- Преподавателю
- Информатика
- Урок по информатике на тему WordPad қарапайым мәтіндік редакторы Мәтінді теру ережесі (5 класс)
Урок по информатике на тему WordPad қарапайым мәтіндік редакторы Мәтінді теру ережесі (5 класс)
Раздел | Информатика |
Класс | 5 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Улукманова М.С. |
Дата | 28.12.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Информатика
5 сынып
Мұғалім: Ұлықманова М
Актау №21 мектеп
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережесі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Word Pad мәтіндік редакторында мәтін теруге және оның
басқада мүмкіндіктері мен таныстыру.
Білімділік: Алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге графикалық
объектілерді және графикаға мәтінді енгізуді үйрету;
Тәрбиелілік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс
істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу,
ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға, алгоритмдiк
ойлау қабiлетiн, сондай-ақ ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық,
ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интер тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Жаңа сабақ «Word Pad қарапайым мәтіндік редакторында мәтінді теру ережесі».
-
Жаңа тақырыпты бекіту. Оқушылар «жұмыс парағын» толтырады.
-
Компьютермен жұмыс.
-
Үйге тапсырма.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
-
Wordpad мәтіндік редакторыныңатқаратын қызметі қандай?
-
WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
-
WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
-
WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз
-
Мәтінің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
-
Мәтіннің бір бөліктерін жылжыту немесе көшіру әрекеттері қалай орындалады?
-
Жылжыту көшіру әрекеттерін орындаудың бірнеше жолдарын көрсет?
Жаңа түсініктер
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «WordPad қарпайым мәтіндік редакторында мәтінді теру ережесі».
Мәтін және құжат жасау үшін бірден-бір кең тараған бағдарлама. Компьютермен тек мәтін жазып қоймаймыз, оның қосымша мүмкіндіктерін пайдалана аламыз.
-
Мәтінді түзетуге, мәтін бөлігін қоюға, құжаттарды бір-бірімен жалғауға, мәтін шекарасын туралауға, ортадан туралауға, сақтауға және кез-кеген құжатты бірнеше рет басып шығаруға.
-
Қаріптің бірнеше түрін пайдалануға, әр тілдің алфавитін және де графикалық символдарды пайдалануға.
-
Мәтінге таблица қоюға, суреттер, графиктер қоюға.
-
Стандартты документті дайындау кезінде дайын шаблондардықолдануға болады
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым құжаттарды құруға арналған. Осы бағдарламада жасалған құжаттарға:
-
Пішімдеуге;
-
Шекараны жылжытуға;
-
Абзац қоюға;
-
Әр- түрлі щриптер пайдалануға;
-
Графикалық суреттер қоюға болады.
WordPad бағдарламасын іске қосу үшін мына қадамдарды орындаймыз:
Пуск Все программы Стандартные WordPad
Осыдан кейін жұмыс үстелінде мәтіндік редактордың терезесі ашылады. Терезе Windows жүйесінің стандартты түрі .
Енді WordPad мәтіндік редакторында мәтінді қалай енгіземіз, соны қарастырамыз. Ол үшін компьютерге назар аударамыз!
Сәлематсыздар ма!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «WordPad қарапайым мәтіндік редакторында мәтінді теру ережесі»
Мәтіндік құжат құру үшін:
-
Бағдарламаның терезесін төмендегі қадамдарды орындап ашамыз:
Пуск Все программы Стандартные WordPad
-
Щрифтіңөлшемін таңдаймыз (мысалы, 16). Ол үшін пішімдеу панеліндегі керекті батырманың 16 санын таңдаймыз.
-
Шегініс маркері арқылы азат жолды қоямыз. (мысалы, 1см). Ол үшін тышқанның сол жақ батырмасымен маркерді сызғыштың 1 санына қоямыз.
-
Клавиатурадан текст тереміз.
