Компьютерлік технология пәнінде ойын технологиясын пайдалану

Сабақтың тақырыбы:      Деректер қоймасы                                                Формаларды деректерді енгізу және редакциялауда қолдану.                                                Есеп беруді құру. Сабақтың мақсаты:          Білімділік:                              MS Accеss деректер қоймасында мәліметтермен жұмыс                                                  жасай отырып, формаларды деректерді енгізу және                                                     редакциялауда қолда... Форманы құру. Форманы көрсету режимдері. Формалар – деректер базаны ақпаратпен толтыратын қызметкерлерге қажет. Олар ақпаратты енгізуге, қарап шығуға және кесте немесе сұраныстағы ақпаратты модификациялауға көмектеседі. Құру тәсілдері: 1.      автоматты түрде – Автоформа. 2.      шебер арқылы – Мастер форм. 3.      өз қолымен – Конструктор. Форманы көрсету режимдері: 1.      конструктор режимі 2.      форма режимі 3.      кесте режимі Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады. Басқару элементтері. Конструктор режимінде форманың көлбеу және тігінен орналасқан сызғыштар, форматтау тақтасы және құралдар тақтасы бар. Қосымша басқару элементтер тақтасын  экранға шығаруға болады. Ол арқылы формаға жаңа объектілер енгізуге болады. Басқару элементтер – бұл формада немесе есепте орналасқан және деректерді бейнелеуге, операцияларды жасауға немесе жай әсемдік үшін арналған графикалық объектілер болып табылады. Формаларда үш бөлім және бірнеше басқару элементтер болуы мүмкін. Форманың бөлімдері: форманың тақырып жолы – бұл бөлім форманың 1-ші бетінің ең басында орналасады және тақырыптың атауын орналастыруға арналған; форманың ескерту бөлімі – соңғы беттің ең соныңда орналасқан, пайдаланушыға арналған кеңестер және басқада қажет ақпаратты орналастыруға пайдаланады. деректер аумағы – деректердің жазулары орналасқан. Экранға көрінбейтін бөлімді шығару үшін Вид /Заголовок/Примечание формы командасын орындау қажет.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Гуманитарлық - педагогикалық колледжі








«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары

___________ М. А. Мамбетова

«___»_______________ 2014ж.


Компьютерлік технология пәнінде ойын технологиясын пайдалану





Тақырыбы: Деректер қоймасы








Пәні: Компьютерлік технология

Мұғалім: М.Ж. Мирзаметов

Топ: МДО-131















Ақсукент-2015ж

35 сабақ жоспары


Тобы: МДО-131

11.02.2014ж


Сабақтың тақырыбы: Деректер қоймасы

Формаларды деректерді енгізу және редакциялауда қолдану.

Есеп беруді құру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: MS Accеss деректер қоймасында мәліметтермен жұмыс

жасай отырып, формаларды деректерді енгізу және

редакциялауда қолданып, есеп беруді құра білу.

Дамытушылық: Өмірдегі күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, өз

бетімен іздену, білімдерін іс - жүзінде қолдана білу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Деректер қоймасына халық құндылықтарын енгізе отырып

шапшаңдыққа, ұқыптылыққа және еңбек сүйгіштікке, халық

дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық, жарыс сабақ.

Сабақ әдісі: Халықтық педагогика технологиясы және деңгейлік оқыту

технологиялары арқылы алдына мақсат қоя отырып оқыту,

зерттеу әдістері.

Пән аралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, математика, астрономия, география

Сабақтың жүрісі:

І Ұйымдастыру.

  1. Сабаққа дайындықтарын тексеру

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Маңызды сөздер(шарты: сөздердің мәнін ашу)

  1. Информация сөзінің мәні?

  2. Компьютер қандай құрылғы?

  3. «Қойма» сөзінің мәні?

  4. Ақпараттың қандай түрлерін білесіз?

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Сұрақтар: (жеті қазына суреттеріне сұрақ жасырылған)

  1. Excel бағдарламасы не үшін қажет?

  2. MS Word бағдарламасы қандай элементтерден тұрады?

  3. MS Word бағдарламасында бос кестелерді тұрғызудың қанша тәсілі бар?

  4. Power Point бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері қандай?

  5. Кесте дегеніміз не?

  6. Жазба дегеніміз не?

  7. Жан бітім дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа тақырып.

