Тапқыр дос Сыныптан тыс сабақ

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тапқыр дос

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру,

білім деңгейін көтеру, сөйлеу шеберлігін, есте сақтау қабілетін

дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа,тапқырлыққа баулу.

Түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: компьютер,интерактивтік тақта, тапсырмалар, викториналық

сұрақтар

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды екі топқа бөлу.Сайыстың ережесімен таныстыру. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Екі топтан 5 оқушыдан 10 оқушы қатысады.

І кезең «Өзім туралы»

ІІ кезең «Кім жылдам?»

ІІІ кезең «Қисынды ойлай білейік!»

IV кезең «Сен маған, мен саған»

V кезең «Компьютермен жұмыс»

VI кезең «Капитандар сайысы»

ІІ. Негізгі бөлім

І кезең «Өзім туралы»

Екі топ өздерін таныстыра отырып, өздерінің жасаған презентацияларын ұсынады.

І топ- Топ жетекшісі: 8- класс оқушысы

ІІ топ- Топ жетекшісі: 8- класс оқушысы

ІІ кезең «Кім жылдам?»

Әр топқа 13 сұрақтан беріледі. Сұраққа жылдам жауап беру қажет.

І топ

  1. Paint қандай редактор? (графиктік)

  2. ЭЕМ-нің неше буыны бар? (5)

  3. «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарльз Беббидж)

  4. Морзе әліппесінде қандай таңбалар бар? (нүкте,сызықша)

5. Ақпараттың кіші өлшем бірлігі? (бит)

6. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылығы? (микрафон)

7. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор қалай аталады? (пентиум)

8. Музыкалық файлдың кеңейтілуі? (mp3)

9. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (латын)

10. Программалау тілі? (Паскаль)

11. Екілік жүйенің сандары? (0 мен 1)

12. Вирусты жоятын программа? (антивирус)

ІІ топ.

  1. WordPad қандай редактор? (мәтіндік)

  2. Компьютердің зиянды құрылғысы? (монитор)

  3. Интернетке шығу құрылғысы? (модем)

  4. ASCII коды қанша жолдан, қанша бағаннан тұрады? (16/16)

  5. Алгоритм қай ғылымның есімімен байланысты? (Әл-хорезми)

  6. Дыбыс жазу бағдарламасы ? (фонограф)

  7. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы? (компьютер)

  8. «Компьютердің миы»? (процессор)

  9. Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)

  10. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны? (файл)

  11. Әр түрлі программа орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)

  12. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)

  13. Дүниежүзілік желі? (интернет)

ІІІ кезең «Қисынды ойлай білейік!»

Әр командаға 1 логикалық есеп беріледі.

І топ.

Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен 01110001 мектептің 1001-сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 00100101 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.

Жауабы: Мен 15 жастамын. Мектеп табалдырғын 7 жасымда аттадым. Мен 71 мектептің 9- сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы бар. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.

ІІ топ.

111-класс оқушысымын.Сыныпта 00010110 оқушы бар. Класс өте ұйымшыл. Біз 000100000011 мектепте оқып жатқанымызды мақтан етеміз.

Жауабы: 7-класс оқушысымын.Сыныпта 16 оқушы бар. Класс өте ұйымшыл. Біз 103 мектепте оқып жатқанымызды мақтан етеміз.

IV кезең «Сен маған,мен саған»

Екі топ бір-біріне дайындап келген ребустарын шешеді.

V кезең «Компьютермен жұмыс» (10 балл)

Әр командадан бір оқушыдан шығады.І топ 8-наурыз,І І топ 22- наурыз мерекесіне байланысты тілектерін Word мәтіндік редакторында жазады. Парақ әсем безендірілуі керек. 5 минутта мәтінді теріп болуы керек.

VI кезең «Капитандар сайысы»

І топ «Интернет» сөзінің мағынасы мен қолданылу шеңбері туралы ойларын айтуы керек.

ІІ топ «Электрондық пошта» дегеніміз не,оның кәдімгі поштадан ерекшелігі қандай?

Көрермендермен сайыс.

Сайыс жеңімпаздарын анықтап,мақтау грамотасымен марапаттау.

© 2010-2022