Открытый урок по информатики на тему Компьютерные графика (7 класс)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класы: 7 «Ә»

Күні: 26.01.2016ж Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы:

«Векторлық және растрлық графиктерді құру, графиктерді өңдеу программалары»

Мақсаты:

  • Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

  • Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

  • Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

  • компьютерлік графика ұғымымен танысады

  • графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастырады;

  • компьютерлік графикамен жұмыс істеу қызметін толықтырады

Сабақтың түрі:

Ашық сабақ

Әдіс -тәсілдер:

Білім ағашын бейнелеу стратегиясы, талдау, қорыту,

Түйінді сөздер

Үйрене отырып, көргенді есте сақтауды, өз бетімен еңбектене алатындай ерік-жігер қалыптастыру

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

(3 мин)

- Оқушылармен сәлемдесу;

-Оқушылар назарын аудару,жақсы көңіл-күйге бұру

Топты үлестірме қағаздың түсімен онда бейнеленген суреттер бойынша 3 топқа бөлу

«Білім кемесінің» жасақшыларын құру арқылы оқушылар қолдарын бір-бірінің ыйығына қойып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын сөздер айту арқылы «Білім кемесіне»жайғасады. Өзіне ұнаған суретті таңдап топқа қосылады.

II.Ребус

(5 мин)

III.Жаңа сабақ түсіндіру (3 мин)


IV.

Адасқан әріптер мекені (5 мин)



V.Мағынаны тану

10 мин


Қане балалар, біз өткен сабақта Компьютерлік графика және модельдеу деген үлкен тарауды бастаған болатынбыз.

Модель (modele, лат. modulus - өлшем)- белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.). Бүгін сол тараудың келесі тақырыбын өткелі отырмыз ол қандай тақырып екенін білу үшін біз ребус шешу арқылы білетін боламыз. Бізде тақырып белгілі «Векторлық және растрлық графиктерді құру, графиктерді өңдеу программалары» деп аталады.

Ендеше жаңа сабаққа кіріспес бұрын өткен сабақты еске түсіріп адасқан әріптерді біріктіріп өзіміздің модель түрлерін тауып алайық.

Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Растрлық кескін дегеніміз - түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер

СorelDRAW, Adobe illustrator секілді

векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Ребус шешуге кіріседі

Қорытынды ойларын ортаға салады


Открытый урок по информатики на тему Компьютерные графика (7 класс)

Жаңа сабақты түсіну барысында керекті мәліметті тыңдап, дәптерге түсіріп отырады


VI.

Практика бөлімі Компьютермен жұмыс (15 мин)



Оқушылардың барлығына жұмыс жасауға ықпал жасау


1 Paintnet графикалық редакторында төмендегі нысанды салыңыз!

Открытый урок по информатики на тему Компьютерные графика (7 класс)

2. Paintnet графикалық редакторында төмендегі нысанды салыңыз! Түстер палитрасын қолданыңыз!

Открытый урок по информатики на тему Компьютерные графика (7 класс)



Открытый урок по информатики на тему Компьютерные графика (7 класс)

VII. Сергіту сәті

(1 мин)

Қане балалар көзімізбен қолдарымызды жаттықтырып алайық.

Қолдары еркін тасталған, көздері жұмулы отырған оқушылар мұғалім айтқан 10ға дейінгі сандардың қосындысы,азайтындысының жауабын саусақтарымен көрсетеді

VIIІ.«МЕНІҢ БОЛАШАҚ МЕКТЕБІМНІҢ МАКЕТІ»

(3 мин)

Бүгінгі тақырыпта айтып өткеніміздей векторлық графикаларды, геометриялық фигураларды пайдалана отырып 3 топ постерге «МЕНІҢ БОЛАШАҚ МЕКТЕБІМНІҢ МАКЕТІ» тақырыбына жұмыс жасаймыз

Топтағы оқушылар ынтымақтасып, бірігіп отырып, үлкен мектеп макетін салады, қорғайды

ІХ.Рефлексия (1 мин)


Оқушыларға кері байланыс жасау үшін ББҮ кестесін толтырады.

Открытый урок по информатики на тему Компьютерные графика (7 класс)

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз деңгейіне қарай өз тұлғасын Білім ағашынан бейнелейді


Х.Бағалау

(1 мин)

Оқушылардың компьютерде тапсырмаларды ор. байланысты бағалау

Монитордағы бағалау парағынан бағасын біледі

Үйге тапсырма

(1 мин)

Векторлық графика,векторлық графиканы өңлеу бойынша программасының интерфейсі

Өздеріне жазып алады.



© 2010-2022