Microsoft Acces- MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:

  • 1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)

  • 1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)

  • 1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)

  • 2001 Access 2002 (Office XP пакеті)

  • 2003 Access 2003 (MS Office 2003)

  • 2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)

  • 2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)

Microsoft Access бағдарламасы ол - кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірі туралы мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толтырып, құжаттар дайындап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі

Форманы құру. Форманы көрсету режимдері.

Формалар - деректер базаны ақпаратпен толтыратын қызметкерлерге қажет. Олар ақпаратты енгізуге, қарап шығуға және кесте немесе сұраныстағы ақпаратты модификациялауға көмектеседі.

Құру тәсілдері:

1. автоматты түрде - Автоформа.
2. шебер арқылы - Мастер форм.
3. өз қолымен - Конструктор.

Форманы көрсету режимдері:

1. конструктор режимі
2. форма режимі
3. кесте режимі

Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады.

Басқару элементтері.

Конструктор режимінде форманың көлбеу және тігінен орналасқан сызғыштар, форматтау тақтасы және құралдар тақтасы бар. Қосымша басқару элементтер тақтасын экранға шығаруға болады. Ол арқылы формаға жаңа объектілер енгізуге болады.

Басқару элементтер - бұл формада немесе есепте орналасқан және деректерді бейнелеуге, операцияларды жасауға немесе жай әсемдік үшін арналған графикалық объектілер болып табылады.

Формаларда үш бөлім және бірнеше басқару элементтер болуы мүмкін.

Форманың бөлімдері:

  1. форманың тақырып жолы - бұл бөлім форманың 1-ші бетінің ең басында орналасады және тақырыптың атауын орналастыруға арналған;

  2. форманың ескерту бөлімі - соңғы беттің ең соныңда орналасқан, пайдаланушыға арналған кеңестер және басқада қажет ақпаратты орналастыруға пайдаланады.

  3. деректер аумағы - деректердің жазулары орналасқан.

Экранға көрінбейтін бөлімді шығару үшін Вид /Заголовок/Примечание формы командасын орындау қажет.

Есептер құрастыру.

Есептер - сұраныстар жұмысының нәтижелерін көрнекті түрде, баспа құрылғысында басылма түрінде алуға мүмкіндік береді (қағаз құжаты).

Құру тәсілдері:

1. автоматты түрде - Автоотчет.
2. шебер арқылы - Мастер отчета.
3. өз қолымен - Конструктор.

Компьютерлік технология пәнінде ойын технологиясын пайдалану




Компьютерлік технология пәнінде ойын технологиясын пайдалану





Компьютерлік технология пәнінде ойын технологиясын пайдалану





Есептің құрылымы:

1. тақырып жол бөлімі- есептің жалпы атауын жазуға арналған;
2. жоғарғы колонтитул бөлімі - егер есептің құрылымы күрделі болса және бірнеше

беттерден тұрса, онда ішкі атауларды жазу үшін қолданылады;
3. деректер аумағы - база кестелер өрісінің мазмұнымен байланысты, басқару элементтер орналасқан;
4. төменгі колонтитул- құру мерзімі және беттерді нөмірлеу;
5. ескерту бөлімі - қосымша ақпарат орналастыру;
6. топтың тақырып жолы - әрбір берілген топтың жоғарғы бөлігінде шығады.

IV. Практикалық бөлім.

Жеті туралы ұлағатты ұлттық ұғымдарды Access бағдарламасына енгізу

  1. жеті қазына

  2. жеті ғалым

  3. жеті күн

  4. жеті жұт

  5. жеті ата

  6. жеті қат көк

  7. жеті қат жер

Үлгі:

  1. жеті қазына (1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел. 3.Ақыл,білім. 4. Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік тазы)

  2. жеті ғалам (1.Шығыс. 2.Батыс. 3.Оңтүстік. 4.Солтүстік. 5.Аспан. 6.Жер. 7.Жер асты)

  3. жеті күн (1.Бүгін. 2.Ертең. 3.Бүрсігүні. 4.Арғы күн. 5.Ауыр күн. 6.Соңғы күн. 7.Азына)

  4. жеті жұт (1.Құрғақшылық. 2.Жұт. 3.Өрт. 4.Оба. 5.Соғыс. 6.Топан су. 7.Зілзала)

  5. жеті ата (1.Бала. 2.Әке. 3.Ата. 4.Арғы ата. 5.Баба. 6.Түп ата. 7.Тек ата.)

