Тарау бойынша 11-ші сыныптарға арналған тест жинағы

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11-сынып Информатика пәнінен тест сұрақтары

АҚПАРАТ ЖƏНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІСТЕР

1. Объектілерді ( заттарды, құбылыстарды, үдерістерді ұғымдар-ды) белгілі бір белгілеріне сәйкес топтарға бөлу жүйесі:

  1. топтастыру;

  2. реквизит;

  3. топтастырушы;

  4. тасымалдаушы;

  5. құрастырушы.

2. Топтастыру объектісі ретінде ақпаратқа тән бөлінген топтардың атауы:

  1. пайда болу орны;

  2. фасеттер;

  3. ақпараттық объектілер;

  4. иерархия;

  5. топтастырушылар

3. Реквизит:

  1. объектінің, үдерістің, құбылыстың және т.б. белгілі бір қасиет-терін сипаттайтын, логикалық жағынан бөлінбейтін ақпараттық элемент;

  2. топтастырушы топтардың атаулары мен кодтарының жүйелендірілген жиынтығы;

  3. объектілерді (заттарды, құбылыстарды, үдерістерді ұғымдар-ды) белгілі бір белгілеріне сәйкес топтарға бөлу жүйесі;

  4. модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын, ЭВМ көмегімен семантикаға жүгіну болып табылады;

  5. компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

4. Топтардың атаулары мен кодтарының жүйелендірілген жиынтығы.

  1. топтастырушы;

  2. топтастыру;

  3. реквизит;

  4. тасымалдаушы;

  5. құрастырушы.

5. Кез келген саладағы міңдеттердің шешімдерін қабылдау үдерісінде қажетті ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді, іздестіруді, беруді қамтамасыз етеді:

  1. программалық жасақтама;

  2. ақпараттық жүйелер;

  3. қолданбалы программалар;

  4. ақпараттық обьектілер;

  5. жасанды интеллект.

6. Модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу бағыты:

  1. жасанды интеллект;

  2. программалық жасақтама;

  3. ақпараттық жүйелер;

  4. қолданбалы программалар;

  5. ақпараттық обьектілер.

7. Әр түрлі объектілерден, процесстерден шығатын мәліметтер жиыны ол:

  1. ақпараттық процессор;

  2. сөздік;

  3. ақпарат;

  4. деректер;

  5. сигналдар.

8. Іздестіру жүйелері:

  1. интернеттен қажетті ақпаратты табу іздеу жүйесін пайдалану арқылы орындалады;

  2. ақпараттарды интернетке жүктеу жолдарын;

  3. ақпаратты көшіріп, сақтау;

  4. тасмалдаушылар көмегімен ақпараттарды тасу;

  5. ресурстардың тақырыптық каталогы және машиналары

9. Іздестіру жүйелерінің түрлері:

  1. интернеттен қажетті ақпаратты табу іздеу жүйесін пайдалану;

  2. ресурстардың тақырыптық каталогы, машиналары;

  3. кеңейтілген бүкіләдемдік өрмек, желі;

  4. желілік тасымалдаушалар, программа.

  5. ақпаратты көшіріп, сақтау.

10. World wide web аудармасы:

  1. ақпаратты іздеу түрлері;

  2. мәліметті көшіруге мүмкіндік;

  3. кеңейтілген бүкіләдемдік өрмек;

  4. интернеттен қажетті ақпаратты табу;

  5. ресурстардың тақырыптық каталогы.

11. Интернетте ақпарат көлемінің өсуі:

  1. күн сайын;

  2. сағат сайын;

  3. минут сайын;

  4. ай сайын;

  5. жыл сайын.

12. Интернет жүйесінде мәлеметтерді іздеуге арналған арнайы программалар:

  1. Word, Excel, Acces;

  2. Far, Norton commander, Bіos;

  3. Мәзір қатары, Саймандар тақтасы, Жұмыс аймағы;

  4. google, rambler, yandex;

  5. Wіndows, Wіndows Nt, Unіx, Ms Dos.

13. Іздеу жүйесіне сұраныс беру:

  1. белігілі мәліметті жазамыз;

  2. қандай сөз тіркесін табу керек екендігін көрсетеміз;

  3. мекен жай жолынан мәлімет сұрату;

  4. құрылған каталогтар тізімі;

  5. сілтемелер тізімі.

