10 классы по инфоррматике поуррочный планы

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№9 сабақ

Сыныбы: 10 «Ә» Күні:01.11.14ж Мұғалімі: Ахметова А.С. Тексерген: ________

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Cабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушы білімдерін өткен тақырыптар бойынша бақылау сұрақтарын беру арқылы тексеру;

Дамытушылық: Оқушыларға өткен тақырыптарды қайталата отырып, білімдерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Өткен материалдар бойынша бақылау сұрақтары

  3. Үйге тапсырма

Өткен материалдар бойынша бақылау сұрақтары:

І - нұсқа

  1. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың қандай түрлерін білесің?

    • жүйелік;

    • қолданбалық.

  2. Операциялық жүйелердің (ОЖ) негізгі қызметі туралы айт.

    • физикалық;

    • логикалық;

    • есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару.

  3. Логикалық ресурстарға нелерді жатқызуға болады?

Логикалық ресурстарға: программалар, файлдар, оқиғалар жатады

  1. Жүйелік жабдықтама деп ...

    • операциялық жүйелерді,

    • желілік программалық жабдықтаманы;

    • сервистік программаларды;

    • программаларды жасақтау құралдарын қосатын программалық жабдықтама болып табылады.

  2. Тілді жүзеге асыру құралы дегеніміз не? Олар қалай бөлінеді?

Тілді жүзеге асыру құралы - бұл жоғары дәрежелі тілдердегі жазбаларды машиналық командалар тізбегіне айналдыратын жүйелік программа. Олар компиляторлар мен интерпретаторлар болып бөлінеді.

  1. Компилятор дегеніміз не?

Компилятор үздіксіз процесс барысында жоғары дәрежелі тілде жазылған программаның мәтінін аударады.

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

ОЖ дегеніміз -

  1. WINDOWS терезелерінің түрлерін ата.

    • Қосымша терезе;

    • Құжат терезе;

    • Диалогтік терезе;

    • Жүйелік хабарлар терезесі.

  2. Жұмыс үстелінің үлгілік белгішелерін атаңдар. «Терезе» ұғымына анықтама беріңдер?

Интерфейстің негізі - Жұмыс үстелі. Онда таңбашалар, белгішелер, папкалар болады. Мой компьютер, Сетевое окружение, Корзина белгішелері типтік белгішелер болып табылады. Терезе - экрандағы төртбұрышты аймақ.

  1. Алмасу буфері дегенімізі не?

Алмасу буфері дегеніміз - көшірме жасау барысында уақытша сақтауға арналған жедел жадтың бір бөлігі.

ІІ - нұсқа

  1. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың қандай түрлерін білесің?

    • жүйелік;

    • қолданбалық.

  2. Физикалық ресурстарға нелер жатады?

Физикалық ресурстарға: жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады.

  1. Сервистік программалар не үшін қолданылады?

ОЖ-дің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер жиынын ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады.

  1. Қолданбалы жабдықтама дегеніміз не, оған қандай программаларды жатқызуға болады?

Қолданбалы деп - белгілі бір қызметтер саласының белгілі бір мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама аталады.

  • Мәтіндік процессорлар;

  • Кестелік процессорлар;

  • Графикалық процессорлар;

  • Деректер базасын басқару жүйелері;

  • Сараптау жүйелері;

  • Математикалық есептеулер жатады.

  1. Тілді жүзеге асыру құралы дегеніміз не? Олар қалай бөлінеді?

Тілді жүзеге асыру құралы - бұл жоғары дәрежелі тілдердегі жазбаларды машиналық командалар тізбегіне айналдыратын жүйелік программа. Олар компиляторлар мен интерпретаторлар болып бөлінеді.

  1. Интерпретатор дегеніміз не?

Интерпретатор программаның операторын бір-бірлеп ретпен талдайды. Сонымен қатар жоғары дәрежелі тілде жазылған әрбір синтаксистік құрылымды машиналық кодқа бірінен соң бірін орындай отырып айналдырады.

  1. Процедуралық программалауды қай жылдары, кім ұсынған?

Процедуралық программалау 40 жылдары Фон Нейман ұсынған дәстүрлі ЭЕМ сәулетінің бейнесі.

  1. Қазіргі заманға ОЖ-ге қандай талаптар қойылады?

  • сыйымдылық;

  • көшірушілік;

  • сенімділігі мен бас тартуға төзімділігі;

  • қауіпсіздік;

  • ұлғайтылымдығы;

  • өнімділігі.

  1. Папка, файл мен таңбашаның арасындағы айырмашылық қандай?

Папка - обьектілер жиыны. Папка ашық және жабық түрде болады. Ашық папка белгіше түрінде, жабық папка терезе түрінде бейнеленеді. Таңбашалар мен белгішелер ярлык деп аталады. Таңбашалар Windows-тің әртүрлі обьектілеріне тез шығуды қамтамасыз етеді.

  1. Алмасу буфері арқылы мәліметтер алмасу қалай жүзеге асырылады?

Алмасу буфері арқылы мәліметтер алмасу төмендегідей жүзеге асырылады:

  • Қосымша-түпнұсқада деректер үзіндісін ерекшелеу керек.

  • Ерекшеленген үзіндіні Правка-Копировать немесе Правка-Вырезать, саймандар қатары арқылы және тышқанның оң батырмасын басып Копировать командасымен көшірмелеу керек.

  • Керекті орынға көшіп, меңзерді буфердегі деректерді қою қажет болатын жерге орналастырып, Правка-Вставить командасын орындау керек.

Үйге тапсырма: 1.1-1.5.2 тақырыптарды қайталап оқу.


© 2010-2022