  6. жеті қат көк (1.Ай. 2.Күн. 3.Шолпан. 4.Есекқырғын (Меркурий). 5.Қызыл жұлдыз (Марс). 6.Сатурн. 7.Мүштәри (Юпитер))

  7. жеті қат жер (1.Тұңғиық. 2.Жылан. 3.Су. 4.Қос балық. 5.Қара тас. 6.Көкөгіз. 7.Жер)

Тапсырманы орындау реті.

  1. Деректер қоймасын құру. Файл менюінде Создать командасын таңдаңыз.

  2. Конструктордың көмегін келесі кестені тұрғызыңыз: (өрістер жеті қазына,.........)

  3. Формалар құру. - деректер қоймасы терезесінен «Кестелер» категориясын таңдау, кестеге нұсқағышын орнату; -деректер қоймасы терезесіндегі объектілер ішінен Формы таңдап; - Шебердің көмегімен форма құру командалар орындаймыз.

Есеп беруді құру үшін:

Есеп берудің қарапайым есеп беруді құру үшін бірнеше әрекеттерді ғана орындау жеткілікті:

  1. Деректер қоймасының терезесін ашыңыз.

  2. Деректер қоймасының терезесінде «Кестелер» категориясы таңдалғанына көз жеткізіңіз.

  3. Есеп беруді құрғыңыз келген кестеге нұсқағышты орнатыңыз.

  4. Вставка/ Автоотчет командасын орындаңыз немесе саймандар панеліндегі Новый объект батырмасын басыңыз және ашылған тізімнен Автоесеп беруді таңдаңыз.

Экранда санаулы уақытта - ақ пайдалануға дайын есеп беру пайда болады (11 - сурет). Бұл есеп беруге кестенің барлық өрістері қосылған. Олардың атаулары кестедегі сияқты тік орналасқан. Әрбір өріс атауының оң жағында кестедегі мәні бейнеленген.

V. Сабақты бекіту

Аламан бәйге. (сурет бөліктері астына «20» саны жасырылған)

(Бекітуге бәйге ретінде өткізу үшін сұрақтар «Аламан бәйге» деп алдым. Бұл бөлімде оқушылар шапшаңдық, жылдамдық, білімділік көрсетуі тиіс)

  1. MS Access - те кестеде барды көрсетудің екі пішімі бар олар не деп аталады? (кесте түрінде және форма түрінде)

  2. MS Access - те формаларды құру неше жолы бар? (екі конструктор көмегімен және шебер көмегімен)

  3. MS Access деректер қоймасының негізгі мүмкіндіктері қандай? (кесте, сұрату, форма, есеп беру)

  4. Деректер типтерін ата? (мәтіндік, сандық, ақшалай, санауыш, дата/уақыт, логикалық, гиперсілтеме)

  5. Есеп беруді құру не үшін қажет? (Есеп беру)

  6. Есеп берудің құрудың қарапайым тәсілі? (ДҚ терезесін ашыңыз;ДҚ терезесінде «Кестелер» категория таңдау; кестеге нұсқағышын орнатып; Вставка - автоотчет командасын орындаңдар)

  7. Деректерді енгізуде және редакциялау қайда қолданылады? (формаларда)

Бүгінгі біздің «Озық ойлы дарындылар» сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
ойынымызды басталық қатысушылар - дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
«Озық ойлы дарындылар» сайысына құралған «Пернетақта» және «Процессор» атты 2 команда қатысады. Сайыс 6 турдан бойынша өткізіледі.
І. тур. «Ойлан тап!»
ІІ. тур. «Бейне сұрақ»
ІІІ. тур. «Адасқан әріптер».
ІV. тур. «Кім жылдам».
V. тур. «Дешифратор».
VІ. тур. «Үй тапсырмасы»
VІІ. тур. «Құпия жәшік» сұрағы.
Информатиканың сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді - дей отырып, топтың білім мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Ендеше МДО-131 оқу тобы арасында өткелі отырған «Озық ойлы дарындылар» сайысын бастайық.
І. кезең. «Ойлан тап!» сұрақ жауап бөлімі. Бұл бөлімде 2 топқа сұрақ бірдей қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын береді. Егер сұрақтың жауабынан қателессе онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіншілік бар. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1. Кесте дегеніміз не? (Бірнеше ұяшықтардың жиынтығы.)

