Интернет тақырыбына арналған сабақ жоспары және тест

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернетпен танысу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Интернет ұғымымен таныстыру, оның шығу тарихы туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпқа байланысты алған білімдеріне анализ жасауын, ең негізгісін таба білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерлік сауатылықтарын ашу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: лекция сабақ.

Көрнекілігі: презентация (1-слайд. Тақырыптың аты.

2-слайд. Интернетті ашқан адамдардың суреті).

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе.

ІІІ. Жаңа тақырып.

ІV. Жаңа тақырыпты пысықтау.

V. Қорытынды.

VI. Үй тапсырмасын беру.

VII. Бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) амандасу;

ә) танысу;

б) түгендеу;

в) сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе.

Бүгінгі өтетін сабағымыздың аты «Интернет. Интернетпен танысу».

Бүгін біз, Интернетпен, интернеттің шығу тарихын, оның мүмкіндіктерімен танысамыз. Сендер Интернет деген сөзбен таныссыңдар. Өздерін айта қойындаршы Интернет дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер? Ол не үшін керек?

ІІІ. Жаңа тақырып.

Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды (глобальды) желілер (CompuServe, America On Line, MS NetWork және басқалар) бар, бірақ елге ең белгілісі - Интернет желісі.

Интернет - бір-бірімен байланыс арналарымен және бірегей деректерді қабылдау және жіберу стандарттарымен біріктірілген, байланысқан компьютерлер мен компьютерлік желілердің жиынтығы. Ол жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік информациялық жүйе болып табылады.

Бүгінгі күнде осы информациялық кеңістікке 120 млн-нан аса пайдаланушылар қосылған. Олардың әрқайсысы одан өзіне қажеттісін тауып, оған қажетті деп есептейтінін бере алады. Мұның нәтижесінде Интернет информация ресурстарымен үздіксіз толтырылып отырады.

Интернет 1969 жывлы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET оқу орындарын, әскерлер мен әскери мердігерлерді біріктіретін желі болған. Ол басында зерттеушілердің информация алмасуына көмек үшін, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған. ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютердегі программаны іске қосуға мүмкіндік береді. Ұзамай, бұл мүмкіндіктерге файлдарды жіберу тізімдері қосылды. Мұндағы мақсат - бір мәселемен айналысатын зерттеушілерге информация лмасуға, өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру.

Бірақ ARPANET өскен сайны басқа желілер де дамып, оларды бір-бірімен байланысқан желілерден тұратын Интернет желісі дүниеге келді. Желіаралық құрылымдар жұқмыс істеуі үшін әр түрлі желілер арасында деректер алмасу қалай жүретінін анықтайтын ережелер, яғни хаттама жазу қажет болды. Компьютер тілінде хаттама дегеніміз - келісімдер жиынтығы, ал ол болса, түрлі программалар арасында деректер алмасуды реттейді. Хаттамалар желі деректерді қалай беретінін және қателерді қалай өндейтінін жазып береді.

Оларды пайдалану деректер алмасудың жүйені нақтылы информациялық жүзеге асуына байланыссыз стандарттарын жасауға мүмкіндік береді.

Интернетте ТСР/ІР хаттамасы пайдаланылады. Бұл әріптер Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (Беруді басқару хаттамасы/желіаралық хаттама) дегенді білдіреді. ІР желідегі адрестеуге жауап береді., ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді, олар 1974 жылы жасалған. Егер біз Интернетке қысқаша анықтама іздесек, онда оны жай ғана бұл ТСР/ІР хаттамасын пайдаланатын желілердің желісі деп атауға болады.

Байланыстың талшықты-оптикалық және спутниктік тізбектерімен ең өнімді азған компьютерлер Интернеттің тірек желісін құрайды. Тірек желісінде суперкомпьютрлер жұмыс істейді, олар әдетте АҚШ территориясындағы аса ірі университеттік немесе ғылыми орталықтарда орналасқан. Тірек желісінде информация беру жылдамдығы секундына бірнеше Гбит-ке жетеді.Тірек желісіне, мысалы қарамағында ұлттық көлемдегі компьютерлік желілер ңбар тек ірі ұйымдар ғана қосылады. Олардың байланыс тізбектерінің өткізу қабілеттілігі ондаған, тіпті жүздеген Мбит/с болады. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты олардың өнімділігі ондаған Мбит/с-қа дейін барады. Кейін бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке пайдаланушылар қосыла алады. Ақы төлеу негізінде Интернетке қатынас құруға мүмкіндік жасайтын ұйымдар мен жеке адамдар провайдерлер деп атайды. Интернетте көптеген әр түрлі қызметтер жұмыс істейді.Ең кең тарағандары электрондық почта (E-mail), www (World Wide Wed) жүйесінің және онымен байланысты хаттамалардың пайда болуынан туындады. World Wide Wed-тег құжаттар үшін арнайы программалар - браузерлер болады, олар мұндай құжаттарды экранда көрсете алады. Браузердің көмегімен біз www құжаттарының көпшілігімен қатынаса аламыз.Wed құжаттарының кез келгенінің әдетте гиперсілтемелері болады. Гиперсілтеме - бұл басқа Wed -құжаттың адресі байланысқан тектің үзіндісі немесе құрамдас обьект.