14. Іздестіру каталог дегеніміз

  1. кәсіби топтармен немесе жеке жинақтаушылармен құрылған тізімдер;

  2. сілтемелердің тематикалық жинағы;

  3. тақырыптары бойынша топтастырылған иерархиялық құрылым түрінде берілетін мәліметтер;

  4. сөз тіркесін табу түрі;

  5. іздеу машинасының жұмыс принципі.

15. Кәсіби топтармен немесе жеке жинақтаушылармен құрылған тізімдер:

  1. сілтемелердің тематикалық жинағы;

  2. іздеу машинасының іздеу приципі;

  3. кұрылған каталогтар тізімі;

  4. белгілі мәліметке сұраныс;

  5. құрылымдық құжаттар.

16. Іздеу машинасының бөлімдері:

  1. техника, құрылғы;

  2. аппарат, интернет;

  3. робот, іздеу механизмі;

  4. робот, техника;

  5. аппарат, робот.

17. http//yandex.ru/tdb/vtdbear.htm адресіндегі vtdbear.htm мәтіні:

  1. хаттаманы;

  2. компьютер атын;

  3. web беті;

  4. файл атын;

  5. қапшық атын;

18. Интернет стандарты бойынша жүзеге асырылып, желілерге жұмыс істеуге бейімделген:

  1. броузер;

  2. web парағы;

  3. хаттама;

  4. домен;

  5. мекен -жай.

19. Бүкіл әлемдік желіде әр сервердің өзіндік аатауы:

  1. файл атауы,

  2. домендік есім;

  3. броузер;

  4. мекен-жай;

  5. компьютер атауы.

20. Домендер:

  1. кәсіби топтармен немесе жеке жинақтаушылармен құрылған тізімдер

  2. сілтемелердің тематикалық жинағы;

  3. тақырыптары бойынша топтастырылған иерархиялық құрылым түрінде берілетін мәліметтер;

  4. екі әріп қосындыынан тұратын географиялық аймақтарды қамтиды;

  5. іздеу машинасының жұмыс принципі.







КОМПЬЮТЕР-АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ҚҰРАЛЫ

1. Бағдарламалық қамтамасыз ету(БҚ)

  1. бағдарламалардың ұйымдық жиынтығы, олардың мақсаты - компьютердің жұмысын басқару;

  2. компьютерде ақпаратты автоматтандырып өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы;

  3. бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, компьбтер атқаратын бағдарламаларға түрлендіру;

  4. белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы;

  5. компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

2. Компьютерлерге арнап дайындалған программалар кластары:

  1. жүйелік программалар, қолданбалы программалар;

  2. операциялық жүйелер, утилиттер;

  3. утилиттер;

  4. сервистік программалар;

  5. драйверлер.

3. Операциялық жүйе:

  1. бағдарламалардың ұйымдық жиынтығы, олардың мақсаты - компьютердің жұмысын басқару;

  2. компьютерде ақпаратты автоматтандырып өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы;

  3. бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату;

  4. белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы;

  5. компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа;*

4. Бағдарламалық қамтамасыз етудің бір бөлігі, оны пайдалана отырып бағдарламалар жасалады:

  1. программалау жүйесі;

  2. жүйелік программалар;

  3. утилиталар;

  4. сервистік программалар;

  5. қолданбалы программалар.

5. Бағдарламалау жүйелерінің мақсаты:

  1. компьютерде ақпаратты автоматтандырып өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы;

  2. компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқару.

  3. бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, компьютер атқаратын бағдарламаларға түрлендіру;

  4. белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы;

  5. бағдарламалардың ұйымдық жиынтығы, олардың мақсаты - компьютердің жұмысын басқару;

6. Адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

  1. бір міндетті операциялық жүйелер;

  2. жүйелік программалар;

  3. көп міндетті операциялық жүйелер;

  4. сервистік программалар;

  5. программалау жүйесі;

7. Көп міндетті операциялық жүйелер:

  1. тек бур ғана мәселені шешуге мүмкіндік береді;

  2. сыртқы құрылығылармен жұмыс жасау мүмкіндігі;

  3. бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді;

  4. пайдаланушыға компьютердің қолайлылығын туғызу;

  5. компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқару.

8. Белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы:

  1. қолданбалы;

  2. жүйелік;

  3. дестелік;

  4. сервистік;

  5. драйверлер.

9. Пайдаланушыға компьютердің қолайлылығын туғызу және оның ресурстарын ұтымды басқару кезінде пайдаланудың тиімділігін арттыруды орындайтын бағдарламалардың жиынтығы:

  1. дербес компьютер;

  2. виртуалды машина;

  3. қолданбалы программалар;

  4. операциондық жүйе;

  5. жүйелік программалар.

10. Нақты компьютердің бағдарламалық-аппараттық құралдарымен үлгіленетін, берілген пішіндемесі бар, ойға алған компьютердің қызметтік баламасы:

  1. ықтимал машина;

  2. дербес компьютер;

  3. желілік орта,

  4. интернет;

  5. іздеу машинасы.

11. Пайдаланушының жалпы интерфейсі:

  1. компьютерде ақпаратты автоматтандырып өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы;

  2. компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқару;

  3. бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, компьютер атқаратын бағдарламаларға түрлендіру;

  4. белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы;

  5. компьютерге командалар берудің стандартты әдісін, қосымшалар мен инструменттердің бірдей құрылымын анықтайды.

12. Қазіргі заманда ОЖ-ге қойылатын талаптар:

  1. процессорлар, жад, дискілік жинақтауыш, желілік коммуникациялық құралдар, принтерлер және басқа құралдар;

  2. үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы

  3. айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелігі, формальді орындалуы;

  4. сыйымдылық, көшірушілік, сенімділік пен бас тартуға төзімділігі, қауіпсіздік, ұлғайтылымдығы;

  5. айқындығы, мақсатталығы, тиістілігі, жалпыға бірдейлігі.

13. Программалау жүйелерінің пайдаланушыларын:

  1. программалаушылар;

  2. қолданушылар;

  3. орындаушылар;

  4. жазушылар;

  5. композиторлар.

14. Компьютердің сыртқы құрылғылардың басқару үшін арнайы жүйелік бағдарлама:

  1. драйверлер;

  2. утилиталар;

  3. компилятор;

  4. интерпритатор;

  5. серверлер.

15. Операциялық жүйе түрлері:

  1. Word, Excel, Acces;

  2. Far, Norton commander, Bіos;

  3. Проводник, Менің компьютерім, Тапсырмалар тақтасы;

  4. Мәзір қатары, Саймандар тақтасы, Жұмыс алабы;

  5. Wіndows, Wіndows Nt, Unіx, Ms Dos.

16. Прораммалау жүйелері:

  1. құралдар тақтасындағы батырма;

  2. программалау тілдері мен арнайы программаларды құрайды;

  3. программалу тілдерінің түрі;

  4. компьютердің операциялық жүйесі;

  5. адаммен компьютер қарым-қатынасы.

17. Компьютерге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған прграмма пакеттері.

  1. жалпы мақсаттағы программалар;

  2. аспаптық программалық жасақтама;

  3. қызметші программалар;

  4. мәселелік бағытталған программа;

  5. программалық жасақтама.

18. Қазіргі уақытта қолданбалы программалық жасақтаманың қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі:

  1. интегралданған;

  2. жаңартылған;

  3. әмбебап;

  4. жан жақты;

  5. көп қолданатын.

19. Утилиттер - бұл:

  1. редакторлар.

  2. қосымша программалар;

  3. трансляторлар.

  4. компиляторлар.

  5. модульдар.

20. Компьютердің жұмысын атқаратын программалардың атауы:

  1. RAM (Random Access Memori);

  2. Hardware;

  3. ROM (Red Onli Memori);

  4. Software (программалық жасақтама);

  5. CD -ROM.



АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖƏНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ

1. Мәліметтер қоры дегеніміз не:

  1. арнайы түрде ұйымдастырылған жазбалар жиымы;

  2. арнайы түрде ұйымдастырылған файлдар жиымы;

  3. арнайы түрде ұйымдастырылған символдар жиыны.

  4. арнайы түрде ұйымдастырылған жазбалар мен файлдар жиымы;

  5. арнайы түрде ұйымдастырылған жиыны.

