Ашық сабақ Нөмірленген және таңбаланған тізімдер

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақрыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: MS Word мәтіндік процессорында тізім жасаудың негізгі тәсілдерін көрсету. 1Нөмірленген және таңбаланған тізімдермен жұмыс жасау білігі мен дағдыларын бекіту.
Дамытушылық: «тізім» түсінігі, тізім түрлерін(нөмірленген, таңбаланған), нөмірленген және таңбаланған тізім жасаудың тәсілдерін.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке және ұқыптылыққа, қазіргі заманға сай білімді, ақпаратты толық меңгеруге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдістері: Сұрау, түсіндіру, сұрақ - жауап, компьютермен жұмыс істеу.
Сабаққа қажетті құрал -жабдықтар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері. Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу, оқулық, дәптерлерінің толық болуын тексеру.
2. Сабаққа жұмылдыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ
1 Жоларалық интервалды өзгертуге болатын бұйрық қандай?
(Жанама мәзірі => Абзац )
2 Экранда пішімдеу сызғышы жоқ.Оны қалай қосамыз?
(Түр => Көрсету немесе => жасыру => Сызғыш )
3 Пішімдеу сызғышының қызметі?
(Абзацтың параметірлерін сол жақ және оң жақ шеттер шегіністерін, азат жолды баптау)

4 Мәтіннің атауын жолдың ортасына қалай орналастырамыз?
(атауды ерекшелеу және батырмасын басу)
5 Егер бетті сол жағыннан да, оң жағынан да түзеу керек болса, онда нені таңдайды?

6 Жоларалық интервалды өзгерту үшін жауапты батырма?

7 Абзацтағы шегіністі ұлғайту үшін жауапты батырма?

8 Тізім құратын батырма?

9 Абзацтың түсін өзгертетін батырма?

10 Пішімдеу сызғышында бірінші жол шегінісі үшін жауапты?
(Жоғарғы үшбұрышты маркер)

1- карточка
1 .Мәтінді редакциялаңдар.
Ақ киімді ақсалды денелі
Танымас тірі жанды сқыр мылқау
Түсі суық ақ қырау үсті басы


Келіп қалды басқан жері сықырлап
Мәтінді процессорлар мәтінді теру мен редакторлауды қамтитын (мысалы,блокнот мәтіндік редакторы) мәтіндік редакторларға қарағанда құжатқа мәтінді пішімдеудің әр түрлі суреттер, сызбалар мен кестелер,графиктер қосу мүмкіндіктеріне ие. Әртүрлі процессорлар мәтінмен жұмыс істеудің түрлі қызметін қамтиды.
Мәтіннің бірінші көшірмесінің орны (мәтін келесі жолдан басталуы керек):
2 . Бұл мәтіннің екі көшірмесін жасаңдар да, оларды бетте көрсетілген орынға қойыңдар.
3 . Абзац өлшемдерін күйге келтіру: аралық- жартылай; азат жол- 1см; түзету - сол жақ шетінен.
4 . Файлды өз аттарың мен тектеріңді көрсетіп, папкаларыңда сақтаңдар.
5 . Жарлықты жұмыс үстелінде орналастырыңдар.
6 . Абзац өлшемдерін күйге келтіру: аралық- жартылай; азат жол - 1,25 см; түзету оң жақ шетінде.
7 . Мәтіннің қарпін 14 пт етіп өзгертіңдер.
2- карточка
1. Мәтін теру кезіндегі жіберілген қателерді табыңдар, түсіндіріңдер, түзетіңдер. Ескерілмеген бұйрықтарды қойыңдар.

Маңғыста... ақында көп батыр... көп,
Бірінен - бірі өткен талан... көп.
Әбіш, Меліс, Сабыр Адайда... ақындарың
Маңғыстауд... жүр ағасы боп.

Лондында болып өтті олимпиа...,
Көп келер жеңіл жатты оған дау жоқ.
Дайындады спортшылар... ...азақстанда,

2. Редакцияланған мәтіннің орфографиясын тексеріңдер.
3. Мәтіннің бірінші және екінші абзацтарының орындарын ауыстырыңдар.
4. Редакциялау атауымен өз папкаларыңды құжатты сақтаңдар.
Тапсырмалар берілген файлдарда ғана орындалады. Оқушылардың құжатты редакциялау, орфографиясын тексеру, мәтін бөліктерімен жұмыс дағдылары тексеріледі.
4 . Білімді өзектендіру
• Тізім дегеніміз не?
• Қандай тізімдермен таныссыңдар?
Сендер WordPad мәтіндік редакторындағы тізімдермен бұған дейін де таныстыңдар. Бұл редактора ... батырмасымен таңбаланған тізім құра алатын едіңдер. Омындай батырма MS Word процессорында да бар, ол жолақтың б Қасты тіркеме парағында орналасқан
Маркерленген тізім батырмасының төмен жазылатын мәзірінде тізім үшін қажетті, өздеріңе қатты ұнайтын маркер түрін таңдауға болады. Өз тізімдеріңді құру үшін Жаңа маркерді анықтау бұйрығы таңдауларың керек

47- сурет. Таңбаланған тізім
Егер сендерге ұсынылған үлгілердің ешқайсысы ұнамаса, онда маркерлердің еңейтілген тізімдемесін шақыру үшін Символ немесе Сурет батырмасын басуға болады.