Браузерге қарағанда текстік гиперсілтемелер түспен және астын сызумен, ал графикалық гиперсілтемелер жақтаумен ерекшеленеді. Тышқанның нұсқағышын гиперсілтеме болып табылатын обьектіге тураланғанда нұсқағыш пішінін өзгертіп, алақан бейнесін қабылдайды. Гиперсілтемені шерткенде браузер автоматты түрде бұл сілтеме нұсқаған Wed-құжатты, тіпті бұл құжат басқа континетте орналасқан компьютерде болса да жүктейді. Осылай гиперсілтемелер юойынша бір құжаттан басқасына өтіп жүріп, Wed-кеңістігі бойынша саяхатжасауға болады. Ең танымал және кең тараған браузер - Nets - cape Navigator, одан соң - Internet Explorer. Ол Windows 95 операциялық жүйесіне қоса қойылады.

Интернетте информация іздеу.

Бүкіләлемділік желіде әр сервердің өзіндік ерекше аты бар, ол домендік атау деп аталады, ол бойынша стандартты хаттамалардың бірінің шегінде оған қатынас құру жүзеге асырылады. Интернет абоненттерінің бір-бірімен байланысы оңай болу үшін, адрестердің бар кеңістігі аймақтарға - домендерге бөлінеді. негізінен домендер екі әріп үйлесімімен анықталатын географиялық аймақтарды көрсетеді.Мысалы, Франция -fr, АҚШ -us, Россия -ru, Қазақстан - kz, бұрынғы КСРО- su.

Домендік адресте алдымен компьютердің аты, содан соң ол қосылған желінің аты келеді. Бірақ тақырыптық белгілеріне қарай бөлінетін доиендер де болады. Мысалы, коммерциялық ұйымдар - com, оқу орындары - edu,халықаралық - int.

Компьютердің аты өзіне бірнеше домендік деңгейлерді қосады. Әр деңгей басқасынан нүктемен бөлінеді. Жоғарғы деңгейдегі доменнің сол жағында тұрған барлық атаулар ол үшін бағыңынқы домен болады. Мысалы, home microsoft.com атауы. Мұнда com - коммерциялық ұйымдар үшін ортақ домен. home microsoft-қа бағыныңқы домен, ал өз кезегінде com-ға бағыныңқы домен болып табылады.

Интернетте информацияны қарап шығу үшін Internet Explorer браузерін пайдалануға болады.

Internet Explorer браузерін іске қосу үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

Пуск - Программалар - Internet Explorer,

немесе Internet Explorer пиктограммасында екі рет шерту керек. Сонда диалогтық терезе шығады да, компьютер автоматты түрде провайдердің нөмірін тереді. Егер модемнің динамигі қосылып тұрған болса, телефон нөмірін теру дыбысын еститіңдер, содан соң екі немесе үш гудок , бірнеше минут жағымсыз шиқыл естіліп тұрады, бұл модемнің байланыс орнатып жатқанын білдіреді. Explorer программасы сендерді Интернет қызметтері провайдерімен байланыстырады, содан соң Internet Explorer терезесін кескіндейді.

Internet Explorer программасы іске қосылған соң, экранда Мicrosoft Internet Explorer терезесі пайда болады. Беттің мазмұнын көру үшін айналдыру батырмаларын пайдаланыңдар. Асты сызылған текст кездескенде, тышқанның нұсқағышы қолдың пішінін қабылдайды- демек, алдарында байланыс (гиперсілтеме).

Осы мәселеге немесе тақырыпқа қатысты информацияны көру үшін жай ғана осы байланысты шерту керек. Мысалы, ақпаратты өздерінді қызықтыруы мүмкін басқа Wed-тораптармен байланысты көру үшін ең жақсысы Wed-тораптарға шығыңыз байланысын шертуге болады, бұл кезде оларға осы байланыспен өтуге болатын Wed-тораптар тізімі күннен-күнге өзгеріп отыруы мүмкін.

