға да, қызғана қарайды. Терезе ашылып кетіп, үйдегілер тоңып қалады. Сол кезде процессор терезені жауып, ішінен перде орналастырады. Терезе енді оларды көре алмай қалады. Компьютер тойды жақсы өткізеді» (процессорға)

«Баяғыда процессор шал мен монитор кемпір болыпты. Олардың жалғыз баласы пернетақта болады. Баласы үйленетін жар іздейді. Бірақ жер шарын іздестірсе де, таба алмайды. Бір күні шаршап келе жатса, алдынан программист шал шығады. Сен іздегеніңді 3 үш күн, 3 түн жүрсең, алдыңнан бір үлкен тау шығады, сонда үлкен мысық тұтқынға алып отыр дейді. Егер құтқарсаң, сол сенің жарың болуға лайықты деп жол көрсетеді. Пернетақта бар күшін бойына жинап келіп, жолға шығады. Барса, үлкен мысық пырылдап ұйықтап жатыр екен. Қалай құтқарамын, кімді құтқарамын деп ойлайды. Сөйтіп, мысыққа егер қарның үнемі тойсын десең, интернетті ал деп сыйлыққа беріп, құтқарып алады. Сөйтсе, айдай сұлу маус екен. Сол күннен бастап маус пернетақтаға жақсы жұп болған екен».

Оқушылар аудиожазбадағы ертегіні мұқият тыңдап, ертегінің не туралы болып жатқанын түсінуге тырысады, қай құрылғы жөнінде болып тұрғанын талқыға салады.

Жаңа сабақты меңгерту кезінде балалардың қызығушылығы жоғары, белсенді, әрі тақырыпты түсіну жеңіл болады.


3 мин

Электрондық оқулық

Бекіту : сұрақтарға жауап беру

Тақтаға сұраққа карточкасын көтеріп жауап береді.

1 мин Рефлексия


Мен үшін қиын болды, менің жетістігім, маған жеңіл болды

Топпен тұрып қолдарын ұстап бір сөзбен айтады.

1 мин Бағалау

Бағалау парақтарын жинап алу

Топ басшысы бағалайды

Үй тапсырмасы

Компьютердің бөліктері туралы ертегі құрастыру





«Дөң орта мектебі» КММ

Бекітемін___________

Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жемисова Г.А.











Ашық сабақ тақырыбы:

«Компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының

міндеттері және мүмкіндіктері»

5 класс





Мұғалімі: Бижанова Д.М.


















2015 жыл

© 2010-2022