Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесін есептеулерге қолдану кестедегі формулалар

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесін есептеулерге қолдану кестедегі формулалар

Сабақтың мақсаты:

А) білімділігі: Microsoft Excel-кестелік процессорында

оқушыларды есептеулерге үйрету

б) дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын

дамыту

в) Тәрбиелік: Оқушылардың ой еңбегін дағдылауға, өз бетімен

жұмыс істеуге, еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың типі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,

баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер құрылғылары, интерактивті тақта, тест

жұмыстары.

І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ. Өткен тақырып бойынша білімдерін актуализациялау.

Сабақтың барысына тоқталып, оқушылардың өткен «Электрондық кесте құру» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру кезеңіне қысқаша тоқталу.

ІІІ. Жаңа сабақты баяндау:

Microsoft Excel электрондық кестесін есептеулерге қолдану кестедегі формулалар.

Жаңа сабақ екі бөлімнен тұрады. Яғни, оқушылар теориялық бөлімді меңгере отырып, практикалық бөлімді қатар орындайды.

Ms Excel бағдарламасы қарапайым есептеулерді оңай орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама. Алу, қосу, азайту және бөлу амалдарынан басқа, бұл бағдарлама мәндер жинағының орташа арифметикалық амалдарын математикалық финанстық, статистикалық және логикалық функциялардың ауқымды жиыны ендірілген.

Формуланы енгізу:

  1. Формуланы кірістіру қажет ететін ұяшықты белсенді етіңіз.

  2. "=" белгісін қойып, формуланы енгізіңіз (мысалы: А5*С5). Енгізу

барысында формула екі орында : ағымдағы ұяшықта және өрнектер жолағында көрініс табады.

СУММ (тізім) - көрсетілген тізімнің қосындысын есептейді. А1.А300 аралығындағы ұяшықта орналасқан мәндердің қосындысы табады. Мысалы, СУММ(А1:А300) функциясы меншіктеліп қойылған. Қосу амалын жылдам орындау үшін  осы батырманы пайдалануға болады. Қосу функциясы өте жиі қолданылатындықтан, оған саймандар тақтасында автоматты түрде қосу батырмасы бар.

MS Excel формулалары есептеулер жүргізуге және берілгендерге анализ жасау үшін керек. Кез-келген формулаға мынандай негізгі сипаттамалар тән:

- ең бірінші сивол ретінде міндетті түрде «=» белгісін жазу керек;

- формуламен есептелген нәтиже сол формула жазылған ұяшықта шығады;

- формулалар жолында белсенді ұяшыққа жазылған формула көрсетіледі;

- формулада жасалған сілтемелердегі мәндер өзгерген жағдайда формула нәтижесі де автоматты түрде өзгереді.

Формулаларда ұяшықтарға сілтеме.

Белсенді жұмыс бетінде әр ұяшық өзіндік адресімен (немесе ұяшыққа сілтемемен) анықталады. Ол ұяшық орналасқан баған атауы мен жолдың номерінен тұрады. MS Excel-де бұдан да басқа адрестеу жүйесі (сілтеме стилі) -R1C1 бар. Онда бағандар да, жолдар да номерленеді. Бұл стильді орнату үшін Сервис - Параметры, Общие астарлы бетінен Стиль ссылок пунктіне жалауша қою керек. Мысалы, R5C2 адресі бесінші жолдағы, екінші бағандағы ұяшыққа сілтемені білдіреді.

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесін есептеулерге қолдану кестедегі формулалар

Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:

• Сан

• Формула

• Мәтін

Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды.

Мәліметтерді енгізу Еnter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз.

Ехсеl-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақ шетіне орналасады.

Сандық пішімде. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім әр түрлі сандық шамаларды жазуға арналған.

IV. Компьютерде практикалық жұмыс.

Оқушылар Excel бағдарламасын ашып практикалық тапсырмалар орындайды.

Азық-түлікке есеп жүргізу

азық түлік

бағасы

әкелінді

сатылды

қалдық

пайда

нан

20

200

122

=С2-D3

сүт

30

244

121

макорон

32

122

55

шұжық

200

45

21

Азық-түлікке есеп жүргізу

азық түлік

бағасы

әкелінді

сатылды

қалдық

пайда

нан

20

200

122


=B3*D3

сүт

30

244

121

макорон

32

122

55

шұжық

200

45

21

V. Бекіту сұрақтары. Тест.

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесін есептеулерге қолдану кестедегі формулалар





VI. Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма: Excel электрондық кестесінде формулаларды пайдаланып есептеулер орындау.

VIII. Сабақты аяқтау.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының

«Технологиялық колледжі» МҚКК





Ашық сабақ


Тақырыбы: «Microsoft Excel электрондық

кестесін есептеулерге қолдану кестедегі формулалар»


№1 топ «Туризм» мамандығы





Орал, 2015 ж.

© 2010-2022