11 сыныпқа арналған сабақ жоспарының үлгісі

Ақпаратты іздеу және іріктеу, іздеу әдістері, іріктеутеу  критериі Сабақ мақсаты:            а) а) Оқушыларға ақпаратты іздеу және іріктеу, іздеу әдістері, іріктеу критериі туралы толық мағлұмат беру   Б) Ақпаратты іздеу және іріктеу арқылы критеримен  жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру.   В) Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеп, пәнге деген қызығушылықтарын артыру.   Сабақ көрнекілігі:      Компьютерден ақпарат туралы кесте көрсету. Сабақ түрі:                 Дәстүрлі Сабақ әдісі: ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып :





Күні:





Тақырыбы: Ақпаратты іздеу және іріктеу, іздеу әдістері, іріктеутеу критериі

Сабақ мақсаты: а) а) Оқушыларға ақпаратты іздеу және іріктеу, іздеу әдістері, іріктеу критериі туралы толық мағлұмат беру

Б) Ақпаратты іздеу және іріктеу арқылы критеримен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру.

В) Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеп, пәнге деген қызығушылықтарын артыру.

Сабақ көрнекілігі: Компьютерден ақпарат туралы кесте көрсету.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Практикалық жұмыстар арқылы түсіндірмелі баяндау.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекіту

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ. Ақпараттармен жұмыс істеу кезінде маңызды ұғым объектілерді топтастыру болып табылады.

Топтастыру - объектілерді белгілі бір белгілеріне сәйкес топтарға бөлу жүйесі.

Объект дегеніміз материалды немесе материалдық емес қасиеттің кез келген заты, үдерісі, құбылысы болып табылады. Объектілерді топтастыру - біртекті қасиеттерді бөлуге бағытталған. Сапалық деңгейдегі топтасудың рәсімі. Топтастыру объектісі ретінде ақпаратқа тән бөлінген топтарды ақпараттық объектілер д.а.

Ақпраттық объектінің қасиеттері реквизит деп аталатын ақпараттық параметрлермен анықталады. Реквизиттер сандық не мәлңметтермен, айталық, салмақ, құны, жылы, не белгілерімен, мысалы, машинаның маркасы, аты- жөн арқылы берілген.

Реквизит - объектінің, үдерістің, құбылыстың және т.б. белгілі бір қасиеттерін сипаттайтын, логикалық жағынан бөлінбейтін ақпараттық элемент.

3 мысалы кітапхана қоры ақпараттық объектілерін өңдеудің алгоритімі белгілі бір тақырып бойынша, авторлар, абонентер және барлық кітаптар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Кез -келген топтастыру кезінде мүмкіндігінше төмендегідей талаптар сақталғаны жөн:

  • Қарастырылатын саланың объектілерін ьолық қамту,

  • Реквизиттердің бірдей болуы,

  • Жаңа объектілерді қосу мүмкіндігі

Топтастырушы - топтастырушы топтардың атаулары мен кодтарының жүйелендірілген жиындығы.

Топтастырудың иерархиялық жүйесі.

Топтастырудың иерархиялық жүйесі төмендегіше құрылады:

  • Элементтердің бастапқы көпшілігі 0 - дік деңгейді құрайды және таңдалған топтастыру белгісіне байланысты кластарға (топтасуға) бөлінеді, бұл 1-ші деңгейді құрайды.

  • 1-ші деңгейдің әр класы өзіне тән топтастыру белгісіне сәйкес қосалқы топтарға бөлінеді, бұлар 2-ші деңгейді құрайды.

  • 2-ші деңгейді әрбір класы сол сияқты топтарға бөлінеді, бұлар 3-ші деңгейді құрайды және т.б.

Бөлудің негізі ретінде таңдалған белгілердің санына сәйкес топтастыру деңгейлерінің саны топтастырудің тереңдігін сипаттайды.

Топтастырудың иерархиялық жүйесінің қасиеттер:

  • Құрылымның қарапайымдылығы;

  • Иерархиялық құрылымның әртүрлі бұтақтарында тәуелсіз топтастырылған белгілерді пайдалану.

Топтастырудың иерархиялық жүйесінің жетіспеуі:

  • Өзгерістерді енгізуге алып келетін қатаң құрылым, өйткені, барлық топтастыру топтарын қайта бөлуге тура келеді,

  • Алдын ала белгілердің үйлесімін табуы көзделмеген объектілерді топтастырудың мүмкін еместігі.

Топтастырудың фасеттік жүйесі.

Топтастырудың фасеттік жүйесінің иерархиялықтан ерекшілігі топтастырудың белгілерін бір-біріне, сондай -ақ топтастырылатын объектінің семантикалық мазмұнына тәуелсіз топтастыру белгілерін таңдауға мүмкіндік береді. Топтастырудың белгілерін фасеттер (facet - рамка) д.а.

