Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайын амалдар құру

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сынып: 7 «А»

Күні: 25.02.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып,векторлық нысандармен қарапайым туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін,ой-өрісін,шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға,техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,презентация,плакаттар

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру

2.Өткен тақырыпты қайталау

3.Жаңа сабақты баяндау

4.Бағалау

5.Үйге тапсырма беру

Өткен тақырыпты қайталау

1.Тік төртбұрыштың биіктігі мен көлденеңінің нақты мәнін см-мен қалай анықтауға болады?

2.Фигураларды салу құралына бастапқы баптауларын қайтару үшін не істеу керек?

3.Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған қандай құралдар бар?

Жаңа сабақты баяндау

Орын ауыстыру,бұру және түрлендіру

Бұл амалдар ерекшелеу құралын (F1 немесе бос орын) қолдану арқылы орындалады.Нысан айналасында қара нұсқарлар (стрелки) пайда болады.

Тінтуірмен қайта шертіп,нұсқардың түрін өзгертуге болады-енді фигураны айналдыруға және түрлендіруге болады. «+» таңбасын нысанның айналдыру орталығын анықтайды,оны тінтуірмен апаруға болады.

Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайын амалдар құру

Бұл амалдардан басқа,арнайы Нысан мәзірінің бұйрықтарын орындап,нысандарды бейнелеуге және аударуға болады.

Нысандарды топтау

Көптеген амалдарды бір уақытта бірнеше нысандармен орындауға болады-түсті,өлшемді өзгертуді,көшірме жасауды және т.б.

Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайын амалдар құру

Нысандарды бөлу

Бірнеше нысанмен жұмыс істегенде оларды ұйымдастыру үшін Теңестіру және орын-орындарына қою,Нысан мәзірінен тор бойынша орындарына қою құралдарын қолданған ыңғайлы.

Мысалы,Нысандардың жақтаулары тиер-тимес қиылысатындай,Орын ауыстыру параметрін қолдану нәтижесі суреттегідей болады:

Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайын амалдар құру

Нысандарды қосарлау және қолдану

Алмасу буфері көмегімен көшіруден басқа,Inkscape графикалық редакторында нысандардың көшірмесін алуға басқа да мүмкіндіктер бар.

Қосарлау (Түзету-Қосарлау немесе Ctrl+D) нысан үстінен дәл көшірмесін алуға мүмкіндік береді.Суретте алдымен дөңгелекті қосарлап,көшірмені жылжытып,оған айқын құю орындалады (Нысан-Құю және жиектеу,айқын еместік-50%).

Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайын амалдар құру

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

Сурет салу құралы мен векторлық нысандар амалдарының мүмкіндіктерін қолдана отырып,берілген кескіндерді салыңдар.

Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайын амалдар құру

Бекіту.

Үйге тапсырма: Түйін.Өзіңді тексер.



© 2010-2022