Паскал программасы бойынша аудандық семинар

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектебінде «Паскал программалау тілінде есептер шығару» тақырыбында информатика пәні мұғалімдерінің семинар-практикумы өтілуі туралы

анықтама.

2016жылдың 13 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектебінде Сырым аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Г.С.Жагиеваның ұйымдастыруымен информатикадан жас мамандарға аудандық семинар-практикум өтті. Бұл семинар практикумға аталған ауданның информатика пәні жас мұғалімдері қатысты. Жалпы жас мамамандар саны-4 мұғалім.

Алдымен әдіскер Г.С.Жагиева жас мамандармен таныстырып, 2015-2016 оқу жылы жоспарының орындалуын және алдағы орындалатын міндеттермен таныстырып өтті. Кейін «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы І-маусымының тыңдаушысы Р.Ж.Атмахова аталған мектептің мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар информатика пәні мұғалімдерінің алдында тұрған міндеттерді және негізгі проблемаларды атап өтті. «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің тыңдаушылары Р.Ж.Атмахова жетекшілігімен бірінші семинарға қатысып отырған мұғалімдерге тест жұмысы берілді. Тесттің қорытындысы бойынша оларға сызықтық программалау тақырыбы бойынша бағдарлама құруға 10 есеп берілді. Мұғалімдер есептерін шығарып, түсінбегендерге тақтаға шығарып, құрылған программаларды компьютерге салып, орындап көрсетті.

Семинар-практикум соңында мұғалімдер өз пікірлерін ортаға салды. Паскаль программалау тілінде шығаруға бұндай семинар-практикумның керек екенін және жие өткізіліп тұруына ұсыныстарын білдірді. Паскал программасы бойынша аудандық семинарПаскал программасы бойынша аудандық семинар

Анықтама беруші:Аралтөбе ОМ информатика пәнінің мұғалімі Атмахова Р.Ж.

© 2010-2022