2. Ең алғашқы ЭЕМ қай жылы істеп шығарылды? (1943 Марк - І )

3. Компьютер қандай ақпараттарды қабылдай алады? (дыбыстық, сызбалық, бейнелік, мәтіндік, сигналдық)

4. Амалдық жүйе дегеніміз не? (Бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама)

5. АҚШ - тың IBM фирмасы қай жылдан бастап дербес компьютерлерді шығара бастады? (1980)

6. Деректерді уақытша сақтауға арналған құрылғы (Жедел Жады)

7. Microsoft Excel бағдарламасы дегеніміз не? (Бұл электрондық кестелерді, диаграммаларды, тізімдерді және тіпті Web - беттерді дайындау үшін пайдаланылатын толық қызметтік кестелік процессор.)

8. Қатқыл диск (немесе қатқыл дискінің жетегі) не? (Бұл мәліметтердің компьютердегі негізгі қоймасы)

9. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)

10. Microsoft Word бағдарламасы дегеніміз не? (Бұл мәтінді енгізуге, түзетуге, форматтауға және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор)
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз?
ІІ. кезең. «Бейне сұрақ» экранға назар аударайық, дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.
1 сұрақ: «Процессор» тобына
Таңбаша дегеніміз не?
Жауабы: нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелерді айтады.
2 сұрақ: «Пернетақта» тобына
Файл дегеніміз не?
Жауабы: Аты бар, бірқатар байттар тізбегі.
Бұл жарыс біткен жоқ кетпейік,
Келесі бөлімге беттейік.
Бәріміз бірігіп, бас қосып,
Адасқан әріпті реттейік.
ІІІ. кезең. «Адасқан әріптер». Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі(ал орындау уақыты 1минут) Топтарға 6 сұрақтан берілген.

«Процессор» тобы
1. РЕТЬЮПОМК - компьютер
2. ВРЕДАЙР - драйвер
3. ДЕМОМ - модем
4. ЛАЙФ - файл
5. РОТИНОМ - монитор
6. АТЕКИСД - дискета
«Пернетақта» тобы
1. НИРПЕРТ - принтер
2. ЧЕСВИНТЕР - винчестер
3. КРАСЕН - сканер
4. АНИШ - шина
5. СОРЕСЦПРО - процессор
6. ТОРП - порт
Сайысымыздың ІV кезеңі «Кім жылдам».
Бұл турда оқушылар берілген мәтінді 3 минуттың ішінде компьютерге жазып болуы тиіс бірінші аяқтаған командаға жоғары 1 ұпай беріледі:
«Процессор» тобына:
Ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгертеді, яғни оны түрлендіреді. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Мұндай процесті кодтау деп аталады. Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп аталады. Кодтауға қолданған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады.
«Пернетақта» тобына:
Ақпараттық процестің әр түрлі сатыларында ақпарат бірнеше рет қайта кодталады, яғни өзінің ұсыну бейнесін өзгертеді. Символдардың кодталу комбинацияларының жиынтығы кодтау кестесі деп атайды. Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрылғыларының конструкциясын мейлінше жеңілдетеді.
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз
V. кезең. «Дешифратор». Ойынның шарты: Әр командаға 15 сұрақтан қойылады. Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай деп саналады.

І топ: 1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
ІІ топ:
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
Енді келесі VІ кезеңіміз «Үй тапсырмасы» яғни бұл кезеңде әр топ үйден салып келген «Компьютер - 2030» суретін қорғайды. Жақсы суретке 10 ұпайдан беріледі.
VІІ. кезең. «Құпия жәшік» сұрағы. Екі жәшіктің ішінде бөлек - бөлек информатика қатысты заттар тұр, бұл заттар екі топқа қойылатын сұрақтардың жауабы болып табылады, егер осы «Құпия жәшік»- тің ішінде не тұрғанын тапса онда 1 ұпаймен бағалаймыз?(2 минут уақыт беріледі)
«Процессор» тобына
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрастырды. Дөңгелек орнын цилиндрді қолданғанда. Бұл құрал күрделі қосу мен алу амалдарымен қоса көбейту, бөлу амалдарын квадраттау амалдарын орындайтын болды. Осы арифмометрдің негізін ала отырып орыс өнер тапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын жасады? Бұл жәшіктің ішінде қандай құрал? (Калькулятор)
«Пернетақта» тобына
Мәлімет сақтайды, бұған 1, 44 Мбайт деген сан сәйкес келеді. Бұл не? Жәшікте қандай құрал бар? (дискета)
Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті.

Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Осымен «Озық ойлы дарындылар» атты сайсын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз.

VI.Үйге тапсырма беру. MS Access мәліметитер базасы туралы жалпы түсінік.

VIІ. Бағалау

Оқытушы: ______________М.Ж. Мирзаметов

ПБ төрағасы______________ К.К. Убаев

© 2010-2022