Топтастырудың фасеттік жүйесінің қасиеттері.

  • Топтастырудың үлкен сиымдылығын құру мүмкіндігі, яғни топтастыру белгілерінің үлкен сандық мөлшерін және олардың мәндерін топтауларды құру үшін пайдалану.

  • Қолданыстағы топтаудың құрылымын өзгертпей-ақ, топтастырудың барлық жүйесінің жай модификациясының болу мүмкіндігі.

Топтастырудың фасеттік жүйесінің кемшілігі оның құрылымының күрделілігі болып табылады, өйткені топтастыру белгілерінің барлық сан алуандығын ескеру қажет.

Топтастырудың дескрипторлық жүйесі.

Топтастырудың дескрипторлық мән-мағынасы төмендегідей болады:

  • Біртекті объектілердің белгілі бір пәндік саласын немесе жиынтығын сипаттайтын керекті сөздердің немесе сөз тіркестерінің жиынтығы іріктеледі.

  • Таңдалып алынған керекті сөздер мен сөз тіркестері қалыптауға ұшырайды, яғни синонимдердің жиынтығынан бір немесе бірнеше неғұрлым қолданылытындарын іріктіледі.

  • Дескрипторлық сөздері, яғни қалыптау рәсімдеуінің нәтижесінде іріктелген керекті сөздер мен сөз тіркестері құрылады.

Дескрипторлармен арада байланыс орнатылады, бұл ақпаратты іздестірудің саласын кеңейтуге мүмкіндік береді. Мұндай байланыстың үш түру болуы мүмкін.

  • Сининимдік, синоним ретінде керекті сөздердің кейдір жиынтығын көрсететіндер

  • Түр- көрнекілік, объектілердің кейбір тобын неғұрлым маңызды топқа қосуды көрсетілетіндер

  • Ассоциативтік, ортақ қасиеттерді иеленетін дискрипторларды біріктіретіндер

Ақпаратты топтастыру

11 сыныпқа арналған сабақ жоспарының үлгісі




Үйге тапсырма:

6 - 18 бетті оқу

Сабақты аяқтау


Сынып :


Күні:


Тақырыбы: Экспертті жүйелер, жасанды интеллект

Сабақ мақсаты: а) Экспертті жүйелер, жасанды интеллект туралы толықтай түсінік беру

б) Ақпаратты жүйе және жасанды интелект арқылы жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру.

в) Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеп, пәнге деген қызығушылықтарын артыру.

Сабақ көрнекілігі: Компьютерден ақпарат туралы кесте көрсету.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Баяндау.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекіту

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ. Жүйе дегеніміз бір мезгілде әрі біртұтас, әрі әртекті элементтердің жиынтығы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге орай біріктірілген ұғым ретінде қарастырылатын кез келген объекті болып табылады. Жүйелер өзара құрамы жағынан да, басты мақсаттары жағынан да едәуір ерекшеленеді.

Жүйе

Жүйе элементтері

Жүйенің басты мақсаты

Фирма

Адамдар, қондырғылар, материалдар, ғимараттар және т.б.

Тауарлар өндірісі

Компьютер

Электронды және электр -механикалық элементтер, байланыс желелері және т.б.

Мәліметтерді өңдеу

Телекомуникациялық жүйе

Компьютерлер, модемдер, кабельдер, желілік бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.

Ақпараттық бағдарлама

Ақпараттық жүйе

Компьютерлер, компьютерлік желілер, адамдар, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету

Кәсіби ақпаратты өндірісі

«Жүйе» ұғымына «ақпараттық» сөзін үстеу оны құрылуы мен жұмыс істеуін көрсетеді. Ақпараттық жүйелер кез келген саладағы міндеттердің шешімдерін қабылдау үдерісінде қажетті ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді, іздестіруді, беруді қамтамасыз етеді.

Ақпаратық жүйе - алған қойған мақсатқа жетуге орай ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын ұралдардың, әдістер мен жұмыскерлердің өзара байланысты жиынтығы.

Ақпараттық жүйедегі үдеріс.

Кез келген мақсаттағы ақпаратық жүйе жұмысын қамтамасыз ету үдерісін шартты түрде мынандай блоктардан тұратын схема түрінде ұсынуға болады.

