Открытый урок по информатике на тему Компьютерлік графика түрлері

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Абай ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын

орталықпен» КММ









Ашық сабақ





Сабақтың тақырыбы:

«Компьютерлік графика түрлері»





Пән мұғалімі: Айкен А.

7 «А» сынып












2015-2016 оқу жылы





Сыныбы_________________ Күні____________

Бекітемін_________________ Пән мұғалімі: Айкен А.

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды комьютерлік графика түрлерімен таныстыру. Растрлық

және векторлық, фракталдық кескін ұғымдарын, олардың ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылығы: Компьютерлік графика ұғымдарына түсінік бере отырып, оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, өз ойларын тиянақты жеткізе білуіне, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: жаңа сабақты түсіндіру, компьютермен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  1. Модель дегеніміз не?

  2. Барлық модельдерді қандай екі үлкен класқа бөлінеді?

  3. Материалдық (заттық) модельдерге мысалдар келтіріңдер?

  4. Қандай модельдер ақпараттыққа, ал қандай модельдер материалдыққа жататынын анықтаңдар: әлем картасы, эвакуация жоспары, үстел сұлбасы, ғимарат макеті, автокөлік моделі, глобус.

  5. Ақпараттық модельдерді сипаттау әдістеріне не жатады?

  6. Суреттердің ақпараттық модельдердің қайсысына

  7. жататынын атаңдар

Жаңа сабақ


Компьютерлік графика - программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

Компьютерлік графика - күрделі ақпараттық технологияның бірі. Онсыз әрбір веб-парақшаны, компьютер ойынын жасау, кітаптарды немесе басқа қағаз басылымын шығару мүмкін емес. Компьютерлік графика модельдеудің нәтижелерін көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді және кескін, сұлбалар, сызбалар жасау өндірісінде пайдаланылады.


Компьютерлік графика түрлері

Барлық компьютерлік кескіндерді екі үлкен класқа бөлуге болады: екіөлшемді (2D, 2Dimensions-2 -өлшеу) және үшөлшемді (3D, 3Dimensions-3 өлшеу).

Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық, векторлық және фракталдық.

Растрлық кескіндер пиксельдерден тұрады. Paint-те жасалған кескіндер, фотосуреттер - растрлық кескіндеудің мысалы болып табылады. Растрлық графика редакторлары тек қана сурет салуға арналмаған. Олардың көмегімен коллаждарды, фотомонтажды, суреттерді қалпына келтіруді және т.б. функцияларды орындауға болады.

Векторлық кескіндер сызықтар кесінділерден, доғалардан, әртүрлі пішіндерден тұрады. Векторлық графиканың құндылығы - файлдардың шағын көлемде болуы. Векторлық кескіндердің растр кескіндерінен айырмашылығы - векторлық кескінді масштабтау кезінде сапасы өзгермейді, жоғары қалпын сақтайды. Өнімдерді көркемдеуде векторлық графика қолданылады (кітаптардың, баннерлердің, афишалардың, плакаттардың суреттемелері және т.б.)

Фракталдық графика әртүрлі масштабы бар сәйкес пішіндер жиынтығынан құрылады. Фракталдық кескіндер математикалық теңдеулерден құрылады. Фрактал графикасын пайдаланып, Жұмыс үстеліне арналған өрнектер мен фондар, веб-сайттардың текстуралары, компьютерлік ойындардың таңғажайып ландшафтары жасалады. Табиғаттағы фрактал мысалына қар қылауынғ ағаштар және ағаш жапырақтарын, адамның қан жүру жүйесін жатқызуға болады.

IV. Бекіту тапсырмалары: Оқушылар компьютерде Paint программасында тәжірибелік жұмыс жасайды.

Тапсырма: Растрлық кескінді редакциялау.

1. Windows жүйесінің алмасу буферіне Жұмыс үстелі жүктелген сәтте экран көшірмесін орналастырыңыз, ол үшін Print Screen батырмасын басыңыз.

2. Paint редакторын жіберіңіз. Түзету→Қою (Правка→Вставить) командаларын орындаңыз. (Редактор терезесінде белгілермен таңбашалардан тұратын Жұмыс үстелінің кескіні пайда болады.)

3. Меню пунктіндегі Ерекшелеуді (Выделение) пайдаланып, Қоржын (Корзина) белгісін ерекшелеңіз. Ерекшеленген төртбұрышты фрагментті кескіннің жоғарғы бөлігіне тасымалдаңыз.

