Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялауФигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялауФигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялауФигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялауФигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялауФигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялауФигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялауФигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялауФигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялауФигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялауСыныбы: 7 «А»

Күні: 13.04.2015

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбилеік: Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация, суреттер, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:

Оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру. (2 мин)

Өткен тақырып бойынша сұрақтар: (5 мин)

  1. Компьютерлік графика дегеніміз не?

  2. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша қандай негізгі салаларға бөлінеді?

  3. Компьютерлік графика нешеге бөлінеді?

  4. Растрлық графика дегеніміз не?

  5. Векторлық графика дегеніміз не?

  6. Фракталдық графика қалай түсінесіңдер?

Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін, оқушылар топтарға бөлінеді. Топтарға бөліну әдісі векторлық және растрлық суреттер бойынша жүзеге асады.

ІІ. Өткен сабақты бекіту.

Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Іскерлік графика

Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі

мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін, есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді - осы объектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрациялық материалдар /график, диаграмма/ жасалады.

Ғылыми графика

Бұл ең бірінші пайда болған бағыт.

Оның міндеті - объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с. түрінде қолданылады.



Көркемдік графика

Графикалық кескін жасау және редакциялау

үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер,

бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады












ҮШ ӨЛШЕМДІ ГРАФИКА

ЕКІ ӨЛШЕМДІ ГРАФИКА








Фракталдықграфика

Векторлық графика

Растрлық графика





Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Растрлық кескін дегеніміз - түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel Photo Paint


























Тапсырма 1. (8 мин) Растр және Вектор топтары тақтада тұрған Венн диаграммасы арқылы растрлық және векторлық графиканың артықшылығы мен ерекшелігін жазып, түсіндіреді.

Венн диаграммасы

Векторлық графика

Растрлық графика

Ұқсастығы


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (7 мин. - Inkscape программасымен танысу)

Растр және Вектор топтары, өз топтарының атына сай графикалық редактормен жұмыс жасайды. Растр тобы - Paint редакторымен, Вектор тобы - Inkscape редакторымен жұмыс жасайды.

Жаңа ұғым. Безье қисығы - ерікті қисық сызықтарды (векторларды) салуға мүмкіндік беретін графикалық редакторлардың маңызды құралдарының бірі. (5 мин. -безье қисығын түсіндіру)

Безье қисығы


Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау

Тапсырма 2. (10 мин.) Графикалық редакторларды қолданып, жапырақтың суретін салу. Жапырақ салу үшін Безье қисығын қолдану керек.

Растрлық графика

Векторлық графика

Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялауФигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау

IV. Жаңа сабақты бекіту. (5 мин.)

Графикалық редакторда жапырақтың суретін салып болғаннан кейін, оқушылардан сурет салу барысында кездескен қиыншылықтар туралы сұрау. Растрлық сурет пен векторлық сурет салуда кездескен айырмашылықтар мен ұқсастықтар.

Жаңа ұғым. Фракталдық графика - графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

V.Қорытындылау. (2 мин.)

Оқушыларды бағалау.

Үй жұмысы: Фракталдық графика туралы мәлімет іздеп келу. Фракталдық графикамен жұмыс жасайтын программалар.







© 2010-2022