Сабақ жоспары: Нысандар. Орын ауыстыру және өзгерту

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып:

10 «м»

Күні:

09.03.2016

Сабақтың тақырыбы:

Нысандар. Орнын ауыстыру жəне өзгерту

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жұппен жұмыс жасата отырып 3D ортасы жайлы түсініктерін Blender 3D модельдеу бағдарламасы көмегімен қалыптастырып, нысандарды қоя білуге, орнын ауыстыра білуге үйрету

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер:

Жекелей жұмыс, жұппен жұмыс, сұрақ-жауап әдісі

Көрнекіліктер:

Видеолар, MyTest бағдарламасымен жасалған электронды тест, оқулық, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар

Сабақтың жүру барысы

Кезеңдер

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

1 мин

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру

Амандасу. Өз компьютерлеріне отырып, дұрыс жұмыс жасайтындығына көз жеткізу

Үй жұмысын тексеру

6 мин

Өткен тақырыпты қайталауға арналған MyTest бағдарламасымен жасалған электронды тест тапсырмасын беру. Оқушылардың нәтижесін жазып алу.

Аты-жөндерін енгізіп тестілеуден өту. Нәтижесін мұғалімге хабарлау

Қызығушылықты ояту

3 мин

Әр түрлі геометриялық фигуралар суреттері көрсетіледі. Суреттен не көріп тұрғандары сұралады?

Өз ойларын ауызша жеткізеді

Жаңа тақырып

10 мин

Оқушыларға Blender бағдарламасындағы нысандар. Орнын ауыстыру жəне өзгерту тақырыбы бойынша слайд ұсынылады

Слайдты түсініп қарау. Жұбымен талқылайды. Керек жерлерін дәптерлеріне жазып алады.

Бекіту

2 мин

Слайд бойынша қиындық туғызған түсініксіз жерлер бар ма сұралады. Бар болған жағдайда түсіндіріледі.

-Примитив деген не?

- Blender бағдарламасында қандай стандартты геометриялық примитивтер бар?

- Blender бағдарламасында примитивтерді орналастыру үшін қандай команданы орындау керек?

Түсініксіз жерлері, жаңа терминдер болса мұғалімнен сұрайды. Мұғалімнің қойған сұрақтарына ауызша жауап береді

Сергіту сәті

2 мин

Көзге арналған жаттығулар жасату. Видео көрсетіледі

Видеомен бірлесе отырып көзге арналған жаттығуларды қайталап жасау

Практика

13 мин

1) Текше нысаны көмегімен «Египет пирамидасын» тұрғызу. Ол үшін алдын ала пирамиданы тұрғызудың бейнежазбасы көрсетіледі.

Blender 3D модельдеу бағдарламасын іске қосады. Видеоны көре отырып «Египет пирамидасын» Blender бағдарламасында текшелер көмегімен салу. Жұбына көмек көрсету

4 мин

2) «Ыстық батырмалар» тапсырмасы. Оқушыларға жекелей тапсырма парақтары таратылып, батырмалар тұсына сәйкесінше бағдарламадағы қызметін жазу ұсынылады. Тапсырма толығымен орындалып біткеннен кейін дұрыс жауаптар көрсетіледі. Оқушыларға көршілесінің жұмысын тексеруге тапсырма беріледі

Бағдарламада жұмыс жасай отырып, берілген батырманы басып көреді. Қандай өзгеріс болғанын кестеге толтырады.

Тапсырма соңында көршілесінің жұмысын тексеріп, бағалайды. Бағасын мұғалімге хабарлайды

Рефлексия

2 мин

«Ұстазға хат»

Сабақ жоспары: Нысандар. Орын ауыстыру және өзгерту

Ақ парақтарға сабақтан алған әсерлері мен алған жаңа білімін, келешек өмірлеріне маңызын жазып конвертке салу

Бағалау

1 мин

Оқушыларға алған бағаларын жариялау

Күнделікке бағаларын қойдырады

Үйге тапсырма

1 мин

§23-24. 3D кеңістігі бағдарына кіріспе. Программа интерфейсі, нысандар тақырыбын қайталап келу

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазу





Тапсырма: «Ыстық батырмалар» кестесін толтыр

Батырмалар

Атқаратын қызметі

Сабақ жоспары: Нысандар. Орын ауыстыру және өзгерту

Редакторлеу режімінен жай режімге ауысу

1,..,9

S

R

A

Ctrl+J

Тапсырма жауабы:

Батырмалар

Атқаратын қызметі

Сабақ жоспары: Нысандар. Орын ауыстыру және өзгерту

Редакторлеу режімінен жай режімге ауысу

1,..,9

Нысанды айналдыра жан-жағынан көру

S

Нысан өлшемін өзгерту

Нысанды орынында барлық бағытта айналдыру, бұру

A

Сахнадағы барлық нысанды ерекшелеп алу

Ctrl+J

Ерекшеленген нысандарды топтау (группировка)







Бағалау парағы:

Аты-жөні

Тест тапсырмасы

Практикалық жұмыс

«Ыстық батырмалар» кестесі

Қорытынды баға

1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11


12








Сабаққа рефлексивті есеп


10 «м» сыныбына 9 наурыз күні «Нысандар. Орнын ауыстыру жəне өзгерту» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабаққа сынып оқушылары түгел қатысты (12 бала)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жұппен жұмыс жасата отырып 3D ортасы жайлы түсініктерін Blender 3D модельдеу бағдарламасы көмегімен қалыптастырып, нысандарды қоя білуге, орнын ауыстыра білуге үйрету.