4. Тасымалданған фрагменттің орнында қалған ақ төртбұрышты фон түсімен бояңыз. Ол үшін Түстерді таңдау (Выбор цветов) құралын таңдап, оны фонның кез келген нүктесіне қойып, тышқанды шертіңіз.

5. Құю (Заливка) құралын таңдап, ақ төртбұрыш өрісіне шертіңіз.

6. Менің құжаттарым (Мои документы) белгісін қызыл фонды ақ эллипспен жабыңыз.

7. Сурет ортасына «Менің жұмыс үстелім» («Мой рабочий стол») жазуын орналастырыңыз. Ол үшін Жазу (Надпись) құралын таңдап, тышқан көмегімен жазу аймағын құрып, мәтін жазыңыз.

8. Файлды сақтаңыз.

V. Қорытындылау сұрақтары:

1. Бүгінгі сабақтан не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?

2. Компьютерлік графиканың қандай түріне жататынын көрсетіңдер

VІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан, тапсырмаларды орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты оқушыларды бағалаймыз.

VІ.Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу. Оқулықтағы 101 беттегі №3 тапсырма.



Тапсырма: Растрлық кескінді редакциялау.

1. Windows жүйесінің алмасу буферіне Жұмыс үстелі жүктелген сәтте экран көшірмесін орналастырыңыз, ол үшін Print Screen батырмасын басыңыз.

2. Paint редакторын жіберіңіз. Түзету→Қою (Правка→Вставить) командаларын орындаңыз. (Редактор терезесінде белгілермен таңбашалардан тұратын Жұмыс үстелінің кескіні пайда болады.)

3. Меню пунктіндегі Ерекшелеуді (Выделение) пайдаланып, Қоржын (Корзина) белгісін ерекшелеңіз. Ерекшеленген төртбұрышты фрагментті кескіннің жоғарғы бөлігіне тасымалдаңыз.

4. Тасымалданған фрагменттің орнында қалған ақ төртбұрышты фон түсімен бояңыз. Ол үшін Түстерді таңдау (Выбор цветов) құралын таңдап, оны фонның кез келген нүктесіне қойып, тышқанды шертіңіз.

5. Құю (Заливка) құралын таңдап, ақ төртбұрыш өрісіне шертіңіз.

6. Менің құжаттарым (Мои документы) белгісін қызыл фонды ақ эллипспен жабыңыз.

7. Сурет ортасына «Менің жұмыс үстелім» («Мой рабочий стол») жазуын орналастырыңыз. Ол үшін Жазу (Надпись) құралын таңдап, тышқан көмегімен жазу аймағын құрып, мәтін жазыңыз.

8. Файлды сақтаңыз.


Тапсырма: Растрлық кескінді редакциялау.

1. Windows жүйесінің алмасу буферіне Жұмыс үстелі жүктелген сәтте экран көшірмесін орналастырыңыз, ол үшін Print Screen батырмасын басыңыз.

2. Paint редакторын жіберіңіз. Түзету→Қою (Правка→Вставить) командаларын орындаңыз. (Редактор терезесінде белгілермен таңбашалардан тұратын Жұмыс үстелінің кескіні пайда болады.)

3. Меню пунктіндегі Ерекшелеуді (Выделение) пайдаланып, Қоржын (Корзина) белгісін ерекшелеңіз. Ерекшеленген төртбұрышты фрагментті кескіннің жоғарғы бөлігіне тасымалдаңыз.

4. Тасымалданған фрагменттің орнында қалған ақ төртбұрышты фон түсімен бояңыз. Ол үшін Түстерді таңдау (Выбор цветов) құралын таңдап, оны фонның кез келген нүктесіне қойып, тышқанды шертіңіз.

5. Құю (Заливка) құралын таңдап, ақ төртбұрыш өрісіне шертіңіз.

6. Менің құжаттарым (Мои документы) белгісін қызыл фонды ақ эллипспен жабыңыз.

7. Сурет ортасына «Менің жұмыс үстелім» («Мой рабочий стол») жазуын орналастырыңыз. Ол үшін Жазу (Надпись) құралын таңдап, тышқан көмегімен жазу аймағын құрып, мәтін жазыңыз.

8. Файлды сақтаңы

Бүгінгі сабақтан не білдім?

Не үйрендім?

Не білгім келеді?







Бүгінгі сабақтан не білдім?

Не үйрендім?

Не білгім келеді?






Бүгінгі сабақтан не білдім?

Не үйрендім?

Не білгім келеді?







© 2010-2022