2. Access-те мәліметтер базасы (МБ) - дегеніміз ...

  1. форматтауға, түзетуге және дискіде сақтауға болатын мәтіндік құжат;

  2. кестелік мәліметтерді сақтауға арналған кітапша;

  3. СУБД (МҚБЖ) мәліметтерін, объектілерін және олардың параметрлері мәндерін сақтауға арналған файл;

  4. мәліметтерді сақтауға арналған стандартты блок;

  5. мәліметтерді көрсету блогы.

3. Access - те кесте дегеніміз ...

  1. мәліметтерді сақтауға арналған стандартты блок;

  2. тұтынушы анықтайтын шарттар көмегімен бір немесе бірнеше кестелерден мәліметтерді таңдау құралғы;

  3. мәліметтерді сақтауға арналған стандартты блок;

  4. мәліметтерді баспаға шығару кезінде оларды көрсету құралы;

  5. мәліметтер базасының негізгі объектісі, өрістер мен жазбалардан тұратын информацияны сақтау қоймасы.

4. MS Access-тің негізгі элементі:

  1. форма;

  2. өріс;

  3. жазу;

  4. макрос;

  5. кесте.

5. Кез-келген мәліметтер базасының негізгі объектісі:

  1. макростар;

  2. есептер (задачи);

  3. кесте (таблица);

  4. қалыптар (формы);

  5. сұраныс (Запрос).

6. Access мәліметтер қорының негізгі объектілерін атањыз:

  1. кестелер, есеп берулер, макростар және модулдер;

  2. кестелер, сұраулар, есеп берулер, формалар, макростар және модулдер;

  3. сұраулар, формалар, есеп берулер;

  4. кестелер, сұраулар, макростар және модулдер;

  5. кестелер, есеп берулер, макростар және формалар.

7. MS Access - те өңделетін объект кеңейтілуі бар файл:

  1. .mdb;

  2. .doc;

  3. .txt;

  4. .ppt;

  5. .xls.

8. Қасиеттер индексі өрісінде «Да» немесе «Нет» қасиетін беру:

  1. Конструктор - режим таблицы менюлері арқылы;

  2. Таблица - конструктор менюлері арқылы;

  3. Таблица - режим таблицы менюлері арқылы;

  4. Форма - режим менюлері арқылы;

  5. Форма - конструктор менюлері арқылы.

9. Access - тегі жазба бұл:

  1. таблицаның қатарына (жолына) жазылған мәліметтер;

  2. объекті әдістері мен қасиеттері;

  3. базаны толтыруда берілген өрісті міндеттілікпен толтыруды анықтайтын қасиет;

  4. объектінің физикалық құрылымы;

  5. деректер типтері.

10. Сандық, мәтіндік, гипермәтіндік, логикалық MEMO өрісінің атқаратын қызметі:

  1. мультимедиялық объектілерді сақтау;

  2. интернеттің web-объектілерінің URL адрестерін сақтау;

  3. мәтіннің үлкен көлемін сақтау;

  4. логикалық деректерді сақтау;

  5. бұл объектті автоматты түрде енгізу.

11. Кез-келген мәліметтер базасының негізгі объектісі:

  1. макростар;

  2. есептер (задачи);

  3. кесте (таблица);

  4. қалыптар (формы);

  5. сұраныс (запрос).

12. Сұраныстың ерекшелігі неде?

  1. арнаулы безендіру элементтері бар;

  2. негізгі кестелердегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады;

  3. мәліметтер базасының құрылымын анықтайды;

  4. қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады;

  5. операцияларды автоматтандырады.

13. Бастапқы кілт анықтамасы:

  1. Объектінің физикалық құрылым;

  2. желілік қорлардағы кестелік деректердің байланысы;

  3. мәні қайталана алмайтын өріс;

  4. жазбаларды жоюға белгіленген өріс;

  5. кестелік деректерді ұлықсатсыз қатынаудан қорғау.

14. Access-те санауыш (счетчик) дегеніміз:

  1. кестедегі жазбалар нөмірінен тұратын өріс;

  2. сандық мәліметтерді енгізіге арналған өріс;

  3. кестелерде жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс;

  4. графикалық мәліметтерді енгізіуге арналған өріс;

  5. сұраныстағы жазбалар нөмірінен тұратын өріс.

