Информатика пәнін бастауыш сыныпта оқыту

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Б а я н д а м а



тақырыбы: Информатика пәнін оқыту

Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «№28 жалпы білім беру орта мектебі» информатика пәні мұғалімі Байболатова Жулдуз Кенжегалиевна

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға талдау жасай білуге , өзара қарым-қатынасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы.

Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сүйенсек, бастауыш сыныптағы информатика курсының негізгі бағыттары төмендегідей:

  1. Қолданушылық. Мұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады.

  2. Ақпаратты-логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады.

  3. Шығармашылық. Бұл бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты - оқушы зерттеуші есебінде.

  4. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады:

  1. Проблемалық оқытуды қолдану;

  2. Алгоритмдік оқыту;

  3. Оқытуды ақпараттандыру;

  4. Пәнаралық кіріктіру.

Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.

© 2010-2022