Алгоритм типтері 7 сынып

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:23-26.11

пәні информатика

Джалмағанбетова Р 7 «а, ә, б, в, г»

Оқу - ісінің меңгерушісі _________ Сарғожаева А

Сабақ тақырыбы

Алгоритм типтері

Жалпы мақсаттар

Алгоритм типтерімен танысып, мысалдар келтіреді. Ұшқырлыққа, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыланады

Түйінді идеялар

Алгоритм, алгоритм типтері

Әдіс-тәсілдер

Топпен, жекелей, кері байланыс

Көрнекіліктер

Түрлі түсті кубик, проектілі тақта, постерлер

Дереккөздер

Оқулық, дидактикалық материалдар

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақ кезеңдері

1-кезең.

Қызығушылықты ояту:


Шаттық шеңберіне шығару


Бойымен тұрғызып топқа бөлу

Топ ережесін құру Топ басшысын


Кубизм әдісі. Әр топқа кубикте шыққан түс бойынша конверттегі тапсырманы беру.

1. Паскал тілінде программа неше бөлімнен тұрады?

(деректер , дерек енгізу, операциялар немесе амалдар , нәтиже алу (шығару), шартты атқарылу, цикл, қосымша программа ,

түсніктеме )

2. Сипаттау бөлімі неше бөліктен тұрады?

(Сипаттау бөлiмi программада кездесетiн барлық шамаларды және олардың сипатын шамалардың атын, олардың типiн, ықтимал мәндерiн көрсетуге бағытталған

USES- кітапханалық модульдерді сипаттау бөлімі
LABEL - таңбалар бөлiмi
CONST - тұрақтылар бөлiмi
TYPE - типтер бөлiмi
VAR - айнымалылар бөлiмi
PROCEDURE - процедуралар бөлімі
FUNCTION - функцияларды бөлімі)

3. Паскаль тілінің программа құрылымы қандай?

(Паскаль тiлiнде программа тақырып жолынан, сипаттау бөлiмiнен, операторлар бөлiмiнен тұрады)

Оқушылар көңіл күйлерінің қандай екенін іс- қимыл арқылы білдіреді.

Бойы бойынша топқа бөлініп отырады

Әр топ бірлесіп, топ басшы, тағайындайды.

Кубикті лақтырады, қай түс келеді, сол түсті конверттегі тапсырманы орындайды. Топпен ақылдасып жауап береді.






2-кезең. Мағынаны ажырату:


Жаңа сабақтың мақсаты. Оқушыларға «Сендердің ата- әжелерің компьютерді пайдалана ала ма?», «Ерте кезде компьютер болды ма?» деген сұрақтар қояды.

Жаңа тақырып. Әр топқа тақырыпты оқып, түсініп, топ ішінде пікір алмасу үшін бөлініп беріледі. Постер құру ұсынылады.


Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, жаңа сабақты оқып, үйренуге өз мақсаттарын қояды.

Әркім жекелей тақырыпты меңгеріп, бірлесіп шешім қабылдайды. Постер қорғайды. Топ ішінде пікір алмасады.

Әр топ постер арқылы тақырыпты қорғайды.

3-кезең. Ой- толғаныс:


  1. Айнымалылар дегеніміз не?

  2. Тип дегеніміз не?

  3. Паскаль тілінде қолданылатын кез-келген бес типті сипаттаңыз.

Әр топ интерактивті тақтадағы сұраққа жауап береді.

Үйге тапсырма

Мұғалім үй тапсырмасын жариялайды

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады

Бағалау

Бағалау парақшасы арқылы бағалау, сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын қағазға жазып тақтадағы смайликтерге іледі, алған формативті бағалары бойынша жиынтық бағалау

Өзін-өзі бағалайды. Сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерге жазып тақтаға іледі.





© 2010-2022