Урок по информатики на тему PowerPoint бетінде гиперсілтеме жасау

Cабақтың тақырыбы:          PowerPoint бетінде  гиперсілтеме  жасау.   Сабақтың мақсаты: Білімділік:                              Оқушыларды  PowerPoint  бетінде                                                    гиперсілтеме  жасауды үйрену                                                   арқылы  презентация жасауға дағдыландыру.   Дамытушылық:                    Оқушылардың ой-өрісін дамыту;   Тәрбиелік:                              Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа және                 ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пәннің аталуы: Информатика

Мұғалімі: Курабнова А Т

Сынып:10

Өтілетін күн:

Cабақтың тақырыбы: PowerPoint бетінде гиперсілтеме жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды PowerPoint бетінде

гиперсілтеме жасауды үйрену

арқылы презентация жасауға дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа және

өзін-өзі компьютердің алдында ұстай

білуіне тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, үлестірмелі тапсырмалар.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа

аудару.


Жаңа сабақ


Слайд бетінде сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа слайд бетінде жазылған сөз немесе сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, ал сілтеме енгізілген мәтінді гипермәтін деп атайды.

Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын, не суретті белгілеу де мүмкін. Экранда көрінген слайд бетіндегі гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі слайд бетін экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқан түймесін шерту жеткілікті.

Гиперсілтеме екі бөліктен тұрады: сілтеме көрсеткішінен және сілтеменің адрестік көрсеткішінен. Сілтеме көрсеткіші - бұл бізге экраннан көрінетін мәтін немесе сурет, әдетте ол көк түспен асты сызылып, ерекшеленіп жазылады. Гиперсілтемені екпінді жасау келесі бетке көшуді жүзеге асырады. Гиперсілтеменің адрестік бөлігі - бұл сілтеме көрсететін құжаттың адресі.

Сабақты бекіту, оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы. Еркін тақырыпта гиперсілтемені қолданып, презентация жасау.

© 2010-2022