Информатикадан 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

ДОІЖО: Г.К.Аймукашева

№1 сабақ

Сыныбы: 6

Күні:6.09. Мұғалімі: Л.М.Хамитова

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының

ережелері. Көз талғанда жасалатын жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып

жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет

ережелерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың өту әдісі: Көрнекіліктерді пайдаланып түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пунктгерге бөлуге болады:

1.Жалпы

  1. ДК-де жұмысты бастау алдында

  2. Жұмыс істеу кезінде

  3. Авариялық жағдайларда

  4. Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  3. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.

  5. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
    Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

  6. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.

  7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдай-да екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70cм) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.

  2. Келушілер кіргенде окушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше

жаттығу орындау керек.

4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

Апат жағдайлардағы кауіпсіздік талаптары:

  1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.

  1. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

  2. Қажет болса, электр тогымен закымданғандарға алғашкы көмек көрсете білу керек.

4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

5. Егер зақымданған адам электртогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:

  1. Аппаратураны оқытушының нұүсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР

1-жаттығу

  • Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмындар.

  • Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашындар.

Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.

2-жаттығу

  • Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.

  • Көздерінді талдырмаңдар.

  • Алысқа қадалып қарандар.

3-жаттығу

  • Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қарандар.

4-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, COЛFA қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қарандар.

5-жаттығу

- Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.

- Алысқа қадалып қараңдар.

6-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

7-жаттығу

- Көздерінді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.

Үйге тапсырма:

Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау.

Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау


Бекітемін:

ДОІЖО: Г.К.Аймукашева

№2 сабақ

Сыныбы: 6

Күні:13.09. Мұғалімі: Л.М.Хамитова

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, әлемнің ақпараттық көрінісі, ақпараттық үдерістер түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың өту әдісі: Көрнекіліктерді пайдаланып түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

"Ақпарат" сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі: философия, экономика физика, математика, информатика т.б. салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. "Ақпарат" деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.

Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге торғай тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатынын, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНК молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зерттеу нәтижесінде пайда болады.

Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.

Ақпарат материямен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдык саясаттық-әлеуметгік-экономикалык, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т. б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

  1. статикалық (тұракты) немесе динамикалық (айнымалы) ;

  2. алғашқы (кірістік), туынды (аралык.) немесе шығыстық;

  3. басқарушы және мәлімет беруші;

  4. объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анық-тық), бағалылық, маңыздылық(актуалдык), айкындылық, қыскалық, нанымдылық.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өндеу мысалдары:

Жануарлар өздерінің жерлерін корғап, иісті белгілер калдырып кетеді.

Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден кетеді.

Жарғанат караңғыда ұшканда ультрадыбысты толқынды жібереді, олар әр түрлі заттардан шағылып оралып қабылданады, оған қайта кеңістікке бағытталуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты өндеу мен берудің көптеген тәсілдері бар.
Адам сол немесе басқа тілді ишарат, ым мен дыбысты қолдана отырып, ақпарат беріп, оны кез келген сезім мүшесі арқылы қабылдай алады.Баска сөзбен айтқанда адам акдаратты сигнал немесе таңба түрінде береді, өңдейді және қабылдайды. Сигнал жарық, дыбысты (радиотолқывдар), электромагниттік, биохимиялық т. б. бола алады. Сигналды бірнеше типтерге бөлуге болады:

  1. Физикалык табиғаты бойынша электромагниттік, арық, жылылық, дыбыс, механикалык, биохимиялық;

  2. Қабылдау тәсілі бойынша көру, есту, дәмді сезу, аурулық, физиологиялық.

Белгі деп кез келген тілдің алфавитін, ым-ишарат тілдерінің белгілерін, кез келген кодтар немесе шифрларды, ноталык белгішелерін т. б. санауға болады. Акдаратты өңдеу процесі ақпаратгы тасушы мен ақпаратты беру мен ақпаратты өндеу құралдарының болуын ескереді.

Ақпаратгы тасушы оны сақтайды, оған бұл акпаратқа сәйкес таңбаны немесе сигналды жазуға болады. Ақпаратты беру құралы - бұл адам, тілдері, телекоммуникация құралдары, тірі табиғаттағы биохимиялық процестер т. б.

Адам ақпаратгы кем дегенде үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда: физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері), ақылмен ойлау деңгейде, аңдаусыздық деңгейде. Бұдан басқа адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді.

Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат - бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады.

Кім ақпарат хабарласа сол акпарат көзі болып табылады. Мысалы, муғалім, окушы, саркырама шуылы, т.б. Кімде-кім ақпаратты к,абылдап алса, онда ол акпарат қабылдаушы болып табылады. Мысалы, адам, жануар, өсімдік, т.б. Ал ақпарат тасуыш: сынып тактасы, журнал, ауа бөлшектері, радиотолкындар, кағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискет, сурет, слайд, перфокарта, ген т. б. бола алады. Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.

Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.

  • Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.

  • Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы, қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.

  • Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.

  • Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды.

Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.

Бейнелік ақпарат деп- табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.

Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады себебі әр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфавиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.

