Сабақтан тыс іс-шара тақырыбы Информатика әлемінде

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Алакөл орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар »

мемлекеттік мекемесі












Интеллектуалдық ойын


«Информатика әлемінде»


Информатика пәнінің мұғалімі:Абдрахманова А.Н.
























2015ж

23.10.201ж

…Интеллектуалдық ойынның тақырыбы: «Информатика әлемінде» 6-7 сынып аралығында

Мақсаттары:

1Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.

2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Ойынның барысы:

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі «Информатика әлемінде» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер.

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:

1.Таныстыру

2.Бәйге

3.Тапқыр болсаң тауып көр

4.Жеті жұрттың тілін біл

5.Кім жылдам

6.Сиқырлы әріптер

Әр бөлімнен кеиін әділ-қазылар алқасы топтардың балдарын жазып отырады,толық жауап 10 ұпай, орта жауап 5 ұпай,жауап жоқ болса 0 ұпай беріледі.

Әділ-қазы алқаларымен таныстырып өтейік:

1.

2.

3.

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Топтардың бәрін халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

1- бөлім. «Таныстыру»Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.

2-бөлімді : «Бәйге»бұл бөлімде әр топ басшыларына 5 сұрақ қойылады.

« 7 сынып» сұрақтары:

1.Ақпаратты кодтау дегеніміз не?

(Ақпаратты кодтау -дабылды бір пішіннен екінші пішінге түрлендіру үдерісі)

2.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі

(бит)

3.Мәтіндік ақпаратты ASCII кодталуында бір символға кодтау үшін қанша байт қажет?

(1 байт)

4.Жад дегеніміз не?

(Жад дегеніміз-ақпаратты сақтауға арналған құрылғы)

5.Жад нешеге бөлінеді?

(Жад ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді)

6.Пиксель дегеніміз не?

(Пиксель-ол компьютер экранындағы суреттің ең кіші элементі)

«6 сынып»

1.Монитормен көздің ара қашықтығы қанша болу керек?

(60-70 см)

2.Ақпараттық үдерістің неше түрі бар?

(3 түрі бар:сақтау,өңдеу,қабылдау)

3.Ақпараттың қасиеттерін ата

(шындық,толықтық,дұрыстық,дәлдік,өзектілік,құндылық)

4.Вирус дегеніміз не?

(Вирус дегеніміз- өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа)

5.Бірінші электронды есептеуіш машинаның элементтік базасы не?

(лампа)

6.Вирусқа қарама-қарсы үдеріс ?

(Антивирус)

3-бөлім «Тапқыр болсаң тауып көр» Бұл бөлімде жұмбақ жасырылады,шешуін тапқан топ белгіні көтереді.Қай топ бірінші көтереді сол топ жауап береді.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1.Қағазға тоймайтын құрылғы

(принтер)

2.Пернеден жасқанатын ,адам көмегімен басқарылатын,қорқақ,компьютердің кенже баласы

(тышқан)

3.Осынау күнде компьютер менің тұрағым

Үиімді мен «жаудан» қорғап тұрамын.

(антивирус)

4.Өзім шап - шақ денесі бар бір затпын,

Сан жетпейді есебіне мен арқылы алып жүрер құжаттың.

(флешка)

5. 1) Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.

(Принтер)

4-бөлім «Жеті жұрттың тілін біл» Әр топқа 2 сұрақтан қойылады жауабын 3 тілде айтады.

«7 сынып»

1.байтта неше бит бар?(сегіз, восемь,ейт)

2. Таңбалармен сигналдар жиыны(ақпарат )

«6сынып»

1.Мәлімет енгізу құрылғысы (пернетақта,клавиатура, )

2.Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы(тышқан,мышь,маус)

5-бөлім «Кім жылдам» Бұл бөлімде ішінде әр түрлі құрылғылар суреттер беріледі . Қосымша құрылғыларды бір жаққа негізгі құрылғыларды бір жаққа бөледі. Болған топ белгіні көтереді.Толық жауапқа 10 ұпай беріледі.

6- бөлім «Сиқырлы әріптер»Әр топқа бір сөздің шатастырылған әріптері беріледі сол сөзді қай топ бірінші құрастырады сол топ белгіні көтереді.жауап дұрыс болса 10 ұпай беріледі.

ПРОГРАММА

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

----------------------------------------

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! - деп әділқазылар алқасына сөз береміз.


© 2010-2022