«Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С«Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»апар Байжанов атындағы

№162 мектеп-гимназиясы


«Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»



Тақырыбы: «Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс тәсілдері.

Қаріп, абзац»

«Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»



Информатика пәні мұғалімі: А.А.Абижанова

Алматы қаласы

«Біле бер, қанша білсең - тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле, біле»

Жүсіп Баласағұни

Сабақтың тақырыбы: «Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: Оқушыларға Wordpad мәтіндік редакторында жұмыс істеуге үйрету, әріптің кескінін, өлшемін қоюды үйрету.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың Wordpad мәтіндік редакторы туралы ой-өрісін, есте сақтау және зейіндік қабілетін дамыту.

В) Тәрбиелік: Оқушыларды уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерде сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: шар, слайд, үлестірмелер.

Сабақтың көрнекі құралдары: дербес компьютер, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс

  1. Жаңа сабақты бекіту

  2. Оқушыларды бағалау

  3. Үйге тапсырма беру

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу;

  2. Оқушыларды түгендеу;

  3. Сынып тазалығына көңіл бөлу;

  4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

1. Орналасқан сандар бойынша жолдар қатарының анықтамасын айтыңыз? 8 жолдың анықтамасын айту

«Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»

2. Сұрақтар:

Берілген батырмалардың орындайтын командасын айтыңыз.

ENTER - жаңа жолға көшу

SHIFT - бас әріптерді теру

CAPS LOCK - бас әріптер режиміне ауысу

BACKSPACE - меңзердің сол жағындағы символды өшіру

DELETE - меңзердің оң жағындағы символды өшіру

ІІІ. Жаңа сабақ.

Cонымен біз мәтінді тердік. Ал енді құжатымызды қалай әдемі тартымды етеміз?

Оларды ретімен қарастырайық

Біріншіден, пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады: Контекстік мәзір лентасындағы бұйрықтар батырмаларын шерту.

Екіншіден пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін тағайындалу немесе енгізілгеннен кейін (бұл жағдайда мәтін алдымен ерекшеленуі керек) орындалуы мүмкін.

Әріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады.

«Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»

Экранда әріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтуге де, кішірейтуге де болады. Ол үшін

«Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»батырмасын қолданады.

Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың, әріптердің әлпетін, яғни жартылай қою, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Сонымен бірге мәтінді беттің шетері бойынша тегістеуге болады. Пішімдеудің ең жылдам әдістері пішімдеу құралдар тақтасындағы «Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац» «Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац» «Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац» батырмаларды қолдану.

«Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»

Мәтінді туралау үшін «Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац» «Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац» «Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац» батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат-Абзац командалары арқылы да орындауға болады.

Мәтінді пішімдеуді мәтін енгізілместен бұрын да, енгізілгеннен кейін де анықтауға болады. Мәтін енгізгеннен кейін пішімдеу керек болса, пішімделетін мәтін бөлігін алдымен белгілеп алады.

«Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»«Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»

Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттерін орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

«Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»«Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац»

Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал - саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат-Абзац командасы арқылы да орындауға болады.

ІV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс


  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Мәтіннің атын жуан көк түсті әріппен ерекшелеңдер.

  3. Мәтіннің негізгі бөлігінде әріптің мөлшері - 12.

  4. Мәтінді «Кодтау» деген атаумен сақтаңдар.


Кодтау

Ақпарат алмасқанда ақпарат шығу көзінен байланыс арнасы арқылы қабылдағышқа жөнелтіледі. Мұнымен байланысты бұл үдерістің 3 қатысушысын қарастыруға болады: ақпарат көзі (жіберуші жақ), байланыс қабылдағышы (қабылдаушы жақ), байланыс арнасы (ақпарат тасушы құралдар жиыны).


V. Жаңа сабақты бекіту

Жаңа сабақты бекіту кезеңі екі бөлімнен тұрады:

1. Ой - толғаныс сатысы деп аталады. Берілгені 4 сұрақ, бүгінгі сабақта өткен сұрақтар бойынша жауап береді.


Мәтінді абзацтау батырмасы қандай жолда орналасқан?

Сұрақтарға жауап бер

Қаріп түрлері қалай таңдаймыз?

Мәтінді бейнелеу түсін қалай таңдауға болады?

Мәтінді пішімдеу деп нені айтамыз ?


2. «Құпия алаң» өткен және алдыңғы өткен тақырыптар бойынша 14 сұрақ жасырылады. Кез-келген оқушы бұл сұрақтарды таңдап жауап бере алады.

VІ. Оқушыларды бағалау

Сабаққа қатысқан барлық оқушыларды бағалау.


VІІ. Үйге тапсырма

1. ««Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзац» тақырыбын оқу

2. «Wordpad» сөзіне сөзжұмбақ, ребус құрап келу.




© 2010-2022