Power Point туралы негізгі түсінік

Слайдтарды безендіру. PowerPoint программасында 17 түрлі безендіру әдісі бар. Безендіруді пайдалану үшін, саймандар үстелінде орналасқан немесе контекстік менюдегі «Оформление слайда» батырмасын шертіңіз. «Пішім---- «Слайдтарды безендіру»                                              (Формат)----- (Оформление слайда). Безендіруді қалай қолданамыз? •         Басты менюдегі «Формат» батырмасын шерту •         «Применить оформление» командасын тағайындаңыз •         «Дизайны презентаций» ішінен керектісін таңдаңыз •         Терезенің оң жақ шетіндегі үлгіге қарап таңда •         «Применить» батырмасын шертіңіз Слайдтарды қосу. Главная менюдегі - «Вставка» -«Создать слайд», батырмасын бассаңыз жеткілікті Слайдтарды сұрыптау режимі: «Вид»-менюдегі-«Сортировщик слайдов» командалары арқылы іске асады.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Power Point туралы негізгі түсінікPower Point туралы негізгі түсінікPower Point туралы негізгі түсінікPower Point туралы негізгі түсінікPower Point туралы негізгі түсінікPower Point туралы негізгі түсінікPower Point туралы негізгі түсінікМ.Тынышпаев атындағы КазККА Ақмола колледжі


Power Point туралы негізгі түсінік




Келісілді

Әдістемелік кабинет меңгерушісі

С.Р.Абдрахманова

______________________

«____»__________ 2014ж.


Бекітемін

директордың оқу-ісі жөніндегі

орынбасары А.Ж.Ахметжанова

______________________

«____»__________ 2014ж.



Ашық сабақтың әдістемелік жоспары


Пәні: Информатика және есептеу техника негіздері

Тақырыбы: Power Point туралы негізгі түсінік

Тобы: АБ-13/1, ЭҚ-13/1

Дайындаған: Мухтарханова Б.Д.

«Жалпы кәсіптік пәндер»

пәндік циклдық әдістемелік

комиссиясында құпталды

№____хаттама

ПЦӘК төрайымы

Сеилбаева А.А.

_________________

Әдіскер Шакирова Э.А.

_________________






Астана 2014ж.




Сабақтың логикалық-құрылымдық кестесі:

Power Point туралы негізгі түсінікPower Point туралы негізгі түсінік

Сабақтың құрылымдық-логикалық сызбасы

Ұйымдастыру кезеңі

/_______ мин/

Өткен тақырыпты тексеру

/________ мин/

Жаңа сабақ

/__________ мин/

Өзіндік жұмыс

/___________мин/

Сабақты қорытындылау

/__________ мин/


Үйге тапсырма

/___________мин/


Студенттерді бағалау

/__________мин/



Негізгі:

2. Е.Қ.Балапанов,А.Дәулетқұлов,Б.Бөрібаев

Жаңа ақпараттық технологиялар, информатикадан

30 сабақ. 61-63 бет

Қосымша: «Компьютерлік сауаттылық» электронды оқулық.



Күні: «04» 03. 2014ж.

Пән аты: Информатика және есептеу техникасы негіздері.

Сабақтың тақырыбы: Power Point туралы негізгі түсінік.

Сабақтың мақсаты: PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік. Бағдарламаның мүмкіндіктері туралы мағлұмат беру және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру. Қазіргі таңдағы ақпараттық технология үрдісін қолдана отырып презентация құру.

Міндеттер:

  • Студенттердің білім деңгейін анықтай отырып, белсенділікке баулу, жаңа ақпарат пен бұрынғы білімді ұштастыру.

  • Студенттердің ойын дамыту, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, информатикалық тіл байлығын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге баулу.

  • Студенттерді шығармашылыққа баулу, шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.

  • Қауіпсіздік ережесіне байланысты студенттерді сақтылыққа үйрету

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Ой шақыру әдісі , түртіп алу әдісі /INSERT/ , тәжірибелік жұмыс,

Көрнекі құралдар: Компьютер, слайд, проектор, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс: Музыка, Қазақ тілі.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын қадағалау

  1. Үй тасырмасын тексеру: МҚБЖ Access-те мәліметтердің бейнеленуі.

Жұмыс түрі: Ақпараттық диктант

Access бағдарламасының экран көрінісінде - тақырып жолы, мәзір қатары, саймандар панелі, жаңа қор не, сақталған қорды ашу, қалып күй қатары бар. Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) - мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы.

Мәліметтер қоры (МҚ) дегеніміз - ол бір-бірімен байланысқан әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау. Microsoft Access қолданбалы программалық жасақтамаға жатады. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасынның негізгі объектілері ол кесте. Форманы көрсету режимдері: конструктор режимі, форма режимі, кесте режимі. Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады.

Студенттерге қойылатын мақсат:

  1. Power Point программасының мүмкіндіктерімен танысу

  2. Power Point программасында жұмыс істей білу.

  3. Слайдтар жасау.

  4. Презентациялар құру.

3. Жаңа сабақ

Жоспар:

  • Программаны іске қосу.