  • Сыртқы немесе ішкі қайнар көзерден ақпаратты енгізу,

  • Түсетін ақпаратты өңдеу және оны онтайлы түрде беру,

  • Тұтынушыларға ұсыну немес басқа жүйеге беру үшін ақпаратты шығару

  • Кері байланыс - бұл түсетін ақпаратты түзету үшін аталған ұғым адамдарымен қайта өңделген ақпарат

Ақпараттық жүйе төмендегідей қасиеттерімен айқындалады:

  • Кез келген ақпараттық жүйе талдауға жатуы мүмкін, ол жүйелерді құрудың жалпы принципі негізінде құрылған және басқарылады.

  • Ақпаратты жүйе серпінді және қарқынды дамуда.

  • Ақпаратты жүйені құру кезінде жүйелік тәсілді қолдану қажет.

  • Ақпараттық жүйенің шығатын өнімі ақпарат болып табылады, оның негізінде шешімдер қабылданады.

  • Ақпараттық жүйені ақпаратты өңдеудің адам компьютерлік жүйесі ретінде қабылдаған жөн.

Ақпараттық жүйенің құрылымы

11 сыныпқа арналған сабақ жоспарының үлгісі



Ақпараттық жүйелердің үлгілері.

Нарықтық мүмкіндіктерді іздеп табудың ақпаратық жүйесі

Тауарды сатып алу кезінде кейбір фирмаларда ақпараттық жүйе сатып алушы туралы мәліметтерді тіркейді

Тауарлар ағымын жеделдететін ақпараттық жүйе

Өндірістегі іркілістерді төмендету бойынша ақпараттық жүйесі

Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы

Ж11 сыныпқа арналған сабақ жоспарының үлгісі11 сыныпқа арналған сабақ жоспарының үлгісі11 сыныпқа арналған сабақ жоспарының үлгісіИ - бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын, ЭВМ көмегімен семантикаға жүгіну талап ететін үдерісті есептеу сипатындағы емес шығармашылық міндеттері шешуге мүмкіндік беретін ғылыми - зерттеу бағыты.




Білімдерді және білімдер базасын айқындау

Білім - сипатталатын проблема туралы хабарлар болудың белгілі бір деңгейіне сәйкес келетін, бір тұтас сипаттама құратын мәліметтердің жиынтығы

Сипаттауды жинақтау дәрежесі бойынша білім мына төмендегіше бөлінеді:

  1. Жалпылама - пәндік саланың жекелеген ұғымдары арасындағы себеп - салдардық қатынастардың жиынтығын сипаттайды.

  2. Терең - пәндік салада болып жатқан барлық үдерістерді терең түсіну көрсететін абстракцияға, аналогияға, үлгілерге қатысты

Объект - бұл өзінің мән берілетін факт

Объектілер класы - бұл объект фактілердің нақты жиынтығын біріктіретін атау

Қатынастар - объектілер кластары және пәндік сала шеңберінде пайда болған жекелеген объектілер арасындағы байланысты айқындайды.

Үйге тапсырма:

18 - 28 бетті оқу

Сабақты аяқтау

Сынып :


Күні:


Тақырыбы: Операциялық жүйелерді баптау және қалпына келтіру

Сабақ мақсаты: а) Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен , «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену.

Сабақ көрнекілігі: Компьютерден ақпарат туралы кесте көрсету.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Баяндау.

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекіту

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ.

Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програмалар жиынтығы.

Windows - IBM PC платформалы компьютерлерге арналған алғашқы графикалық операциялық жүйелердің бірі. Мұндағы ең қарапайым және негізгі басқару құрылғылары болып тышқан және пернелік тақта есептеледі. Windows жүйесінің көмегімен компьютерді басқара отырып, шағын локальдық желінің қызметін ұйымдастыруға болады және мұнда Интернет желісімен кіріктірілу мүмкіндігі де қарастырылған.

Файл деп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе программалар жиынтығы орналасқан , өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.

Бума (папка, каталог) - бір дискіде орналасқан, белгілі бір қажеттілік бойынша бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығын атау үшін қолданылатын Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі. Мұндай қызмет атқаратын объектіні MS DOS жүйесінде каталог деп атаса, қазіргі Windows жүйесінде бума деп атайды. Бумада тағы да басқа бумалар , файлдар орналасуы мүмкін. Бумалардың қызметі- есте сақтау құрылғыларында сақталатын өте көп файлдардың арасынан қажет файлды тез іздеп тауып алу үшін, оларды белгілі бір ретпен бағынышты немесе сатылы иерархиялық құрылымда орналастыру.

Жарлық (Ярлык)- нақты бір объектіге апаратын жол (маршрут, путь) сақталатын, бір килобайт көлеміндегі шағын файл. Жарлықтар да қажет объектілерді жылдам тауып алу үшін қолданылады.
Windows операциялық жүйесі графикалық жүйе болғандықтан мұнда негізгі объектілерді, яғни бума мен файлды белгілеу үшін арнаулы белгі- таңбалар (значки) қолданылады. Файлдардың әрбір типіне сәйкес белгілері болады, сондай-ақ жарлықтардың да өзіне тән бағыттауышы (стрелкасы) бар белгісі болады.

