Сабақ жоспарыPaint графикалық редакторының құралдары (5 сынып)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Paint графикалық редакторының құралдары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік. Оқушыларды сурет салу құралдары тақтасымен таныстыру және сол құралдарды пайдалана отырып құжатқа сурет (әр түрлі геометриялық фигураларды,схемаларды және т.б. суреттерді)сала білуге үйрену.

2. Дамытушылық. Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып,сурет салу шеберлеріне баулу,сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық,ойлау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін дамыту, іздендіру. Оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету.

3. Тәрбиелік. Тәртіптілікке, сабырлылыққа,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Түрі: теориялық-практикалық

Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, бейнелеу.

Көрнекіліктер: компьютер,кодоскоп,үлестірмелі материалдар.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс: -Редактормен жұмыс кезеңін,мәзірін және мәнін.

Оқушылар үйренуі тиіс: -Сурет салуды,редакторлеуді,сақтауды және сақталынған суретті дидарлаушыға ашуды.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап.

1.Терезе дегеніміз не?

2.Басқарушы батырмаларының қызметтері

3.Терезені басқа орынға ауыстыру үшін...

4.Бас менюдің атқаратын қызметі қандай?

5.Сілтеуіш программасын қалай іске қалай қосылады?

6.Сілтеуіш программасының сол жақ терезесіндегі бума белгісі алдындағы +таңбасы нені көрсетеді?

7.Файлды дискетаға қалай көшіреді?

  1. Paint программасын не үшін пайдаланады?

  2. Paint программасын іске қалай қосылады?

  3. Paint графиктік редакторының терезесінің элементтері.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Paint редакторында 16 құрал пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін маустың нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек, сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.Осы құралдар мен жеке жұмыс істеу мысалдарымен таныстырамын .

ІV. Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей

а) Кез келген радиусты шеңбер сызыңыз.Қара сызықпен сызып ішін қызылға бояңыз

ә) Екінші типті өшіргішті пайдалана отырып,салынған суреттің түр-түсін өзгертіңіз.

ІІ деңгей

а) 3 шеңбер,4 төртбұрыш,5 бояу, қарындаш құралдарын пайдаланып,салынатын суретті ойлап тап.

ә) 2 құйғыш,5 қарындаш,7 шеңбер,3 сызық және 6 қыл қалам құралдарын пайдаланып,салынатын суретті ойлап тап.

ІІІ деңгей

Жұмбақтың шешуінің бейнесін сал

а) Асты тас,үсті тас,

Ортасында піскен ас.

ә) Шыр-шыр етеді,

Құлағыңнан өтеді,

Ұстай қалсаң,

Сөйлеп кетеді.

V. Тест тапсырмасы:

1. Графиктік редактор Paint-ті іске қосу жолы.

а) Іске қосу-программалар-стандартты-Paint графикалық редакторы*

ә) Іске қосу-Paint графикалық редакторы

б) Іске қосу-Документтер-Без имени

2.Тік төртбұрышты салу құралы.

а) түзу сайманы; ә) тіктөртбұрыш сайманы;* б) көпбұрыш сайманы

3. Фигуралардың іштерін бояу сайманы.

а) қарындаш сайманы; ә) бүріккіш сайманы; б) құю сайманы;*

4.Қате орындалған іс-әрекетті түзету жолы?

а) Түзету-болдырмау іс әрекетін орындаймыз* ә) Өшіргішті пайдаланамыз

б) Түзету-қиып алу іс-әрекетін орындаймыз

5.Суреттің көшірмесін алу іс-әрекеті.

а) Белгілеу құралын пайдаланамыз;* ә) Түзету-көшіру іс-әрекетін орындаймыз;

б) Ерікті аймақты белгілеу құралын пайдаланамыз ;

6.Суреттерді қалай сақтаймыз?

а) Файл-...деп сақтау іс-әрекеті арқылы; ә) Файл-сақтау іс-әрекеті;*

б) Жабу батырмасын басамыз;

7.Экранда жоқ саймандар тақтасын қалай орнатамыз?

а) Түр-аспаптар панелі-белгі қоямыз;* ә) Экраннан іздейміз;

б) компьютерді жүктейміз;

8.Экранға қисық сызықтарды шығару үшін:

а) қарындашты пайдаланамыз; ә) қисық құралын пайдаланамыз;*

б) көпбұрыш құралын пайдаланамыз;

9.Экранға мәтін теру үшін қандай құралды пайдаланамыз?

а) қарындаш құралын; ә) түзу құралын; б) жазу құралын;*

10.Келесі сабақта компьютерде сақталған суретті ашу үшін:

а) Менің құжаттарым бумасын ашамыз;* ә) Іске қосу-Құжаттар; б) Файл-Ашу;

VІ.Үйге тапсырмалары:

-Кітаптан графикалық редакторының құралдарының қызметін оқу;

-Қағазда және компьютерде сурет салу айырмашылықтарын жазу.

VІІ. Сабақты қорытындылау.

Жұмысты бағалау, кемшіліктер мен жетістіктерін көрсетіп айту.

© 2010-2022