Тапсырмалар:

№ 1-14 тапсырмаларды орындау

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  • Адам ақпараттың қандай түрлетін қабылдай алады?

  • Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

  • Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір

  • Адам ақпаратты қалай сақтайды?

  • Жеткізушіден қабылдаушыға ақпарат қалай беріледі?

  • Қандай процестерді ақпаратттық процесс деп атайды?

  • Қатынас тілі дегеніміз не?

  • Қандай тілдерді білесіңдер?

  • Бейнелік, таңбалық ақпарат деген не?

Үйге тапсырма. Табиғаттағы ақпарат түсінігі, ақпарат түрлері және он табиғатта өңдеу, сақтау, беру тәсілдерін оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.1.7, 8, 9 тапсырмаларды орындау

Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау

Бекітемін:

ДОІЖО: Г.К.Аймукашева

№3 сабақ

Сыныбы: 6

Күні:20.09. Мұғалімі: Л.М.Хамитова

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты

мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың өту әдісі: Көрнекіліктерді пайдаланып түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Сабақты бекіту.

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Бағалау

Жаңа түсініктер:

Ақпараттың қасиеті - шындық, толықтық, дұрыстық, дәлдік, өзектілік, құндылық

Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.

  • Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.

  • Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы, қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.

  • Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.

  • Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды.

Сабақты бекіту сұрақтары:

Тапсырмалар:

Шындық

Толықтық

Дұрыстық

Дәлдік

Өзектілік

Құндылыө

Үй тапсырма.

Ақпараттың қасиеттері.

Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау

Бекітемін:

ДОІЖО: Г.К.Аймукашева

№4 сабақ

Сыныбы: 6

Күні:27.09. Мұғалімі: Л.М.Хамитова

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпаратты қорғау, вирусқа қарсы программалар түсінігін қалыптастыру, сипати мен түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың өту әдісі: Көрнекіліктерді пайдаланып түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Сабақты бекіту.

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Бағалау

Үй тапсырмаcын сұрау

Ақпараттың қасиеттері.

Жаңа түсініктер:


  • Компьютерлік вирустар тарихы

  • Вирустар

  • Үйлеріңдегі компьютерлерің вируспен зақымданды мА?

  • Компьютер қалай зақымдануы мүмкін?

  • Зақымдану белгілері пайда болғанда не істеу керек?

  • Вирусқа қарсы программалар

  • Зақымданудың алдын алу ережелері

Сабақты бекіту сұрақтары:

Қызықты апарат «ең, ең, ең…»

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

КТЖ А, В, С деңгейі

Үйге тапсырма.

Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау


Бекітемін:

ДОІЖО: Г.К.Аймукашева

№5 сабақ

Сыныбы: 6

Күні:4.10. Мұғалімі: Л.М.Хамитова

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпаратты қорғау тәсілдерінің бірі - мұрағаттау туралы түсінігін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың өту әдісі: Көрнекіліктерді пайдаланып түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Сабақты бекіту.

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Бағалау

Үй тапсырмаcын сұрау

Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

  • Компьютерлік вирустар тарихы

  • Вирустар

  • Үйлеріңдегі компьютерлерің вируспен зақымданды мА?

  • Компьютер қалай зақымдануы мүмкін?

  • Зақымдану белгілері пайда болғанда не істеу керек?

  • Вирусқа қарсы программалар

  • Зақымданудың алдын алу ережелері

Жаңа түсініктер:


  • Ақпаратты қорғау тәсілдері

  • Мұрағаттау

  • Мұрағатты қалай құруға болады?

  • Әртүрлі ақпаратты қалай сығуға болады?

Сабақты бекіту сұрақтары:

КТЖ А, В, С деңгейі

Сығу әдісі: txt, wav, bmp, jpg, mp3

Үйге тапсырма.

Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау

Бекітемін:

ДОІЖО: Г.К.Аймукашева

№6 сабақ

Сыныбы: 6

Күні:11.10. Мұғалімі: Л.М.Хамитова

Сабақтың тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың есептеу техникасының даму тарихы, римдік абак, шот, феликс арифмометрі,беббидж аналитикалық машинасы, ЭЕМ кезеңдері, буындары туралы түсінік беру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, денсаулықтарын сақтауға, заман ағымына сай алға ұмтылуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың өту әдісі: Көрнекіліктерді пайдаланып түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

конференція сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Сабақты бекіту.

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Бағалау

Үй тапсырмаcын сұрау

Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.

.

  • Ақпаратты қорғау тәсілдері

  • Мұрағаттау

  • Мұрағатты қалай құруға болады?

  • Әртүрлі ақпаратты қалай сығуға болады?

Жаңа түсініктер:

  • Ерте кездегі есептеу машиналары

  • Механикалық есептеу құрылғысы

  • Аналитикалық машина

  • Программа

  • АДА программалау тілі

  • ЭЕМ кезеңдері

  • ЭЕМ 1,2,3,4 буыны

  • Болашақ 5 дуыны

Сабақты бекіту сұрақтары:

КТЖ А, В, С деңгейі

Түйін жасау!

Үйге тапсырма.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны

Тест тапсырмалары

Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау

© 2010-2022