15. Access -те модуль дегеніміз:

  1. ішкі программа;

  2. логикалық деректер;

  3. деректер типі;

  4. мәліметтер түрі;

  5. сұрату құрылымы.

16. HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары

  1. таңба;

  2. тег;

  3. файл;

  4. жарлық;

  5. символ.

17. Бұрыштық жақшалар деген:

  1. тегтерге қолданылатын белгілі амалдар;

  2. барлық тег "кіші" (<) символынан басталады да, "үлкен" (>) символымен аяқталуы;

  3. қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код;

  4. қаріптің мордификациясы жайлы браузерге берілетін нақты нұсқаулар;

  5. жаңа абзацты алдынғы мәтін жолдарынан бөліп тұрады.

18. Жабу тегтерінде қолданылатын символ:

  1. қиғаш (/) сызық;

  2. түзу (|)сызық;

  3. жұлдызша (*);

  4. қоснүкте (:);

  5. көлденең (-) сызық.

19. Тэг - ол:

  1. браузерге орналасқан мәтіндегі бейнелеуді көрсететін басқарушы символ;

  2. интернетте мәтін жазуға арналған таңба;

  3. қаріптің мордификациясы жайлы браузерге берілетін нақты нұсқаулар;

  4. парақ құруда қолданылатын белгі;

  5. графикалық мәліметтерді енгізіуге арналған өріс;

20. Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын тіл:

  1. Паскаль;

  2. Фортран;

  3. СИ++;

  4. HTML;

  5. VisualBasic.

21. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне аударғанда мағынасы:

  1. кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек;

  2. гипермәндік белгілеу тілі;

  3. интернеттен ақпаратты іздеу;

  4. желілік орта;

  5. қосымша элементтерді басқару.

22. НТМL файлы:

  1. exe немесе com кеңейтілуі құжат;

  2. txt немесе doc кеңейтілуі құжат;

  3. ppt немесе txt кеңейтілуі құжат;

  4. doc немесе com кеңейтілуі құжат.

  5. htm немесе һtml кеңейтілуі құжат.

23. Қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін:

  1. атрибуттар;

  2. сипаттамалар;

  3. гипермәтін;

  4. белгілер;

  5. смволдар.

24. Ағымдағы мәтін ішіндегі кейбір жолдарда қолданылып отырған қаріптің көлемін 1-ден 7-ге дейін мөлшерде өзгерту мүмкіндігін береді:

  1. тэгі;

  2. тэгі;

  3. тэгі;

  4. тэгі;

  5. тэгі.

25. Абзац тэгі келесі жолға көшу ісін орындаумен қатар жаңа бос жол енгізіп, жаңа абзацты алдынғы мәтін жолдарынан бөліп тұрады:

  1. тэгі;

  2. <А> тэгі;

  3. <Н> тэгі;

  4. <М> тэгі;

  5. <U> тэгі7

26. тэгіне FACE атрибутын қосу ақылы орындалады:

  1. қаріп түсін беру;

  2. қаріп типін өзгерту;

  3. беттің басы мен соңы;

  4. бет мазмұны;

  5. кесте құру.

27. тегінің сипатталуы:

  1. бетті сипаттау;

  2. бет аты;

  3. бет мазмұны;

  4. бетті жабу;

  5. беттің басы мен соңы.

28.тэг сипатталу:

  1. кесте өзінің ішкі құрылымы мен мазмұнын сипаттайды;

  2. кестені құру және толықтыру;

  3. кез келген кесте оның ұяшықтарын сипаттайды;

  4. кестедегі бөлгіш сызықтар;

  5. ұяшықтар пішімі мен мазмұны.

29. (Table Row) тэгімен берілетін жолдардан тұрады.

  1. кесте өзінің ішкі құрылымы мен мазмұнын сипаттайды;

  2. кестені құру және толықтыру;

  3. кез келген кесте оның ұяшықтарын сипаттайды;

  4. кестедегі бөлгіш сызықтар;

  5. ұяшықтар пішімі мен мазмұны.

30. Ұяшықтар пішімі мен мазмұны

  1. тэгінде;
  2. тэгінде;
  3. М> тэгінде;
  4. тэгінде.

© 2010-2022