48 - сурет. Маркерді баптау
Мысалы, маркер ретінде ... белгісін қоюға болады. Қаріп батырмасы әріптің маркер үшін қажетті мөлшерін, түсін және басқа сипаттамаларын баптайды.
Ассамблея дегеніміз - бұл 17 млн. қазақстандық - Н. Назарбаев



Астанада Бейбітшілік келісім сарайында «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
Сөз арасында бүгінгі әлем шапшаң өзгеріп отырғанына тоқталған Елбасы, осындай жаңа жағдайда жаңа стратегияны жүзеге асыра отырып, қоғамның көптүрлілігін елдің жетістікке жетуіне қарай пайдалану қажеттігін атап өтті. «Жаңа жағдайда Ассамблея шын мәнінде жалпы азаматтық, саясатүстілік, жалпыхалықтық институт болуы шарт. Мен Ассамблеяның ХХІ ғасырдағы миссиясы тарылмайды, кеңейе түседі деп айтқым келеді», дей келе Мемлекет басшысы бұны кейбіреулер соншалықты түсіне алмай жүргеніне де тоқталды. Бұл ретте Президент «Ассамблеяны этникалық азшылық өкілдерінен тұрады» деп санайтындар қателесетінін түсіндірді. «Ассамбляны БҰҰ, ЕҚЫҰ, Азиядағы өзара іс қимыл шаралары жөніндегі кеңес, Бүкілхалықтық өкілдер ассамблеясы мойындады. Сондықтан да, мен Ассамблея бұл еліміздің он жеті миллион тұрғыны деп атадым», - деді Н. Назарбаев. .
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
Қазақстанда тұратын әр ұлттың аттарын жазу
1 Нөмірленген түрінде жазыңдар
2 Таңбаланған түрінде жазыңдар

Құжаттарда маркерленген тізімдер жиі кездесе бермейді.
Тізімдердің ең кең таралған үлгісі - нөмірленген тізімдер. Бұл тізімде жолдар реттік 1,2,3 және т.с.с. сандардан басталады. Мұндай тізімді құру үшін әрбір жолдың басында нөмір терудің қажеті жоқ, мәзірдің басты пунктіне орналасқан батырмасының көмегімен жолдардың автоматты түрде нөмірленуін тағайындау жеткілікті. Бұл батырма әрбір абзацтың басында тізбектелген сандарды қойып шығады. Яғни, Enter пернесін басу тізімнің келесі нөмірін шақырады.Тізімді аяқтау үшін Backspace пернесімен артық нөмірді жойса, жеткілікті. Кейде нөмір тетінде а,в,с әріптерін немесе 1,2,3 рим сандарын қойып шығу қажет болады. Басқаша айтқанда, тізімді белгілі параметірлер бойынша (нөмірлеу, әріп, бастапқы нөмір және т.б)
Процессорда тізімдер түшрін баптау мүмкіндігі қарастырылған. Егер ондай қажеттілік туындаса, онда ... батырмасымен төмен жайылатын мәзірді ашып, одан тізімнің қажетті түрін таңдайды.

49 - сурет. Тізімді кітапханадан таңдау

50 - сурет. Тізімнің нөмірін баптау
Маркерді таңдаған сияқты нөмірленген тізімнің жақшалары немесе нүктесі бар сандар мен әріптерден тұратын түрлерінің бірін таңдау мүмкіндіктерің де бар. Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығы нөмірленген тізімді қолмен баптау сұхбаттық терезесін шақырады.
2 тапсырма Кампьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Сыныпта жақсы оқитын 5 оқушының аты- жөнін жазыңдар
1 .Тізімдердің екі түрін дайындаңдар: нөмірленген және маркерленген
Сергіту жаттығуын жасату.
В дгейіең
1. Тізімдердің 3 түрін дайындаңдар: маркерленген, нөмірленген және
көпдеңгейлі.
2. Тізімнің көрсетілген элементтерін жеке абзацтар түрінде енгізіңдер және оларды екі рет көшіріңдер.
3. Келесі параметрлерді орнатыңдар:
• Маркердің символы: нүкте
• Маркердің орналасуы: ,06
• Мәтіннің орналасуы: 1,1
4. Келесі параметрлерді орнатып, ішкі тізімнің безендіруін өзгертіңдер:
• Маркердің символы: жұлдызша
• Маркердің орналасуы: 1,0
Мәтіннің орналасуы: 1,8
5. Жаңа сабақты бекіту.
1. Тізім деп нені түсінесіңдер?
2. Тізімнің түрлерін атаңдар?
3. Маркерленген тізімдегі маркердің түрін қалай өзгертеміз?
4. Нөмірленген тізімді баптауға бола ма?
5. Егер тізімнің маркері ретінде суретті пайдалану керек болса, не істеу керек?
6 . Бағалау

© 2010-2022