Документ по информатике на тему Шығармашылық жұмыс

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деп Мұхтар Әуезов ағамыз айтқандай, еліміздің бесігі ол - мектеп. Ал, мектеп білім ордасы. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылық пен оқу - тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі орта мектепте информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландырумен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Ақпараттық мәдениет деңгейі кез келген мемлекеттің дамуының басты дәлелі болып отыр. Біздің еліміз үшін де басты міндеттерінің бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру. Сондықтан жаңа ақпараттық технологияларды (ЖАТ) информатика пәнін оқытуда төмендегідей шығармашылық тақырыпты таңдап алдым:

«Оқушыларды қашықтықтан оқыту арқылы өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру»

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі технологиялар дамыған заманда оқушылардың компьютерді қолдануы және бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіншілігі жоғары. Сонымен қатар телекомуникациялар жүйесі қарқынды дамып, интернет жүйесі әр тұтынушыға ұсынылып, әр оқушы интернет жүйесіне кіруіне мүмкіншілік туып отыр. Осындай мүмкіншілікті пайдаланып, ЖАТ қолданып, қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану.

Мақсаты: Информатика пәнін қашықтықтан оқыту арқылы оқушыларды өз бетімен қашықтықтан білім алуға және алған білімдерін тексеруге, оны практикада қолдана алуына дағдыландыру.

Қашықтықтан оқытудың міндеттері:

  • қашықтықтан оқыту технологиясының ерекшелігі мен мәнін анықтау;

  • локальді желі мен интернет жүйесінің мүмкіншіліктерін пайдалану;

  • қашықтықтан оқыту технологиясын деңгейлеп, саралап оқыту технологиясымен байланыстыру;

  • пән аралық байланыстарды арттыру;

  • қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін анықтау;

  • қашықтықтан оқыту технологиясы түрлерін жүзеге асырудың ұтымды әдістерін ұсыну;

  • қашықтықтан меңгертудің сапалылығы мен тиімділігін педагогикалық тәжірибе жүзінде дәйектеу;

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:

  • кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;

  • оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар-дың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;

  • білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.

Қашықтықтан оқыту - мұғалімнің оқушымен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым - қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология.

Қашықтықтан оқыту технологиясы екі технологияға бөлініп оқытылады.

Желілік технология - дәріс алушы оқушылардың мұғаліммен және бір-бірімен интерактивті қарым-қатынас түрінде локальді желіні колдану негізінде оқу үрдісін басқаруда оқу-әдістемелік материалдармен қамтасыз ету технологиясы.

Кейс технологиясы - интернет ғаламторындағы «инфоратика пәнін оқыту әдістемесі» атты сайт арқылы, электронды, өзге де жеткізу түрінде және оларды өздік оқитын білім алушылар үшін жіберілетін мультимедиялық оқу - әдістемелік материалдар жиынтығы негізінде жинақталған технология.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а)электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияны оқу - тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web -сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы:

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет.




Ақшұқыр мектеп - лицейі











Шығармашылық эссе


«Оқушыларды қашықтықтан оқыту арқылы өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру»










Орындаған: Юсупова Жумагул Идресовна





2014 - 2015 оқу жылы

© 2010-2022