  • Слайдты безендіру

  • Графиктік бейнелерді слайдқа енгізу

  • Презентацияны сақтау

4. Нығайту:

1. Power Point бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office-тің қолданбалы бағдарламасы.

Көрме дегеніміз - қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы.

Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады.

Power Point программасын іске қосу үшін мына әмірлерді орындаймыз:

  • Бастау ------Барлық бағдарламалар ----- Microcoft Office --- Microsoft PowerPoint ;

  • Бастау----Бас мәзір----- Бағдарламалар---- Microsoft PowerPoint;

  • Тышқанның оң жағын басып------ құру- презентация Microsoft PowerPoint

Слайдтарды безендіру.

PowerPoint программасында 17 түрлі безендіру әдісі бар.

Безендіруді пайдалану үшін, саймандар үстелінде орналасқан немесе контекстік менюдегі «Оформление слайда» батырмасын шертіңіз.

«Пішім---- «Слайдтарды безендіру»

(Формат)----- (Оформление слайда).

Безендіруді қалай қолданамыз?

  • Басты менюдегі «Формат» батырмасын шерту

  • «Применить оформление» командасын тағайындаңыз

  • «Дизайны презентаций» ішінен керектісін таңдаңыз

  • Терезенің оң жақ шетіндегі үлгіге қарап таңда

  • «Применить» батырмасын шертіңіз

Слайдтарды қосу.

Главная менюдегі - «Вставка» -«Создать слайд», батырмасын бассаңыз жеткілікті

Слайдтарды сұрыптау режимі: «Вид»-менюдегі-«Сортировщик слайдов» командалары арқылы іске асады.

Слайдтарды сұрыптау режимі:

«Вид»-менюдегі-«Сортировщик слайдов» командалары арқылы іске асады

Графиктік бейнелерді слайдтқа енгізу

  • Графиктік бейнелер Word текстік редактордегідей орнатылады:

  • Менюдегі «Вставка» ---- «Рисунок».

  • Әрі қарай керекті бөлімді көрсетесіз графиктік бейнені қайдан алатыныңызды «Картинки»-дан ба, жоқ «Из файла» ма соны көрсетесіз.

Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.

  • Слайдтарға музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар.

  • Қажетті бейнеклип немесе дыбысты шарт белгісін ерекшелеп Енгізу батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгізе аламыз.

Презентацияны сақтау. Басты менюдегі «Файл» - «Сохранить как» және «Имя файла» деген жерге презентацияның атын жазыңыз, ал «Папка» жолына Файл тізімінен PowerPoint көрсету жолағын таңдап аламыз. Одан кейін Сіздің қалтаңызда Көрме атаулы екі файл пайда болады.

5.Өзіндік жұмыс: Ой шақыру әдісі бойынша компьютерде жеті туралы ұлағатты ұлттық ұғымдарды Power Point бағдарламасына енгізіп слайд жасау.

Жұмыстың орындалу реті:

1. слайдқа- оқу орны, тапсырманың аты, орындаған студенттің аты-жөні, тексерген оқытушының аты-жөні, Астана 2014 - деп жазу керек.

2. слайдқа - жеті қазынаны жазу-/ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, құмай тазы/

3. слайдқа -жеті ғаламды жазу- /шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан, жер, жер асты/

4. слайдқа -жеті күнді жазу-/бүгін, ертең, бірсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына/

5. слайдқа жеті жұтты жазу-/құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала/

6. слайдқа жеті атаны жазу-/бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата/

7.слайдқа жеті қат көкті жазу-/ай, күн, шолпан,есекқырған, қызылжұлдыз, сатурн, мүштәри/

8. слайдқа жеті қат жерді жазу-/тұңғиық, жылан, су, қос балық, қара тас, көкөгіз,жер/

9. слайдқа назарларыңызға рахмет- деп жазу керек.

6. Сабақты қорытындылау мақсатында ой шақыру әдісі бойынша студенттерге қойылатын сұрақтар.

1. Power Point бағдарламасының көрмесін қамтитын файлдың кеңейтімі? - .ppt;

2. Power Point бағдарламасы көрмесінің слайдтарды көрсетуді бастау әмірін қай батырма орындайды?- F5;

3. Бір фалға жинақталған слайдтар нені құрайды?- Көрме;

4. Power Point бағдарламасында сурет салу құралдар үстелінің қай батырмасымен тұтас сызықты үзік сызықпен алмастырамыз?- Штирх мәнері;

5. Көрменің түрлі нысандардан құралатын бөлігі қалай аталады? -Слайд;

6. Power Point бағдарламасы көрмесінің слайдтары көрсетілімін қандай перне үзеді?-Esc

Жаңа тақырыпты қорытындылау мақсатында студенттерге түртіп алу әдісі бойынша Power Point бағдарламасына арналған үлестірме карточкасы беріледі.

Мен бүгін не үйрендім?

Ұнамаған жері болды ма?

Не ұнады?


7.Үйге тапсырма: Жаңа ақпараттық технологиялар, информатикадан 30 сабақ. 61-63 бет.

8.Студенттерді бағалау: Сабаққа белсене қатысқан, жұмысты толық орындаған студенттерді бағалау. Бағаны оқу журналына қою.








Оқытушы: Б.Д.Мухтарханова

© 2010-2022