Сөзді келесі жолға компьютер автоматты түрде тасымалдайды. Сондықтан батырмасын абзацтың соңында басып отыру керек.
Есте сақтаймыз, что нажатие клавиши <Enter> пернесін басқанда, компьютер өзі түсініп келесі жолды үлкен әріппен және абзацтан бастайды.
<Enter> батырмасы басылмаған мәтін осылай көрінеді. Ал мынаны қараймыз, егер <Enter> батырмасын пайдаланып мәтінді абзацтарға бөлеміз. Егерде сөйлемнен қате жіберсек онда және пернелерін қолданамыз.
Пернетақтадағы <Backspace> пернесі курсордың сол жағындағы символдарды жояды, ал <Delete> пернесі курсордың оң жағындағы символдарды жояды.
Мәтіндік құжатта тек қана әріпті емес сол сияқты сөз және сөйлемдерді де жоюға болады. Ол үшін жоятын бөлікті ерекшелеп <Delete> баиырмасын шертеміз.
Кез-келген бөлікті ерекшелеу үшін сол бөліктің басталатын жерінен соңына дейін тышқанның сол жақ батырмасын басып жібермей шерту керек. Ерекшелеуді алып тастау үшін жұмыс аймағының кез-келген бос жерінде тышқанның солжақ батырмасын шертеміз.
Есте сақтау! Мәтін бөлігін өзгерту үшін алдымен оны, яғни өзгертетін бөлікті ерекшелеп аламыз. Осылайша компьютерге өзгертетін бөлікті ерекшелеп көрсетуіміз керек.
Тақырыптың әлпетін және өлшемін өзгертеміз:
-
Тақырыпты ерекшелейміз.
-
Щрифтің өлшемін 20 таңдаймыз. Ол үшін 20 санын таңдаймыз.
-
Щриптің әлпетін қоямыз - полужирный. Ол үшін пішімдеу панеліндегі «Ж» батырмасын пайдаланамыз.
-
Тақырыпты ортаға жазу үшін, пішімдеу панеліндегі ортадан туралау батырмасын басамыз.
1-ші; Мәтінді басқа файлға не басқа құжатқа көшіру үшін:
-мәтіннің қажет бөлігін белгілеп алып, правка копировать командасын орындау керек, не динамикалық менюдегі копировать командасын орындау керек;
-мәтінді қоятын орынға меңзерді қойып, правка вставить командасын не динамикалық менюдегі вставить орындау керек.
Енді жасап көрейік: Информатика пәні
2-ші: мәтіннің үзіндісін 1 орыннан 2-ші орынға қиып алып, апару үшін:
-Мәтінді ерекшелеп алып, правка вырезать командасын не динамикалық менюден вырезать командасын орындаймыз.
- Меңзерді орнына қойып, правка вставить командасын не динамикалық менюден вставить командасын орындаймыз.
«Жұмбақ» Шешімін тап!!!
1-топтың жұмбағы:
1) Батырманы басасың,
Қажетіңді ашасың.
(«Еnter» батырмасы)
2)Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек
(Монитор)
3) Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Принтер)
4)Компьютеріңз ауырса,
Қызметі дайын үнемі
Кірген зиян залады,
Күмәнсыз ол кетірер.
(Антивирус)
2-топтың жұмбағы:
1) Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан
(Тасымалдаушы дискілер)
2)Әуез сазды беретін,
Ол да керек құрылғы,
Дыбыс шықса тосыннан,
Бәрің соған бұрылдың.
(Колонка)
3)Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп.
(Компьютер)
4)Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын
(Принтер)
WordPad мәтіндік редакторы туралы мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын .
-
Жаңа тақырыпты бекіту.
Оқушылар «жұмыспарағын» толтырады.
-
Компьютермен жұмыс.
Оқушылар кітаптан 160 беттегі Түйінді көшіреміз.
-
Үйге тапсырма.
«Мәтінді теру ережесі» 158-160 беттегі тақырыптарды оқу