Байланыс бойынша өткен соң алдыңғы бетке қайта оралу үшін инструменттер тақтасындағы Назад батырмасын шерту керек. Қандай да бір тақырып бойынша Wed-бетті неғұрлым жылдам табу әдісі - тақырып бойынша іздеу. Келесі сабақта сендер Интернеттен ақпаратты іздеуді үйренесіңдер.

ІV. Жаңа тақырыпты пысықтау.

Тест жұмысын алу. 3-5 минут.

  1. Арпанет компьютерлік желінің құрылуы нешінші жылы басталды?

А) 1975 ж

*В) 1969 ж

С) 1945 ж

Д) 1980 ж

  1. Ақы төлеу негізінде Интернетке қатынас құруға мүмкіндік жасайтын ұйымдар мен жеке адамдар не деп атайды

*А) провайдерлер

В) драйверлер

С) принтерлер

Д) мониторлар

3. ІР желідегі адрестеуге жауап береді., ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді, олар нешінші жылы жасалған.

А) 1975 ж

*В) 1974 ж

С) 1984 ж

Д) 1978 ж

  1. Франция, АҚШ, Россия, Қазақстан, бұрынғы КСРО орналасқан доменді көрсет:

* А) fr, us, ru, kz, au

В) ru, tu, nc, gr, fs

С) et, ru, wd, nf,df

Д) ua, gd, gs, kt, bf

  1. Internet Explorer браузерін іске қосу үшін мына әрекеттерді орындау қажет?

*А) Пуск - Программалар - Internet Explorer,

В) Пуск - Программы - Интернет

С) Мой компьютер - Интернет

Д) Мои документы - Интернет

V. Қорытынды.

  • Сонымен балалар, бүгінгі сабақта не түсіндіңдер?

  • Бүгінгі сабақта сендер Интернеттің шығу тарихын, интернет ұғымымен, «Интернеттің әкесімен» біліп таныстыңдар. Жалпы осы Интернет не үшін керек? Қалай ойлайсыңдар?

VI. Үй тапсырмасын беру.

Интернет туралы қосымша материалдар іздеп келу.

VII. Бағалау.

Жаңа тақырыпқа байланысты тесттен алған бағаларымен бағалау.




11-сынып. Тест (3-5 минут). Тексеру жұмысы


  1. Арпанет компьютерлік желінің құрылуы нешінші жылы басталды?

А) 1975 ж

*В) 1969 ж

С) 1945 ж

Д) 1980 ж

  1. Ақы төлеу негізінде Интернетке қатынас құруға мүмкіндік жасайтын ұйымдар мен жеке адамдар не деп атайды

*А) провайдерлер

В) драйверлер

С) принтерлер

Д) мониторлар

3. ІР желідегі адрестеуге жауап береді., ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді, олар нешінші жылы жасалған.

А) 1975 ж

*В) 1974 ж

С) 1984 ж

Д) 1978 ж

  1. Франция, АҚШ, Россия, Қазақстан, бұрынғы КСРО орналасқан доменді көрсет:

* А) fr, us, ru, kz, au

В) ru, tu, nc, gr, fs

С) et, ru, wd, nf,df

Д) ua, gd, gs, kt, bf

  1. Internet Explorer браузерін іске қосу үшін мына әрекеттерді орындау қажет?

*А) Пуск - Программалар - Internet Explorer,

В) Пуск - Программы - Интернет

С) Мой компьютер - Интернет

Д) Мои документы - Интернет


11-сынып. Тест (3-5 минут). Тексеру жұмысы


  1. Арпанет компьютерлік желінің құрылуы нешінші жылы басталды?

А) 1975 ж

*В) 1969 ж

С) 1945 ж

Д) 1980 ж

  1. Ақы төлеу негізінде Интернетке қатынас құруға мүмкіндік жасайтын ұйымдар мен жеке адамдар не деп атайды

*А) провайдерлер

В) драйверлер

С) принтерлер

Д) мониторлар

3. ІР желідегі адрестеуге жауап береді., ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді, олар нешінші жылы жасалған.

А) 1975 ж

*В) 1974 ж

С) 1984 ж

Д) 1978 ж

  1. Франция, АҚШ, Россия, Қазақстан, бұрынғы КСРО орналасқан доменді көрсет:

* А) fr, us, ru, kz, au

В) ru, tu, nc, gr, fs

С) et, ru, wd, nf,df

Д) ua, gd, gs, kt, bf

  1. Internet Explorer браузерін іске қосу үшін мына әрекеттерді орындау қажет?

*А) Пуск - Программалар - Internet Explorer,

В) Пуск - Программы - Интернет

С) Мой компьютер - Интернет

Д) Мои документы - Интернет


© 2010-2022