План урока по информатике на тему Информатика алгырлары

Мақсаты:Білімділік : Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу. Түрі: Ақыл - ой зерделі ойыныЖоспары:1. Өткенді қайталау аралы 2. Ғажайып жұмбақтар аралы3. Теңге алу аралы4. Таңғажайып тапсырмалар аралы
Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» КММ













План урока по информатике на тему Информатика алгырлары









/ақыл-ой зерделі ойыны/







Информатика пәнінің мұғалімдері: Чоканова А.К.

Биязбаева Д.О.





2015 жыл



Тақырыбы: "Информатика алғырлары" /сайыс/

Мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой -өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Ақыл - ой зерделі ойыны

Жоспары:

1. Өткенді қайталау аралы

2. Ғажайып жұмбақтар аралы

3. Теңге алу аралы

4. Таңғажайып тапсырмалар аралы

Барысы:

Сайысқа қатысушылар, бүгінгі "Информатика алғырлары» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана "Информатика алғырлары" атына ие болады. Ойын 4 айналымнан тұрады.

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып қөріңдер - дей отырып ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық!

1-ші топ Компьютер тобы

2-ші топ Принтер тобы

3-ші топ Винчестер тобы

4-ші топ Процессор тобы

1. Өткенді қайталау аралында 4 топқа төмендегі сұрақтар таратылады, оқушылар белгілі бір уақытта топпен отырып жауап береді, жауабы экраннан көрсетіледі. Топтар алмастырып бір-бірінікін тексереді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (Сканер)

2. Ақпартты енгізуге арналған құрылғы? (Пернетакта)

3. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)

4. Бос орын қалдыру пернесі? (Пробел)

5. Ақпаратты шығару құрылғысы? (Принтер)

6. Дыбыс жазу құрылғысы? (Микрофон)

7. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы? (Монитор)

8. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD-ROM)

9. Дыбыс шығаратын құрылғы? (Колонка)

10. Орындаушы орындай алатын командалар тіздегі (Алгоритм)

11. Информация өлшем бірлігі? (Бит, байт)

12. Windows сөзінің аудармасы? (Терезе)

13. Сурет салуға арналған программа (Графиктік редактор)

14. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (Жұмыс үстелі)

15. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі? (Delete)

2. Келесі айналым «Ғажайып жұмбақтар» аралында топтарға жұмбақтар жасырылады, қай топ бірінші жауабын айтады сол топқа ұпай беріледі.

«Ғажайып жұмбақтар»

Бұтақ орнында мың бір инесі

Компьютер жаны мекені

(жауабы: кактус)

Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші

(жауабы: тышқан)

Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады?

(жауабы: принтер)

Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді?

(жауабы: сканер)

Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады

(жауабы: меңзер)

Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек

(жауабы: монитор)

Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер

(жауабы: бит)

3. «Теңге алу» аралында теңгелерге сұрақтар жасырылады, теңгені таңдай отыра топтар сұрақтарға жауап береді, әрбдір топ өз өоржындарына теңге жинайды

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? жауабы: компьютер

ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? жауабы: 60-70 см

План урока по информатике на тему Информатика алгырлары

ҚПлан урока по информатике на тему Информатика алгырларыоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер? Жауабын үш тілде айтыңыз!




25 санына келтірілген төмендегі алгоритмнің орындалу нәтижесі қандай?

Басы

10-ды қос

37-ні қос

50-ді алып таста

Нәтижені хабарла

Соңы

Сергіту сәті

«Таңғажайып тапсырмалар аралы».

Карточкалар таратылады, оқушылар компьютермен практикалық тапсырмалар орындайды.

Қорытынды: Топтардың жинаған упай сандарын санау, ең жоғары ұпай жинаған тапқа «Информатика алғырлары» атты номинациясын беру

Бүгінгі ашық шарадан алған әсерім ?

Оқушылар өз ойларын «Алма» стикерлеріне жазады, тлпта оқылады,себетке салынады


© 2010-2022