Сабақ жекелей жұмыс, жұппен жұмыс, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдерін қолдана отырып аралас сабақ түрінде өтті. Өткен тақырыпты байланыстыра отырып, жаңа білімдерді жаңа ұғымдарды бердім.

Үй жұмысын тексеру үшін және өткен тақырыпты қайталап білімдерін жаңғырту мақсатымен MyTest бағдарламасымен жасалған электронды тест тапсырмасы ұсынылды. Оқушылар тестілеуден өткеннен кейін программа автоматты түрде тестілеу нәтижесін және тапсырмалардың дұрыс жауаптар көрсетеді. Мен сабағымда осы тестілеу бағдарламасын қолданғаным өте тиімді болды деп ойлаймын. Себебі, мұнда тест тапсырмалары бірсарынды емес бір таңдаулы, көп таңдаулы, толықтыру, сәйкестендіру, ретін табу, суреттен керекті аймақты бояу, «иә»/«жоқ», шашылған әріптерді дұрыс ретпен жинау т.б тест тапсырмалар түрлері бар. Оқушылар аса қызығушылықпен орындады және тапсырманы орындауының толық есебі көрсетілгендіктен артық шу, тест нәтижесіне қатысты «Мен барлығын дұрыс белгіледім, неге нәтижем төмен?» деген сияқты сұрақтар болған жоқ. Дегенмен барлық бала «жақсы», «өте жақсы» деген баға алды. Тіптен Дана есімді оқушым 100% білім нәтижесін көрсетті.

Жаңа тақырыпты ашу үшін Кембридждік әдістеменің жеті модульінің бірі «Сын тұрғысынын ойлау» модулі қолданылып, оқушыларға интерактивті тақтадан әртүрлі геометриялық фигураларды көрсетіп, нені көріп тұрғандарын, олардың 3D модельдеуге қандай қатысы бар екендігі сұралды. Оқушылар жарыса өз ойларын айтты.

Blender 3D модельдеу бағдарламасы өте күрделі программалардың бірі болғандықтан оқушыларды көршісімен жұптастыра отырып оқытқанды жөн көрдім. Жаңа тақырыпты меңгеруде жұптарға өзара талқылауға АКТ құралдарының бірі презентация ұсынылды. Бірінің түсінбегенін бірі толықтырып, үйрете жүріп үйренетін болады. Мен тек оқушылардың өзара жұмысын бақылаушы қызметін атқардым. Бұл жұптық әдісім де өз нәтижесін берді. Балалардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін -Примитив деген не? Blender бағдарламасында қандай стандартты геометриялық примитивтер бар? Blender бағдарламасында примитивтерді орналастыру үшін қандай команданы орындау керек? деген сияқты сұрақтар қойғанымда оқушылар ойланбастан жауап берді.

Сабақтың 22-минутында 2 минуттық сергіту сәтін ұйымдастырдым. Көңілді музыкамен видео қосылып, видеода көрсетілген көз жаттығуларын бірлесе қайталадық. Мұндай сергіту сәті әсіресе информатика сабағында міндетті түрде жасалуы керек.

Сергіту сәтінен кейін бір серпіліп қалған оқушылар практикалық жұмысқа кірісті. Мен бұл сабағымда АКТ-ны көбірек қолдануға тырыстым. Оқушылар әуелі видеосабақты көріп, содан кейін практикалық тапсырма «Египет пирамидасын» Blender бағдарламасында модельдеуге көшті. Алдын ала пирамиданы салу жолы видеода көрсетілгендіктен, оқушыларға тапсырманы орындау аса қиындық тудырған жоқ.

Практикалық жұмысымыздың екінші бөлігінде «Ыстық батырмалар» кестесін толтыруға тапсырма берілді. Тапсырманы жекелей орындады. Blender бағдарламасында берілген батырмаларды басып көріп, қандай өзгеріс болғанын кестеге жазды. Тапсырма соңында дұрыс жауаптар көрсетіліп, оқушылар парақтарын ауыстырып, бір-бірін тексеріп бағалады. «Мың рет естігенше, бір рет қолмен жасағаның артық» демекші, мұғалімнің түсіндіргеніне немесе жұбының түсіндіргене қарағанда әр оқушының әр батырманың қызметін қолмен басып көруі арқылы естерінде жақсы сақталатын болады.

Оқушыларды әр бөлім соңында бағалап, бағалау парақшама жазып отырдым. Қорытынды бағасын сабақ соңында жарияладым. Оқушылардың сабаққа кері байланысын «Ұстазға хат» стратегиясы арқылы алдым.

Мен сабағыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Оқушылардың сабаққа кері байланысыда осы сабақтың оларға ұнағанын көрсетті. Сабақты 10 баллдық жүйемен бағаласақ толық 10 баллға татиды деп рефлексия жасаған балалар да табылды. Келесі сабақтарда осындай қызықты сабақ күтеміз деп тілектерінде білдіріпті.

Сабағым өз уақытында бітті, дегенмен сабақ жоспарында бөлімдерді уақыт бойынша бөлгенде ауытқушылықтар болды. Мысалы, жаңа тақырыпты меңгертуге 15 минут бөлгеніммен оқушылар 10-12 минутта болып қойды. Керісінше практикалық жұмыс кезінде уақытты қажет етіп, бұл олқылықты басты. Алдағы сабағымда оқушылардың теориялық мәліметті жылдам қабылдайтынын ескеріп, практикалық жұмыстың уақытын сәйкесінше анықтайтын боламын.


© 2010-2022