Презентация по информатике на тему Модель

Раздел Информатика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 278 орта мектеп



Презентация по информатике на тему Модель

(Ашық сабақ)


Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Балтабаева Раушан Булдырыковна





Қызылорда қаласы

Ашық сабақ: 8

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде модельдерді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Модель түрлері туралы түсінік беру. Оқушыларға жаңа ақырыпты түсіндіре отырып, теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, практика жүзінде қолдануға үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушыларға кәсіптік бағыт - бағдар беру, өз шешімін дұрыс орындауға баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы

Оқыту әдістері: түсіндіру, сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдары, компьютерлер, бағалау парағы

Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық.

Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру кезеңі ә) үй тапсырмасын сұрау б) жаңа сабақты түсіндіру

в)компьютерлік тәжірбиелік жұмыс г)жаңа сабақ бойынша шығармашылық (практикалық)жұмыс ғ) бекіту, д) үйге тапсырма , ж) қорытынды

а) ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына көңіл бөлу;оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушылар таратпа алып, сол арқылы үш топқа бөлініп отыруы.

ә) үй тапсырмасын сұрау. Нысанның модельін салып келу.

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1.Модель дегеніміз не? (нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.)

2. Модельдеу дегеніміз не? (нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.)

3. Модельдің жасалу жолдары .Қандай нысандардың модельін білесіңдер?

Жаңа сабақ:

Модельдің жіктелуі

Модельдер келесі белгілер бойынша жіктеледі:

  • Қолдану аймағы (оқулық, ойындық, тәжірбиелік, имитациялықжәнет.б.);

  • Уақыт факторларын ескеру (статикалықжәнединамикалық);

  • Көрсету немесе ұсыну тәсілі.

Оқу моделіне оқыту программаларын жатқызуға болады.Ал іскерлік немесе әскери ойындардағы қарсыластарымен одақтастарының мүмкін болатын іс - әрекеттерінің моделі ойындық модельге мысал бола алады.

Динамикалық модель уақыттың өтуіне байланыст ынысан қасиеттерінің өзгерісін көрсетеді.Мысал ретінде оқушының оқу үлгерімін көрсететін сынып журналын айтуға болады.Статистикалық модель деп оқушының бақылау жұмысының нәтижесі бойынша алған бағасы, яғни сол уақыттағы үлгерімін айтады.

Ақпараттық модель дегеніміз- нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланысы болып табылады.

Таңбалық модельдерге сурет, мәтін, график, сызбалар мысал бола алады. Егер модель абстракты түрде бейнеленсе олардың сипаттауға мүмкіндік беретін арнайы тіл, сызба, график, алгоритм, математикалық формулалар , т.б. таңбалық жүйелер қолданылады.

Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді айтады.Компьютердің ақпаратпен жұмыс істейтіні белгілі.Қазіргі кезде компьютерлер дыбыстық, бейне,анимациялық, мәтін, сызба, кесте, т.б. ақпараттармен жұмыс істей алады.Зерттеу нысанының ,үдерісінің және құбылысының қасиетіне байланысты компьютер сәйкес программалармен және қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілуі қажет. Мысалға үшөлшемді (D) модель құру

Үшін Қуатты Видеокарта мен және заманауи программалармен жабдықталу қажет .

Егер сен математикалық модельді зерттесең, онда программалау ортасын немесе электрондық кестені қолданған ыңғайлы. Сөздік модельге мәтіндік редактор ыңғайлы.Ал графикалық модельдер графикалық редакторда құрылады.

Сол себепті компьютерлік модельдеу кезінде программалардың компьютерде жұмыс істеу технологиясын жақсылап меңгеру қажет.Компьютерлік тәжірбиені жүргізудің кезеңін екіге бөліп қарастыруға болады: жоспар құру және модельдеу технологиясын құру.

Жаңа сабақ бойынша шығармашылық (практикалық) жұмыс .

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

  1. Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар 2. Сағаттың модельін салыңдар.

  1. Өз модельдерінді жұмыс үстеліне Бейнелер деп сақтаңдар .4. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.

Жаңа сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту үшін өзіңді тексеру тест жұмысын алу.

  1. Модельдітек …… құруға болады. 2. Модельдеудің негізгі кезеңдері ол: т.б.

Үйге тапсырма.

Астана қаласындағы Байтеректің монументін салу (түпнұсқасы)

Қорытынды

Модельдің түрлеріне не жатады?

Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан, үй тапсырмасын орындаған оқушыларды бағалау.



© 2010-2022