Windows операциялық жүйесіндегі графикалық интерфейстің негізі - бұл жақсы ойлап табылған және өте тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін терезелер жүйесі. Терезені операциялық жүйедегі жұмысты басқару элементі деп те , объектілердің жұмыс аумағы деп те қарастыруға болады. Windows операциялық жүйесінде терезенің: қосымша терезесі, құжат терезесі, сұхбат терезесі, белгі (значок) -терезе және т. б. түрлері кездеседі.

Жұмыс үстелі (Рабочий стол) - Windows операциялық жүйесінің бумалары мен файлдары, жарлықтары және тағы да басқа жүйені басқару элементтері орналасатын жоғары деңгейдегі объектісі (немесе бума). Windows операциялық жүйесі іске қосылғанда бірден жұмыс үстелінің терезесі ашылады.

Тапсырмалар панелі (Панель задач) - жұмыс үстелінде орналасқан және қолданушының жасап жатырған тапсырмаларын уақытша қоя тұруына арналған Windows операциялық жүйесінің негізгі басқару элементтерінің бірі.

Файлдық жүйе - дискідегі файлдардың орналасуына және олармен жұмыс жасауды басқаруға жауап беретін операциялық жүйенің құрамды бір бөлігі

Файлдық жүйеде жасалатын әрекеттер:

 файлдық жүйе бойынша іздеу

 қосымшаларды іске қосу және құжаттарды ашу

 бумалар құру

 бумалар мен файлдарды көшіру

 бумалар мен файлдардың орынын ауыстыру

 бумалар мен файлдарды өшіру

 бумалар мен файлдардың атын өзгерту

 жарлықтар құру

Сілтеуіш (Проводник)- файлдық жүйеден кез-келген объектіні іздеуге және олармен басқа да әрекеттерді орындауға арналған операциялық жүйенің қызметші программасы .

Алмасу буфері (Clipboard) - операциялық жүйе жұмысы кезінде қосымшалар мен құжаттар арасындағы мәлімет алмастыруды қамтамасыз етуге арналған жедел жадының арнаулы бөлігі.
Стандарт қосымшаларға Windows операциялық жүйесінің құрамындағы, қолданушыға ең қажет, қарапайым қызмет түрлерін (қарапайым мәтіндік құжат даярлау, суреттер салу, сақтау, баспаға шығару, математикалық қарапайым есептеулер жүргізу және т.б.) көрсететін келесі қосымшалар немесе программалар жатады:

  1. Мәтіндік редактор WordPad

  2. Блокнот

  3. Графиктік редактор Paint

  4. Калькулятор

Тышқан құрылғысымен жасалатын әрекеттер:

 шерту

 екі рет шерту

 оң жақ батырмасына шерту

 жылжыту немесе тасымалдау (перетаскивание)

 созу немесе ұзарту (протягивание)

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Жұмыс үстелін баптау.

  1. Жұмыс үстелінің параметрлерін өзгертіңіз. (фон, заставка, безендіру).

  2. Пуск -> Программы -> Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген екі стандарт қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін экранның көлеміндей қылып ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз, каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз.

  3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның көмегімен өзгертіңіз.

  4. Қосымша терезесін жабыңыз.

  5. Дискіде орналасқан қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша үшін жарлық құрыңыз және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған жарлығыңызды пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.

  6. Қосымшаны немесе программаны Программы мәзіріне (менюіне) орналастырыңыз. Осы мәзірді пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.Қосымшаны жабыңыз.

Windows-дың анықтамалық жүйесінен мына үш терминді: мультимедиа, настройка

  1. Главного меню, ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын ретімен Блокнот стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt файлына көшіріңіз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
1-кестедан алынады)

1. С дискісінде өз нұсқаңызға сәйкес файлдық құрылым жасаңыз /Кестедегі 1- тапсырма/.
2. Справка.txt файлын кестедегі өз нұсқаңыздағы құрылымға сәйкес орналастырыңыз /2-тапсырма/.
3. Справка.txt файлын сәйкес бумаға көшіріңіз және атын өзгертіңіз /3-тапсырма/.
4. Зертханалық жұмыс тақырыбын, бумалармен, файлдармен жасалған жұмыстардың алгоритмін, жиі қолданылатын амалдарға сәйкес Windows жүйесіндегі жедел пернелер комбинацияларын дәптерге жазыңыз .

© 2010-2022