Информатикадан жылдық мәтіндік есеп

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жилкибаева Асель Амангельдиевна

информатика пәні мұғалімінің

2014-2015 оқу жылында атқарған жұмыстың қорытындысы



«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін -

тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»


Альберт Эйнштейн

XXI ғасыр-қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету -еліміздің болашағына қызмет ету. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында», «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдар анықталуда.

Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту- басты міндетіміз. Егемен еліміздің білім беру жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда жаңа адамды қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуде.

Қазіргі білім беру жүіесі деп отырғанымыз - мектепті жаңалау, білімді, тәрбиені әлемдік білім беру жүйесіне қарай ыңғайластыру. Кейінгі кездері білім беру саласында жаңа технологияны қолдануға баса назар аударылуда.

Сондықтан мектебіміз «СТО технологиясы» бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасына да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі- қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезең енді. Қоғамды ақпараттандыру экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Сол жүктемені орындау, іске асыру мақсатында мен биылғы жылдан бастап «Оқу-тәрбие үрдісіне иновациялық технологияларды енгізе отырып, оқушылардың ақпарат мәліметтерін пайдалану ынтасын қалыптастыру және дамыту» атты тақырыпта жұмыс істеп келемін.

Алға қойылған міндеттер:

1. Білім беру:

  • Информатикадан оқушы білімін мемлекеттік білім стандарттары және одан жоғары дәрежеге жеткізу;

  • Жаңа ақапараттық технологиялар туралы түсінік қалыптастыру;

  • Ақпараттық технологиялар мен олардың құралдарын күнделікті қолдана білу.

2. Дамыту:

  • Оқушының ойлау қабілетін және іс-тәжірибесінен туындайтын, оқу, тану әрекетін дамыту.

  • Оқушының белсенділігін өз бетінше әрекет ісін, білімге деген құштарлығын қалыптастыру және өздігінен жұмыс істеуге баулу.

  • Сыныптан тыс білім бере отырып, оқушының интеллектуалдық деңгейін көтеру.

  • Теориялық білім мен біліктілікті жетілдіру және қолдану.

  • Тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелі пайдалана отыра терең мазмұнды білім беру.

3. Тәрбие:

  • Оқушыларды, Қазақстан заңдарын, мемлекетін, рәміздері мен Қазақ тілін, Қазақ халқы мен отандастарының мәдениеті және салт-дәстүрін құрметтейтін, жеке пікірі бар, ақиқаттың бұрмалануына төзбейтін, тұлға ретінде тәрбиелеу.

Бұл тақырыпты алуымның мақсаты оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуы, ақпараттық -коммуникациялық технологияларды меңгеруі және оқушыларды болашақ кәсіптік қызметке даярлау, информатика пәнінің сапасын арттыру болды. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі.

Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін. Осы тақырып төңірегінде жұмыс жасау барысында мен бірнеше ашық сабақтар өткіздім.

Сабақтарымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: видеопроектор, фотоаппарат, музыкалықорталық, дербес компьютер, ноутбуктарды пайдаландым. Біздің мектепте интербелсенді тақта жоқ болғандықтан, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру және уақытты үнемдеу мақсатында слайдтар дайындап, видеопроектор көмегімен көрсеттім. Осындай сабақтарым: 5сыныпта өткізілген «Paint графикалық редакторымен жұмыс жасау», 8сыныпта «Excel кестелік редакторы».

Бұл сабақтардың барлығында да мүмкіндігінше ақпараттық технологияларды қолданып, сабақты түрлендіріп, оқушылардың белсенді атсалысуларына мүмкіндік жасадым. Сабақ нәтижелері жаман емес. Барлық оқушы бағаланып, сабақтың сапа көрсеткіші де жақсы болды.

«Білім мен тәрбие егіз» демекші, Оқу - тәрбие арқылы жүзеге асады. Ендеше, тәрбиелі де білімді ұрпақ тәрбиелеу біздің міндетіміз. Әр атаулы күндерге байланысты мен уақытша сынып жетекші болған кезде, сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарын өткізіп, оқушыларды шығармашылыққа, іздемпаздыққа, елін, жерін сүйе білуге, қорғауға тәрбиеледім яғни білім мен тәрбиені ұштастыру менің басты мақсатым.

Әр тоқсан сайын сыныптардың оқу сапсы сараланып, мониторинг ретінде шығып тұрды. Биылғы оқу жылының жылдық көрсеткіші мынандай:

5«А» сынып -54% , 5«Ә» сынып - 44%

6«А» сынып -73% , 6«Ә» сынып - 32% , 6«Б» сынып - 61 %

7«А» сынып -33% , 7«Ә» сынып - 16% , 7«Б» сынып - 29 %

8«А» сынып -25% , 8«Ә» сынып - 21% , 8«Б» сынып - 13 %

Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты - білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыруболып табылады. Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл стратегиялардың сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп.

Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.



© 2010-2022