PAINT графикалық редакторымен жұмыс жасау Үзінділерге амалдар қолдану

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: 14.02. 2016 ж

Сыныбы: 7

Пән: Информатика

Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторымен

жұмыс жасау

Үзінділерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Үзінді, суретті форматтау қызметін

меңгерту

2) Дамытушылық: Графикалық бейнелеу жұмыстарын

орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін

дамыту

3) Тәрбиелілік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру,

нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге

дағдыландыру

Сабақтың типі: Аралас

Түрі: теориялық - практикалық

Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері.

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

Оқушылардың танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: түсіндірме - көрнекі, ізденіп, проблемалық, зерттеушілік.

Оқыту формалары: жеке, ұжымдық

Жабдықтау: көрнек материал (слайд, дайын суреттер), оқу

құралдары, проектор, компьютер.

І Оқушы білуі керек:

а) негізгі ұғымдар: Үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, өшіру, қою, бұру, қисайту, созу, баспаға басу командалары, бұрыштық өлшем, пайыз, тік, көлденең бағыттары.

ә) Оқушының қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері:

Компьютерлік графика үлгілерін көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту

б) Бақылау формалары:

Сұрақ - жауап, Суретте неше элемент бар? Қандай жолмен жасалған?

ІІ Жаңа материалдарды меңгерту

Оқушылар компьютерге отырып, мұғалімнің түсіндірген тапсырмаларын орындап отырады.

а) Жаңа ұғымдар:

Үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, кірістіру, бұру, қисайту, созу, баспаға басу командалары, бұрыштық өлшем, пайыз, тік, көлденең орналастыру бағыттары.

ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру:

Үзіндіге анықтама беру, белгілеу, жылжыту, көшіру, қою, бұру, созу, баспаға басу командаларының орындалу жолымен таныстыру.

б) Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:

- Көшіру және жылжыту, созу мен қисайту, бұру мен бейнелеу әрекеттерінің айырмашылығы

- дайын суреттер арқылы бұру бұрышын, пайыз өлшемін анықтау

ІІІ Жаңа түсінікті тексеру.

Сұрақтар арқылы командаларды игеру нәтижесін тексеру.

ІҮ Қолдану.

а) Қалыптастырылатын білім - біліктілер:

Үзіндіні белгілеп алуды, көшіру және жылжыту, созу мен қисайту, бұру мен бейнелеу, баспаға басу командаларын пайдалана білі\у білім дағдысын қалыптастыру.

б) Кері байланыс алу:

Компьютерде оқушылардың тапсырманы орындау нәтижесін бақылау. (сұрақ - жауап арқылы).

в) Өзіндік жұмыс типтері:



Ү.Жаңа сабақты бекіту:

-Кітаптан командалардың орындалу қызметін оқу, компьютерде орындау

- Қағазға және компьютерде төмендегі суреттерді салу.


ҮІ Сабақты қорытындылау:

Жұмысты бағалау, кемшіліктер мен жетістіктерді көрсетіп айту.










© 2010-2022