Тізбектелген сабақ жоспары 5 сынып

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары.

5- сыныптағы информатика сабағы.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты

Оқытуда қолданылытын әдіс-тәсілдер

Оқып үйренудің

нәтижесі

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру

Қолданылатын бағалау түрі. Барлық оқушының сабаққа қатысқанын білу

Негізгі дерек көздер

1

2

3

4

5

6

1. Сандық ақпарттарды өңдеу. Калькулятор

Сабақтың мақсаты: Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту. Тақырыпты өз бетерінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа

тақырыпты ұғындыру .Ойын жинақтауға, өз пікірін білдіруге үйрену.

Санау арқылы топқа бөлу. «Жұп», «Тақ»

Үй тапсырмасын диалог арқылы ашу. Топтық жұмыс.

Визуалды айғақтар арқылы постер қорғау.

Ақпараттарды салыстыра отыра ой қозғау. Жаңа тақырыпты ЭО пайдалану арқылы ашу. Жеке жұмыс. Компьютерде бағдарламада тапсырмалар орындау. Диалог арқылы сабақты бекіту.

Ұжымдасып жұмыс жасады. Өзара-пікірталасты. Бір-бірін тыңдады, бағалады, өз көзқарастарын қорғады. Ортақ пікірге келді. Сандық ақпараттың маңызын анықтады.

Компьютерде бағдарламаны қосып, тапсырмаларды орындай білді. Функционалдық батырмалардың қызметін білді.

Топпен жұмыс жасағанда өзгенің сөзін бөлмей шыдамдылық пен тыңдады.

Сұрақтарға жауап бергенде, постер арқылы жаңа сабақты ашу кезінде қысқа нақты сөйледі. Өз ойларын жүйелі жеткізе білді. Бағдарлама

мен жұмыс жасағанда пәндік термин сөздерді дұрыс айтуға жаттықты.

Формативті бағалау. Сыни тұрғыдан пікір айта отырып бағалау. Постерді критерийлер арқылы бағалау. Бағдарламамен тапсырмаларды орындауда өзін-өзі бағалау.

Бағалау бетшесі

арқылы қорытып жиынтық бағалау.

Информатика оқулығы 187-194 беттер, компьютерден

Калькулятор бағдарламасы, Электронды оқулық, интернеттен калькулятор

дың тарихы туралы алынған мәліметтер.

2. Инженерлік калькулятор.

Мақсаты: Оқушылардың инженерлік калькуляторды өздігінен қосуға, күрделі есептерді шығару жолдарын меңгертуге жаттығу.

Метатану әлеуетін жетілдіру.

Оқушы бойындағы қабілеттілікті байқау.

Топқа бөліну. Жыл мезгілдері бойынша.

Миға шабуыл. Диалогтік оқыту. Түрткі сұрақтары,қайта бағыттау сұрақтары.

Тақырыпты ЭО арқылы ашу. Компьютерде бағдарламада тапсырмалар орындау. Жеке жұмыс. Кері байланыс постермен тақырыпты қорғау.

Оқушы инженерлік калькулятор туралы толық мәлімет алады.

Компьютерде инженерлік калькулятордың математикалық функцияларын пайдалана отырып, математикалық өрнектердің мәнін таба алады. Топпен бірігіп жұмыс орындай алады.

Үй тапсырмасын нақты дәлелдермен жеткізді. Миға шабуыл кезіндегі тапсырмаларды орындауда әрбір перненің атын, қызметін дәл, сауатты жеткізе білді. Топ арасында сұрақтар қоя білді. Бағдарламамен жұмыс қорытындысында өз еңбегін сыни тұрғыдан қорғап бағалай білді.

Формативті бағалау. Сыни тұрғыдан пікір айта отырып бағалау. Постерді критерийлер арқылы бағалау. Бағдарламамен тапсырмаларды орындауда бірін-бірі бағалау.

Бағалау бетшесі

арқылы қорытып жиынтық бағалау.

Информатика оқулығы. 194-198беттер. Компьютер калькулятор бағдарламасы.

Электронды оқулық.

3.Калькулятор бағдарламасын қорытындылау.

Мақсаты:

Оқушыларға калькулятор туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, логикалық және фантазиялық ойлау қабілеттерін, зейіндерін дамыту.

Топтық іс - әрекет барысында талантты және дарынды айқындау, білімдерін өзара сыни тұрғыдан бағалау.

Пернелер аты бойынша топқа бөліну. Миға шабуыл. Тест орындау. Жеке жұмыс.

Логикалық тапсырмалар орындау. Жұптық жұмыс. Топтық жұмыс.

Постер қорғау. Тараудан алған білімдерін жинақтау, пысықтау, бекіту. Эссе жазу. Сыни тұрғыдан ойлану. Диалог арқылы сабақты қорыту.

Калькулятор туралы толық ой қалыптасты.

Білімдерін нақтылады.

Бірігіп тапсырмалар орындай білді. Өз ойларымен бөлісті. Калькулятор, сандық ақпарат туралы түйгендерін жаза білді. Логикалық ойлау қабілеттері дамыды.

Топтық жұмыс постермен тапсырмаларын қорғау кезінде, жұптық жұмыс кезінде де ойларын нақты дәл жеткізе білді. Эссе жазу кезінде де ойларын шынайы жеткізді.

Формативті: критерийлер бойынша бағалау, тест жұмысы, логикалық есептер, топтық жұмыс нәтижесі бойынша бағалау бетшесінде жиынтық бағалау.

Топ басшысының бағалауы.

Информатика оқулығы.5 сынып Логикалық тапсырмалар.

Тест тапсырмалары

4. Дыбыс жазу.Фонограф

Мақсаты:

Оқушылардың компьютерлік техниканы пайдалану білімін кеңейту. Фонограф бағдарламасында жұмыс орындай білуге үйрету. Фонограф бағдарламасында дыбыс жаза және ойната алуға жаттығу.

Топқа бөлу. Суретті құрастыру бойынша.

Сәйкестендіру кестесі бойынша үйге берілген тапсырманы тексеру. Видеоролик. Мағынаны тану. ЭО. Диалог. Түрткі болу сұрақтары. Сыни тұрғыдан ойлау. АКТ. Компьютерде практикалық жұмыс.

Топтық жұмыс. Тақырыптық түйінді сөздер анықтау.

Кері байланыс. Тапсырма орындау.

Компьютерде дыбысжазу программасын қоса алады. Дыбыстық файлды құра алады және оны дискіде берілген орында файл түрінде сақтай алады. Дыбыстық файлдың өлшемі мен кеңеюін анықтай алады. Топта бірігіп жұмыс жасай білді.

Сыни тұрғыдан өз -өзін бағалауда шынайы сөйлеуге дағдыланды. Топтық жұмыста тапсырмаларды постермен қорғауда дұрыс, нақты сөйлеуге машықтанды.

Практикалық жұмыс бойынша өзін-өзі бағалау. Берілген тапсырмалар бойынша топтық бағалау. Білім ағашы бойынша

өз-өздерін бағалау.

Видеоролик.

Фонограф программасын дағы тапсырмалар. 5 сынып Информатика оқулығы



© 2010-2022