«Сөзмерген» (сыныптан тыс сабақ)

Тақырыбы:  «Сөзмерген» Мақсаты:Тақырыптыққабілеттерді дамыту, ойөрісті кеңейту, тұрақты сөзтіркестері, мақал-мәтелдер және көнергенсөздердіңмағынасын ашу, табиғатын тану. Құрал жабдықтар: тірек, сызбалар.   Құрметті ұстаздармен оқушылар бүгінгі Сөзмерген  тіл білгірі сайысына қош келдіңіздер.                                      Тілім менің! Тілім үшін өліп,тірілді елім, Аралыммен арыммен қатар қойып, Тілді қорғау-парызымды бүгін менің-деп «Сөзмерген» Сайысын бастаймыз. Шын жүйрік шабысымен танылады Нақты білім,терең ой сыналады Сіздерге құрметпенен қол соғылды Енді қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Ақталған ақ арманы үміттері Қашан көрең жүреді күліп тегі Қаумалаған ағайын аманбысың, Аманбысың сайыстың үміткері,-деп ортаға Сайыскерлерімізді шақырамыз! Сайыс ережелері: I.Кезең Таныстыру II.Кезең Жүйрік болсаң шауып көр III.Кезең Мықты болсаң тауып көр7
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Сөзмерген»

Мақсаты:Тақырыптыққабілеттерді дамыту, ойөрісті кеңейту, тұрақты сөзтіркестері, мақал-мәтелдер және көнергенсөздердіңмағынасын ашу, табиғатын тану.

Құрал жабдықтар: тірек, сызбалар.

Құрметті ұстаздармен оқушылар бүгінгі Сөзмерген тіл білгірі сайысына қош келдіңіздер.

Тілім менің!

Тілім үшін өліп,тірілді елім,

Аралыммен арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау-парызымды бүгін менің-деп «Сөзмерген»

Сайысын бастаймыз.

Шын жүйрік шабысымен танылады

Нақты білім,терең ой сыналады

Сіздерге құрметпенен қол соғылды

Енді қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Ақталған ақ арманы үміттері

Қашан көрең жүреді күліп тегі

Қаумалаған ағайын аманбысың,

Аманбысың сайыстың үміткері,-деп ортаға

Сайыскерлерімізді шақырамыз!

Сайыс ережелері:

I.Кезең Таныстыру

II.Кезең Жүйрік болсаң шауып көр

III.Кезең Мықты болсаң тауып көр

Зат есімдер мен есім сөздермен тіркестіріп мақал-мәтел құрастыру:

1.Тіл 2.Білім 3.Батыр

Тіс өткір Сезім қызыл азамат айласыз

Ертін өнер бала

Езу достық жігіт





  1. Тіл қылыштан өткір.

  2. Өнер алды қызыл тіл.

  3. Айласыз батыр алдырар

IV. Кезең «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап»

  1. Ең жас қала (Астана)

  2. Судың көзі (бұлақ)

  3. Адамдардың арасында не болады (достық)

  4. Ең бірінші байлық (денсаулық)

  5. Қауынның досы (қарбыз)

  6. Сәбиді дүниеге әкелетін кім? (ана)

  7. Дастарханда ең бірінші не болсын деп тілейміз? (нан)

  8. Уақытты көрсететін не? (сағат)

  9. Бойына сеніп жылдан құр қалған не? (түйе)

  10. Аптаның төртінші күні (бейсенбі)

  11. Жұма күні қазақтардың пісіретін наны (шелпек)

  12. Түйе сүті (шұбат)

  13. Шөлге шыдамды жануар (түйе)

  14. Ұя салмайтын құс (көкек)

  15. Қоянның баласы (көжек)

  16. Қыста ұйықтайтын аң (аю)

  17. Ат жарысы (бәйге)

  18. Кіші жүздің биі (Әйтеке)

  19. Жұма күндері мұсылмандардың баратын жері (мешіт)

  20. Сәтті күн (сәрсенбі)

  21. Аптаның қасиетті күні (жұма)

  22. Мұсылмандардың қасиетті қаласы (Мекке)

  23. Тіл мерекесі қай кезде аталып өтіледі? ( 22қыркүйек)

  24. Білім күні (1 қыркүйек)

  25. Биыл тәуелсіздіктің неше жылдығын тойладық

V. Кезең. Плакатқа сурет салу.

VI. Кезең. Мәнерлеп өлең оқу.

VII. Кезең. «Тапқыр бролсаң жеңіп көр»

Жұмбақ шешу кезеңіі.

  1. Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат, Арбауынан бір босамас қызыл ат. (Тіл)

  2. Өзі түз, ізі қисық бір аттың, Өшпес ізін бала кезден ұнаттым. (қалам мен жазу)

  3. Жағалай-жағалай тас қойдым, Жирен атты бос қойдым. (тістер мен тіл)

  4. Отыз екісі дирмен тартып, Бір қапқа салады. (Тіс, тіл)

  5. Екі әскер соғысып жатыр, Ортасында бір елші. (Тіс пен тіл)

  6. Ақ тоғайдың ішінде, Кісінейді күрең тай (тіл)

  7. Әрі сүйексіз, Әрі тиексіз. (тіл)

Қымбат маған ана тілім, бал тілім.

Қымбат маған дана тілім, ар тілім

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім - тілім ардақ тұтар алтыным, - деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Келесі сөздің кезегін әділ - қазылар алқасына береміз



© 2010-2022